Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Төкпе дәстүрінде күй тартып үйрену. Сейтек. «Той бастар» талдау

Тақырыбы: Төкпе дәстүрінде күй тартып үйрену. Сейтек. «Той бастар» талдау.
Мақсаты: Оқушыға дәстүрлі күйшілік өнерді, күйшілік мектептерді түсіндіру, соның ішіндегі төкпе дәстүрінде күй тартуды үйрену және буындарды меңгеру.
Күтілетін нәтиже: Күйшілік дәстүрдегі мектептерді біледі, күйдің құрылымын айыра біледі, 2 үлкен дәстүрді ажырата біледі.
Көрнекілік: Интерактивті тақта, домбыра аспабы.

Сабақтың барысы: Сәлемдесу, оқушыны отырғызу, үй тапсырмасын тексеру. «Этюд» Т. Мергалиев, Гамма «У - dur» 2 түрлі пициккатомен тарту. «Этюд» деген сөз қай тілден аударылған? Жақсы, қане тартып көрсете - ғой. Нотаға қарап мұқият қағыстарына альтерация, белгілеріне көңіл бөліп қара. Енді үйге тапсырма гаммада берілді солай ма? Қандай гамма тартамыз? Дұрыс «У - dur» гаммасы.
У - dur гаммасында неше альтерация белгісі бар? Иә, 2 белгі (фа - диез), қандай штрихтармен ойнаймыз? (Б. Б пицциккатосы, С. С пициккатосы). Неше октавалық гамма? Жақсы (1 октавалық). Қане орындай ғой. Енді арпеджиосын тарта ғой. Жақсы, дұрыс.
Біздер этюд, гамма тартпастан бұрын қандай шағын шығармалар орындадық. Иә, дұрыс Кабалевскийдің «Маленькая полькасы» және Калинниковтың «Тень - тень» шығармасын. Қане осы шығармаларды есімізге түсірейікші.
Қазақтың домбыра аспабында орындалатын негізгі өнер қандай? Білеміз бе? Дұрыс күй өнері.
Домбыра тарту өнерінің негізгі - күйшілік. Күй – домбыра, қобыз, сыбызғы т. б қазақ халық аспаптарында орындалатын музыкалық жанр. Күй мазмұны мен құрылысы жағынан әртүрлі болып келеді. Онда табиғат құрылыстары (Алатау, Саржайлау, Көбікшашқан) тарихи күйлер (Ел айырылған, Жеңіс) халық мерекелері (Той бастар, Балбырауын) жан - жануарлар (көкалаат, Аққу, Қоңырқаз), жеке адамдарға (Байжұма, Абыл) т. б түрлі оқиғалар мен құбылыстар суреттеледі.
Қазақтың аспаптық музыкасы ХVІІІ ғасырдың соңында жоғары деңгейде көтерілді. Бұл кезде Байжұма, Есжан, Ұзақ, Боғда сияқты күйшілердің атағы халыққа кеңінен таралған.
ХІХ ғасырда ежелгі күйшілік өнердегі ірі тұлғалар елеулі үлес қосты. Домбыра күйлері орындалу мәнері мен құрылымдық ерекшеліктеріне қарай 7 мектеп қалыптасқан:
1. Батыс Қазақстан мектебі – Құрманғазы
2. Төре мектебі – Дәулеткерей
3. Маңғыстау мектебі – Абыл
4. Шығыс Қазақстан мектебі – Байсерке
5. Ақтөбе мектебі – Қазанғап
6. Арқа мектебі – Тәттімбет
7. Қаратау мектебі – Сүгір.

Осы 7 мектеп 2 үлкен дәстүрге бөлінеді, төкпе және шертпе күйлері. Яғни бүгін біздің өтетін тақырыбымыз төкпе дәстүрінде күй тартып үйрену. Төкпе күйлер тұрақты екпін мен өлшемде, оң қолдың тұтас сілтенуімен орындалады, төкпе күй өзінің құрылымдық өзгешелігіне байланысты бас, негізгі, ортаңғы буын, кіші және үлкен саға деп аталатын бөлімдерден тұрады. Бас буында күндік кіріспесі мен ырғақтық жобасы, ал негізгі буында тақырып негіздері беріліп, ортаңғы буында олар әрі жалғасады. Кіші сағада күй тақырыбы бір шамадамып, үлкен сағада өз даму сатысының шарықтау биігіне көтеріледі. Енді осы төкпе дәстүрінде күй тартып үйренейік. Бүгінгі біздің қарайтын күйіміз Сейтектің күйі «Той бастар». Сейтек Оразалыұлы (1861 ж) Батыс Қазақстан облысы, Бөкей орда ауылында дүниеге келген композитор, біздің жерлесіміз. Заманның зардабын көп шеккен күйші бабаларымыздың бірі. Оның «Шәрипа», «Ортпа», «Айша», «Арман», «Бүлбүл», «Бес қыз» деген күйлері бар. Бүгін біздер Сейтектің «Той бастар» күйін талдаймыз. «Той бастар» күйі халықтың мерекелік күйлерге жатады. Аспапта талдамас бұрын ауыз шаталдап алайық. Күйдің екпіні, қағысы, өлшемі қандай? Иә, жақсы. Қандай альтерация белгісі бар? Өлшемді қалай санаймыз? 1, 2, 3 дұрыс. Домбыра аспабын тартуды үйреніп бастағанда қандай өлшемдермен таныстық, бұл өлшемдер жәй өлшемдерге жатады солай ма? Үй тапсырмасына берілген. «Этюд» қандай өлшемде жүреді? Дұрыс, өлшемдері күрделі өлшемдерге жатады. Қағысы қандай? Пvv қағыс яғни қара қағыстың түрлеріне жатады. Енді күйдің құрылымына қарайық. Қай буында басталады, ырғағы қалай жүреді? Ширек, сегіздік және үш сегіздік нота. Қане енді мұқият нотаға қарап, ойнаймын. Санап ойна, алдымен қолымызды соғып ырғақты сезінейік. Енді осы ырғақты асбапқа ашық ішекте соғып көрейік. Жақсы енді күйімізді жайлап тартып көрейік. Бас буында басталады қандай дыбыстан? Иә, жақсы қағысына қара мұқият. Жалпы қандай күй болмасын қағысты дұрыс тарту керек, себебі қағысын дұрыс алмасаң, күйдің құрылымы, әуені бұзылады. Күйді сағаға дейін талдау.

3. Қорытынды: Жақсы, енді жаңағы өткен тақырыбымызды, үй тапсырмасын қалай меңгергенімізді қорытайық. Мына тақтаға қараймыз. Мында аспаптардың атаулары берілген. Бес аспаптың аты жазылған, осы аспаптардың астында сұрақтар берілген, бүгінгі тақырыбымыз бойынша.
Қай аспаптан бастайсың өзің таңдай ғой?
1. Домбыра аспабында орындалатын негізгі өнер? (Күйшілік өнері)
2. «Этюд» дегеніміз не?
3. Сейтек қай өңірдің композиторы?
4. Күйшілік өнердің неше мектебі бар?
5. Күйдің құрылымы неше бөлімге бөлінеді?
Жарайсың бүгінгі сабағымыздың тақырыбын жақсы меңгерген екенсің.

4. Бағалау
5. Үйге тапсырма: Т. Мергалиев «Этюд» жатқа тарту, гамманы қайталау. Сейтек «Той бастар» күйді сағаға дейін нотамен тарту. Сағадан аяғына дейін өз бетімен талдау.

Батыс Қазақстан облысы,
№ 3 Теректі аудандық балалар саз мектебі
Домбыра Пәні мұғалімі
Идрисова Светлана Аманжоловна
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала-бақша, балабақша, балабақшаға арналған, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертеңгілік, математика, презентация, сабақ, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, технология, тәрбие, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, әдебиет, әдебиеттік оқу

Барлық тегтерді көрсету