Сайтқа кіру Тіркелу

загрузка...

Мектеп жасына дейінгілер мен бастауыш сынып арасындағы сабақтастық жұмыстары және оны жүзеге асыру

Мектеп жасына дейінгілер мен бастауыш сынып арасындағы сабақтастық жұмыстары және оны жүзеге асыру

Сабақтастық дегеніміз, біріншіден, екі буын арасындағы ортақ мақсат міндеттер, ортақ мазмұндық жүйе, баланы жүйелі сатылы дамыту, бір буыннан екінші буынға неғұрлым сәтті өтуге бағыттау, екіншіден білім берудің әдістемелік жүйесінің әрбір компонентінің үйлесімділігі.

Ә. Бидосов былай деген “Сабақтастық дегеніміз – мектеп жасына дейінгілер мен бастауыш мектептегі пәндерді оқытудың әр түрлі сатысында балалардың білімдерінің арасында қажетті байланыстар мен қатынастар орнату”.

Балалар білім икемдігі мен машықтарын пайдалану және одан әрі дамыту кезінде олардың оқу ісінде әр алуан байланыстар орнату, жаңа білім мен бұрынғы білімді өзара байланыстыру. Сонымен бірге, білімді кеңейту мен тереңдету, оқығандарды жаңа, жоғары деңгейде байыптау”.
Балабақша мен мектеп арасындағы байланыс формаларының сабақтастығын екі өзара байланысты аспектіге бөлуге болады: ақпараттық – ағартушылық және практикалық.

Бірінші аспект, мұғалімдер мен тәрбиешілердің оқу - тәрбие жұмысының міндеттерімен өзара танысуын, балабақшаның жоғарғы топтары мен мектептің бірінші сыныбы бағдарламалар мазмұнын зерттеуді болжайды. Осы мақсатқа байланысты мынадай формалары мұғалімдер мен тәрбиешілердің біріккен педагогикалық кеңестерінде балалардың мектепке дайындығы мәселесі бойынша қатысуы, дәрістермен өзара алмасуы және т. б. жұмыстарды жүзеге асыру керек.

Екінші, тәжірибелік аспект – бір жағынан мұғалімдердің балабақшада өздерінің болашақ оқушыларымен алдын ала танысу, екінші жағынан, тәрбиешілердің бұрынғы тәрбиеленушілерді бақылап отыруымен бейнеленеді. Берілген мазмұнды жүзеге асыру формалары: мұғалімдердің болашақ оқушылармен танысу үшін балабақшадағы дайындық топтарға жүйелі қатысуы, олардың іс - әрекетін бақылау, балалардың диагностика - ларының нәтижелерімен және мінездемелерімен танысу.

Қазіргі оқу тәжірибесінде мектепке дейінгі және бастауыш мектеп оқуындағы сабақтастықты жүзеге асыруда негізгі екі бағыттарын белгілеуге болады. Олардың біріншісі, балалар дамуының темптерін көбейту және мектепке дейінгі мекемелердің мектептегі оқудың талаптары мен ерекшеліктеріне жету міндеттерінен тұратын тәжірибеге сүйенеді. Екінші, бастауыш мектепке дейінгі білімдер, іскерлік және дағдыларды дамыту тактикасына негізделеді. Мұнда В. В. Давыдовтың белгілеуі бойынша, бастауыш мектеп оларды жүйелейді және жалпылайды, оқуға, жазуға, санауға және т. б. үйретеді. Біздің көзқарасымызша, бұл бағыт жан - жақты емес, бірақ біріншісіне қарағанда көп қаланады.

Сабақтастықтың жағымсыз жақтарын тереңдететін негізгі фактор болып біздің пікірімізше, бірінші сыныптың бағдарламаларының күрделену тенденциясы жалпы білім беретін мектептерде практикаға, оқытудың альтернативті формалары мен жаңа педагогикалық технологияларды енгізу, бірінші сынып оқушысына өте жоғары талаптар қою. Бұл тенденциялардың бірі - көптеген арнайы мектептерде балаларды қатал таңдау. Бірінші сыныпқа баратын балалардың оқи білу, санау операцияларын игеру, санның құрамын ұғыну және т. б. талап етеді. Бұл өзінің баласының “жақсы” мектепке түсуін қалайтын ата - аналар жағының балабақшаға сәйкес талап қоюын тудырады.

Сөйтіп, сабақтастық байланысының негізгі философия тұрғысынан дамудың объективті заңдылығы ретінде қарастырылады. Сабақтастық дамудың заңдылығы ретінде ескіні толықтай жоққа шығару жолымен емес, сақтау және одан әрі дамыту мақсатымен өткен кезеңнің жаңа кезеңге ауысуы жолымен үздіксіздікті қамтамасыз етеді. Диалектикалық жоққа шығару әрқашан қарама - қарсы сәттер, яғни ескіні жою (үзіліс) және оң ықпалдың негізінде жаңаның пайда болуының (үздіксіз) бірлігі болып табылады. Бұл заңдылық тәрбиешілер мен мұғалімдерді баланың шығармашылық мүмкіндіктерді дамыту жұмысында сабақтастық байланысына ұмтылдырады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Загрузка...
Ұқсас жаңалықтар:
Ата – аналармен жүргізілетін жұмыстың мақсаты мен міндеттері

Ата – аналармен жүргізілетін жұмыстың мақсаты мен міндеттері

Тәрбиеге кешенді көзқарасты жүзеге асыруды мектеп пен отбасының өзара толық түсінушілігі мен келісілген іс – қимылын қамтамасыз ету. Отбасы мен...
Мектеп жасына дейінгі жалпы тіл кемістігі бар балалардың ойлау қабілетін ой ...

Мектеп жасына дейінгі жалпы тіл кемістігі бар балалардың ойлау қабілетін ой ...

№20" Алтын балық"мүмкіншіліктері шектелген балалар арналған балабақшасының логопеды Гаухар Дайрабаева Тлековна...
Балабақшада балаларды шығармашылық құзіреттілігіне дамытудағы музыка оқу іс ...

Балабақшада балаларды шығармашылық құзіреттілігіне дамытудағы музыка оқу іс ...

Бала тәрбиесінің негізгі іргетасы қаланатын мектепке дейінгі мекемелердегі білім мен тәрбиенің егіз, бірін - бірі толықтырыла жүргізілуі - жеке тұлға...
Мектеп жасына дейінгілер мен бастауыш сынып арасындағы сабақтастық

Мектеп жасына дейінгілер мен бастауыш сынып арасындағы сабақтастық

Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, №18 жалпы орта білім беретін мектеп-мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі және директордың оқу ісі...
Әдістемелік жұмыстар туралы

Әдістемелік жұмыстар туралы

Әдістемелік жұмыс – педагог кадрлардың ғылыми - ілімдік, кәсіптік, әдістемелік, мәдени деңгейін сапалы көтеру бойынша ұжымдық, топтық, жеке жұмыстар...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, бала бақша, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертеңгілік, математика, орыс тілі, презентация, сабақ, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, технология, тәрбие, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, әдебиет, әдебиеттік оқу

Барлық тегтерді көрсету