Сайтқа кіру Тіркелу

загрузка...

Дидактикалық ойындар мен тапсырмалар арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың логикалық ой өрісін дамыту

Дидактикалық ойындар мен тапсырмалар арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың логикалық ой – өрісін дамыту

Логикалық ой - өріс - талқылау мен талдау арқылы іске асады.
Мектепалды тәрбиеленушінің оқу тәрбиесінде дамытушы ойындардың, тапсырмалардың атқаратын рөлі өте маңызды. Олар балалардың қызығушылығын арттырып, жағымды эмоцияға бөлейді. Қызықты тапсырмаларды шешу барысында жауабын табу - ойлау қабілетінің белсенділігінсіз іске асу мүмкін емес. Логикалық ойын және тапсырмалардың беделділігі - балалардың ой – өрісінің дамуы және жан – жақты болуымен түсіндіріледі. Ойын жаттығуларына математикалық тапсырмаларды кірістіру арқылы, балалар өз бетінше сұраққа жауап іздеп табу дағдысына ие болады. Осындай жаттығулар шешу әдісі – өз ойын еркін әрі толық жеткізе білуге, берілген тапсырмаға шығармашылық тұрғыдан қарауға үйретеді.
Логикалық тапсырмалар мынадай болуы мүмкін:
Егер қаз бір аяғымен тұрса салмағы 4 кг болады, ал екі аяғымен тұрса қанша кг басады? (4 кг басады)
Екі адам шахматты 2 сағат ойнаса, бір адам неше сағат ойнайды? (2 сағат ойнайды)
Жұмбақтар
Әрбір жұмбақ - логикалық тапсырма. Оны шешу - баланың күрделі ойлануына міндеттейді. Балаға жұмбақтың дұрыс шешімін тауып қана қоймай, сол шешімнің дұрыстығын дәлелдей білуді де үйрету керек.
1. Мысал: Үш төбе, үш бұрыш, үш қабырға
Міне келдім мен мұнда
(үшбұрыш)

Балаларға «Бұл жұмбақ не туралы? Сен қалай ойлайсың? Мына үшбұрыштарға мұқият қарашы (үстелде үш үшбұрыш бар: үлкен қызыл, көк орташа және кішкентай). Қызыл үшбұрыш жұмбақтың шешімі болуы мүмкін. Неге? Ал көк ше? Қай үшбұрыш жайында бұл жұмбақ?»
Қорытынды: Шешуі кез – келген үшбұрыш болуы мүмкін. Ол оның көлеміне немесе түсіне байланысты емес. Барлығының үш қабырғасы, үш төбесі, үш бұрышы болады.
2. Мысал: Сопақ та емес, шеңберде емес,
Үшбұрышқа дос емес.
Тіктөртбұрыштың ағасы,
Боламын мен -
(шаршы)
Бұл жұмбақтың мәтінінде шаршының белгілері аталмаған. Қойылатын сұрақ: «Қандай геометриялық пішіндерді білесің? Бұл пішіндердің ішінде қайсысы туралы айтылуы мүмкін? Сопақ пішін жауап болуы мүмкін бе? Неге? Шеңбер ше? Ал, үшбұрыш ше?» Балалар үлкендердің көмегімен жұмбақтың шешімі шеңбер де сопақ та және басқа пішіндер де емес, шаршы екенін табады.
Сонымен қатар балалардың логикалық ойлау қабілетінің дамуына бірден – бір септігін тигізетін тапсырмалар ұсынғым келеді.
1. 6 таяқшадан үй құрастыр, сосын оның 2 таяқшасын алып, жалауша шығатындай етіп орналастыр.
2. Мына сызулардың арасынан 5 үшбұрыш және 1 төртбұрышты тап.
3. Қай пішін артық?
4. Сұрақ белгісінің орнына қажетті пішінді орналастыр.

Белгілі психолог Л. С. Выготский: «Қандай да бір оқыту үшін тиімді, яғни өте бір қолайлы мерзімдер болады. Олардан жоғары, не төмен талапты ауытқу, яғни тым ерте, не болмаса тым кеш оқыту мерзімдері баланың ақыл - ойының даму барысында қолайсыз әсерін тигізеді» деген. Осы орайда, «Балаларды мектепке дайындау – оларды оқытып, санатып, әйтеуір білім беріп шығару» - деп, білімдік, тәрбиелік үрдістердің дәстүрлі мектеп сабағы түрінде жүргізу ойдағыдай нәтиже бермейтіндігі сөзсіз. Мектепке дейінгі балалардың жасы мен мен психофизилогиялық ерекшеліктерін ескере отырып, оқыту, тәрбиелеу жұмыстарында түрлі әдіс - тәсілдердің тиімді жолдарын қолданып, ойын түрінде ұйымдастыру нәтижелі болмақ. Ал, осы талаптағы жұмысты іске асыру әр тәрбиешінің шығармашылық ізденістері мен шеберлігін қажет етеді.
Кері қайту
Загрузка...
Ұқсас жаңалықтар:
Дидактикалық ойындарды қолдану арқылы балаларға қарапайым математикалық түс ...

Дидактикалық ойындарды қолдану арқылы балаларға қарапайым математикалық түс ...

Қарағанды облысы, Теміртау қаласы, № 14 «Қарлығаш» б/б тәрбиешісі Умирзахова Айхан Култаевна...
Логикалық және математикалық ойындар арқылы мектепке дейінгі балалардың лог ...

Логикалық және математикалық ойындар арқылы мектепке дейінгі балалардың лог ...

Балалардың кәсіби дайындық деңгейін көтеру, тәрбиешілердің дамыту тәжірибесі арқылы, белсенді қарым - қатынас жүргізу....
Мектеп жасына дейінгі жалпы тіл кемістігі бар балалардың ойлау қабілетін ой ...

Мектеп жасына дейінгі жалпы тіл кемістігі бар балалардың ойлау қабілетін ой ...

№20" Алтын балық"мүмкіншіліктері шектелген балалар арналған балабақшасының логопеды Гаухар Дайрабаева Тлековна...
Үшбұрыш. Берілген үшбұрышқа тең үшбұрыштың бар болуы

Үшбұрыш. Берілген үшбұрышқа тең үшбұрыштың бар болуы

Қарағанды қаласы №6 ЖББОМ математика пәнінің мұғалімі Саденова Н.К....
3 саны мен цифры. Үшбұрыш.

3 саны мен цифры. Үшбұрыш.

Атырау облысы, Исатай ауданы, Х.Наубетов атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі. Шарбану Нұрмашева Насырқызы Сабақтың тақырыбы: 3 саны мен...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, бала бақша, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертеңгілік, математика, орыс тілі, презентация, сабақ, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, технология, тәрбие, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, әдебиет, әдебиеттік оқу

Барлық тегтерді көрсету