Сайтқа кіру Тіркелу

загрузка...

Ертегі кейіпкерлерімен бірге "Ауырмайық" еліне саяхат

Башеева М. М мектепалды даярлық сыныбының тәрбиешісі

“Ертегі кейіпкерлерімен бірге «Ауырмайық» еліне саяхат” атты шара мектепалды даярлық сыныбына арналып ұйымдастырылған.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру, тек қана біздің білім беріп, үйретуімізге ғана байланысты емес. Ол үйдегі және қоғамдағы өмірдің мәдениеттілігінің кепілі. Балалар үйренген әдіс – тәсілдерін шынайы өмірде қолдана білуі керек. Әсіресе өз денсаулығына, оған деген жауапкершілікке, салауатты өмір салты туралы білімін кеңейтуге және жеке бас гигиенасын сақтауға үлкен мән берілуі керек.

Ұйымдастырылған іс – әрекет балаларды бірлікке, мейірімділікке, көңілді болуға баулиды. Сонымен қатар спортқа деген қызығушылығын арттырады. Балалар ертегі кейіпкерлерімен бірге поезбен «Мықты денсаулық» бағытымен саяхатқа аттанады. «Спортшы», «Әнші», «Шешіп көр» станцияларына тоқтай отырып, түрлі тапсырмалар орындап, «Қоянның жаттығулары» сергіту сәтіне қатысады. Сонымен қатар «Сиқырлы қап» ойынын ойнайды, өлең айтып, би билейді. Жеке бас гигиенасы туралы жұмбақтар шешеді. А, В, С, Д, Е дәрумендерімен кездесіп, олардың пайдасын біліп, жеміс кәуабын жасап қонақжайлылық көрсетеді.

Ұйымдастырылған оқу – тәрбие шарасының сценарииі
«Ертегі кейіпкерлерімен бірге «Ауырмайық» еліне саяхат»
Мақсаты: Балалардың ой – өрісін дамыту. Салауатты өмір салты туралы білімдерін кеңейту.
Міндеттері:
Білімділік: Салауатты өмір салты жайында білімдерін кеңейту.
Дамытушылық: Сөздік қорын сонымен қатар, белсенділігін дамыту.
Тәрбиелік: Жеке басының гигиенасын сақтауға, және денсаулығына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.
Көркемдеу: Түрлі түсті шарлар, станциялар атаулары, сиқырлы ағаш, денсаулыққа қатысты мақалдар, орындықтағы вагондар саны.
Көрнекілік: алмалар және алмұрттар
Қатысушылар: Жүргізуші, Айболит, Буратино, түлкі, ит, дәрумендер, жұлдызқұрт, балалар.
Сәлемдесу: Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар мен балалар! Хош келдіңіздер, сіздерді көргеніме өте қуаныштымын.
Жүргізуші: «Сәлем» деуге асықпыз,
Денсаулық біз тілейміз!
Тілейміз біз тағы да,
Осы отырған бәріне
Бақыт пен қуаныш!
Айболит: Біз сіздерге қуаныштымыз,
Сіздерге де, бізге де
Жарқын күлкі, нұрлы жүз
Бәріне жетер білеміз.
Денсаулықты сақтаңыз,
Әр уақытта, қашанда.
Ерік, жігер, батылдық,
Болу керек баршада!
Жүргізуші: Бірінші бекет – Спортшы
(Поезд – порвозик әуені ойналады)
Балалар пойызға отырып кетеді
Жүргізуші: «Спортшы» бекеті. Аялдау уақыты 5 мин.
(фонограммадан В каждом маленьком ребенке... әуені ойналады) Балаларға жұлдызқұрт келеді.
Жұлдызқұрт: Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Бойымызды жазайық, қане, жаттығу жасайық!
Жүргізуші: Құрметті жолаушылар! Спортшы бекетінің көңілді жұлдызқұрты сіздермен бірге «Қоян жаттығуын» жасағысы келеді. Орындарыңыздан тұрып, бірге жасаңыздар.(Кішкентай қоян жүгіріп келіп, жұлдызқұрттың қатарына тұрады)
Сергіту сәті өтеді.
Жұлдызқұрт: Жарайсыңдар балалар! Орындарыңа жайғасыңдар.
Жүргізуші: Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар! Пойыз «Әнші» бекетіне бет алуда.
(поезд - поровозик әуені ойналады)
1 – бала: «Әнші» бекеті? Ал онда біз не істейміз?
Барлығы: Өлең айтамыз
1 – бала: Қандай өлең айтамыз?
Жүргізуші: Ал, балалар өздерің тауып көріңдер (Айгөлек әуені ойнала бастайды). Таныдыңдар ма? Қане, бәріміз бірге айтайық.
(Айгөлек өлеңі айтылады)
Жүргізуші: Балалар сендерге «Әнші» бекеті ұнаған сияқты. Олай болса жолымыздан қалмайық.
Балалар: Әрине, жүрейік!
Жүргізуші: Балалар көңіл күйлерің қалай? Жақсы ма?
Балалар: Иә!
Жүргізуші: Олай болса жолға шығайық! (поезд – поровозик әуені ойналады)
Жүргізуші: Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар! Пойыз «Ойлан, тап!» бекетіне келіп тоқтады.
(әуен ойналады) Буратино шығады
Буратино: Сәлем, достар! Міне, мен де келдім. Сендер жұмбақ шешкенді ұнатасыңдар ма? Олай болса, мұқият тыңдаңдар.
Буратино жұмбақ жасырады. Балалар шешімін айтады.
Буратино: Өте жақсы! Сендермен тағы бір ойын ойнағым келіп тұр. Ойынның аты «Сиқырлы қап» деп аталады. Сендер қапқа қолдарыңды салып, ішіндегі заттарды ұстап көру арқылы, қандай зат екенін айтуларың керек.
Балалар ойынды қызықтап ойнайды.
Буратино: Мен сендермен саяхатқа аттансам бола ма?
Жүргізуші: Әрине, болады. Онда кеттік. Жолдан қалмайық. (поезд – поровозик әуені ойналады)
Түлкі шығып: Пойыз сен балаларды қайда алып келдің?
Ит: Сәлем, балалар! Сендер «Денсаулық» бекетіне келдіңдер. Аялдау уақыты 10 мин.
Түлкі: Барлығың жиналып қалыпсыңдар, жүгіріп ойын ойнауға дайынсыңдар ма?
Ит: Олай болса, ұйықтама, ерінбе, дайын бол!
Түлкі: Кел, ойнайық!
Жүргізуші: Біздің ғажайып елімізде сиқырлы жемістер пісіп тұр екен. Олардың бірін де жерге түсірмей жинап алуымыз керек. «Сиқырлы жемістер» ойынын бастаймыз. (Әуен ойналады). Ағашта алмалар мен алмұрттар ілініп тұрады, балалар соларды жерге түсірмей себетке жинайды.
Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар!
Айболит: Ешқашан ауырмау үшін және епті, шымыр болу үшін не істеу қажет?
Балалар: Шынығу керек, спортпен айналысып дұрыс тамақтану керек. Күн тәртібін сақтап, жеміс – жидектер жеу керек.
Айболит балалардың дене мүшелерінің белсенді аймақтарына массаж жасайды.(суық тиюге қарсы)
Тамақ ауырмасын десең –
Сылап сипа оны сен (тамақты қолмен астыға, үстіге сипайды)
Жөтеліп сен түшкірсең,
Көмекке шақыр бармақты.
Ысқылап берер мұрныңды.(бас бармақпен кеңсірікті ысқылайды)
Маңдайды да қыздырып,
Кекіл жасап алайық (маңдайды қолдың қырымен ысқылайды)
Шошайтып ап саусақты,
Ысқылайық құлақты (құлақ алдындағы нүктелерге массаж жасайды)
Иә, иә білеміз, тұмау бізге жоламас! (алақандарын ысқылайды)
Айболит: Сендер ауырмау үшін ағзаларыңа дәрумендер керек.
(Әуенмен дәрумен жүгіріп шығады. Барлық балаларға дәрумен таратады.)
Дәрумен: Дендерің сау болсын! Ауырмаңдар! (балалардың қасына отырады)
Жүргізуші: Денсаулық бекетінде дәрумендер өмір сүреді екен, кәне оларды қарсы алайық.
Дәрумендер шығады (1 – сынып оқушылары)
А дәрумені – мен сендердің бойларыңды өсіруге көмектесемін және көздеріңнің көрегендігін жақсартамын.
В дәрумені – Мен асқорытуларыңды жақсартамын.
С дәрумені – Мен ағзаларыңды түрлі аурулардан қорғаймын.
Д дәрумені - мен сендердің бойларыңның өсуіне септігімді тигіземін әрі сүйектеріңді қатайтамын.
Е дәрумені – Мен сендердің терілеріңді қорғаймын.
Жүргізуші: Ал сендер дәрумендердің қайда мекендейтіндерін білесіңдер ме?
Балалар: Білеміз. Дәрумендер жеміс – жидектер мен көкөністерде және басқада азық түліктерде мекендейді.
Жұлдызқұрт: Ойнадық та, биледік те ендігі қарындарың ашып қалған да шығар. Жүрек жалғап алуға қалайсыңдар?
Жүргізуші: Ал енді ағзаларымызды дәрумендермен бір қуантып қояйық. Біз сіздерге өте пайдалы жеміс кәуабын ұсынамыз. (ертегі кейіпкерлері кәуап таратады)
Айгөлек әуені ойналады.
Жүргізуші: Құрметті жолаушылар! Міне біздің «Ауырмайық» еліне саяхатымыз да аяқталды. Біз сіздерге зор денсаулық тілейміз.
Барлығы бірге: Сау болыңыздар!!!
Кері қайту
[tags]
Ілмек сөздер:
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, бала бақша, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертеңгілік, математика, орыс тілі, презентация, сабақ, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, технология, тәрбие, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, әдебиет, әдебиеттік оқу

Барлық тегтерді көрсету