Сайтқа кіру Тіркелу

загрузка...

Қазақ халқының ұлттық ойындары

Пән: Тіл дамыту.
Сабақтың тақырыбы: Қазақ халқының ұлттық ойындары.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік - Халқымыздың ұлттық ойындарының қалай қалыптасқандығы, оның атадан балаға, үлкеннен – кішіге мұра болып жалғасып отырғандығы туралы мағлұмат беру
Дамытушылық - Ұлттық ойын түрлерінің мазмұнын түсіндіре отырып, жарыс түрінде көрсетіп, қызығушылықтарын арттыру
Тәрбиелік - Ата бабамыздан бізге жеткен баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз ұлттық ойын екендігін біліп өсуге, денсаулығын шыңдай түсуге тәрбиелеу
Қолданылған көрнекіліктер:
Ұлттық ойын түрлері салынған слайд, ұлттық ойынға байланысты буклет, музыкалық аспап.
Сабақтың жүру барысы:
Ұйымдастыру бөлімі:
1. Жылулық шеңбері. Психологиялық дайындық.
Өткен сабақты еске алу.
Балалар өткен айда қандай үлкен мейрамды атап өттік?
Наурыз туралы не білесіңдер?
Адамдар бір - біріне не тілейді?
Жаңа сабақ.
Кіріспе сөз: Қазақ халқы өмірге дені сау, шыныққан, әділетті, өнерлі, жерін, елін сүйетін азаматтар тәрбиелеу жөнінде өз ұрпақтарына таусылмас мұра қалдырған. Соның бірі - ұлттық ойындар.
Ұлттық ойындар екі топқа бөлінеді, спорттық және ақыл ойға арналған ойындар болып. Спорттық ойындарға: қыз қуу, көкпар, ақсүйек, арқан тартыс т. б жатса, ақыл ойға арналған ойындарға тоғызқұмалақ, асық ойындары жатады. Ұлттық ойындарға мына ойын түрлері жатады: «Тоғызқұмалақ», «Бәйге», «Асық», «Ақсүйек», «Арқан тарту», «Қыз қуу», «Көкпар», «Күміс алу», «жамбы ату», «Орамал тастау» бұл ойындар баланың еңбекке деген қарым - қатынасы мен ойлау қабілеттерін арттырады және баланы шымыр да епті, зерек те алғыр, тапқыр да парасатты болып өсуге тәрбиелейді.
Мұғалім: Ал балалар кім қандай ұлттық ойын түрлерін біледі?
Балалар тақта алдына шығып слайд бойынша ұлттық ойындары туралы мәлімет береді, ойын шартымен таныстырады.
1. Рамазан. №1слайд«Тоғызқұмалақ» – еліміздің дәстүрлі ұлттық ойындарының бірі. Ойынды екі ойыншы ойнайды. Тоғызқұмалақ ойында мынадай сөздерді пайдаланады: құмалақ, қазан, отау, бастаушы, қостаушы, тұздық. Ойын баланың ойлау қабілеттерін арттырады.
2. Жанұр №2слайд «Қыз қуу» дәстүрге де, ойынға да жататын қазақ арасына кең тараған көңілді көрініс. Оның шарты – қыз атпен қашады, жігіт оны қуып жетсе бетінен сүйеді де, кейін қашады. Енді қыз қуып жетсе, оны қамшының астына алады. Бұл қызықты дәстүр әлі де жалғасып келе жатыр.
3. Айдана №3слайд «Ақшамшық» (сақина салу). Бұл – қазақ халқының ерте заманнан келе жатқан дәстүрлі ойыны. Оны сақина салу, сақина тастау деп те айтады. Ойынға он – он бес адам қатысып, ортаға бір жігітті немесе бір қызды шығарып, қолына сақина ұстатады. Ойын ережесі бойынша қыз - жігіттер үйде дөңгелене отырып, екі алақанын бір - біріне қабыстырып алға созады. Ойынды жүргізушінің ала - қанындағы сақинаны кімге салса да өз еркі. Ол барлық адамдардың алақанына сақина салған болып шығысымен, «Тұр сақинам, тұр», - деп, немесе «Ақшамшығымды бер!» деп дауыстайды. Сол сәт сақина тасталған адам орнынан атып тұруға тиісті, «Сақина менде», - деп. Оны көршісі ұстап алмай қалса, жұрт алдында өз өнерін көрсетеді.
4. Альдина №4слайд «Арқан тартысу»- Оны арқан тартыс деп те атайды. Бұл ойынның екі түрі бар. Біріншісі жазда көгал үстінде, екіншісі қыста қар үстінде ойналады. Жазда ойыншылардың саны 10 баладан көп болмаса, ой - ын қызықты болады. Ойынға ұзындығы 8 - 10 метрлік екі ұшы түйілген арқан әзірленеді. Оның тең ортасына белгі ретінде қызыл матаны байлап қояды. Ойынға қатысушы екі топтағылар өз жағында бойларына қарай сап түзеп, ойын бастауға белгі берілгенде арқанды өз жағына қарай тартады. Қыста он – он бес бала тартқанда үзілмейтін арқан таңдап алынып, үлкен адамның алақанының көлеміндей екі тақтайдың ортасынан өткізіліп, ортасына аққала үйіліп, екі жақ оны өзіне қарай құлату үшін тартады.

5. Данияр. №5слайд «Теңге алу» - Жерде жатқан теңгені атпен шауып келе жатып іліп алу үлкен ептілікті, ат құлағында ойнайтын шабондоздық тәжірибені талап етеді. Теңгені жерден іліп алғандарға бәйге беріледі. Бұрындары қазақ жігіттері атпен шауып келе жатып қолындағы қылышымен жерде жатқан тезекті түйреп алып көкке лақтырып жіберіп, оны жалма - жан қылышымен екіге бөліп шауып түсіретін.
6. Балнұр №6слайд «Алтыбақан»- Бұл – жастардың кешкілік бас қосып, ән айтып, домбыра тартып, қыздар, жігіттер болып айтысып, бір - бірімен әзілдесіп көңіл көтеретін ойын - сауығы. Қазір де үлкен тойларда алтыбақан құрылады. Алтыбақанды құру мынандай тәсілмен жүзеге асырылады: алты бақанды сырықтың екі басын үш - үштен қосақтайды да мосы тәрізді етіп байлап тастайды. Бақанның аша тармағы сырыққа кигізіліп тұруға тиісті. Алты бақанды құрастырып болғаннан соң оның екі басына 3 қатар арқан байланады.
7. Айбұлан №7слайд «Ат сайысы. Бәйге» - Спорттық ойын. Оның түрлері: ат омырауластыру, аударыспақ, жорға жарыс, көкпар тарту, теңге алу, қыз қуу, қыз жарыс, сайысу т. б. Олар үлкен тойларда ұйымдастырылады. Сайысқа түсетін аттар алдын - ала жаратылады. Ат сайысындағы кейбір ұлттық ойындар Олимпиада ойындарының жоспарына енгізілген.
Аламан бәйге. Мұнда жүйрік, жарыс аттар 25 - 100 шақырымдық қашыққа шабады. Оның жолында айналып өтетін көл, сай - сала, бел - белестер тәрізді кедергілі жерлер болуға тиісті. Аламан бәйге үлкен тойда, үлкен аста, торқалы тойлар мен зор мерекелерде жарияланады.
8. Қаламқас.№8слайд «Аударыспақ»- Ол – қазақ, қырғыз халықтарының арасында кең тараған ойын. Атқа мінген екі жігіт жекпе - жекке шығып, бірін - бірі аттан аударып тастауға тырысады. Аударыспаққа үлкен тойларда арнайы жүлде тағайындалады. Оған он сегіз жастан асқан қарулы жігіттердің қатысқаны жөн. Аударыспақ ойынының ережесі бойынша сайысқа қатысушылар салмақтарына қарай үш топқа бөлініп, күш сынасады. Ептілікті, күштілікті, тапқырлықты, батылдықты талап ететін спорттық ойын.
9. Амина №9слайд «Айгөлек»- Оны қыз - жігіттер екі топқа бөлініп, қаз - қатар тұрып, бір - бірінің қолынан ұстап тұрып ойнайды. Бір топтың ойын бастаушысы: «Айгөлек - ау, айгөлек, айдың жүзі дөңгелек, бізден сізге кім керек?», деп сұрайды. Екінші топтың ойын бастаушысы:
«Айгөлек - ау, айгөлек, айдың жүзі дөңгелек, сізден бізге Ақерке керек!», - деп, бір адамның атын атап шақырады да, аты аталған адам бар пәрменімен жүгіріп келіп, шақырған топтың тізбегін үзіп кетуге тырысады. Тізбекті үзіп кетсе, ол топтан қалаған адамын алып кетеді, үзе алмаса сол топта қалып қояды. Ойын екі жақтың бірінің адамдары таусылғанша жалғаса береді.
10. Рамазан. №10слайд «Көкпар»- Ұлттық ат ойыны. Әуелгі атауы «көк бөрі» сөзінен шыққан. Бұрындары мал баққан көшпелі халықтар көк бөріні соғып алғанда өлігін ат үстінде сүйрелеп, бір - бірінен ала қашып, мәз - мәйрам болған. Кейін ол ұлттық ойынға айналған.
Көкпарда басы кесілген серке тартылады.
11. Жанар №11слайд «Соқыртеке»- Ойыншылар дөңгелене тұрады. Ортаға орамалмен көзі байланған адамды – «соқыртекені» шығарады. Шеңбер бойынша тұрған ойынға қатысушылар «соқыртекені» түрткілейді. Ол сол кезде түрткен ойыншыны ұстап алып, атын айтуға тиіс. «Соқыртекенің» тыныш тұрған ойыншыны да ұстап алуына болады. Ұсталынып қалған ойыншы «соқыртекеге» айналып, ойын жалғаса береді.
12. Мерей №12слайд «Асық ату»- балалар асықтарды тізеді. Ататын асық «Сақа» деп аталады. Асықтарды тізіп қояды, сақамен атып түсірген асықтарды ойыншы өзіне алады, көп асық жинаған бала жеңімпаз аталады.
Мұғалім:
- Балалар бұл ойындарда қандай мінез - құлықта болуды қажет етеді?
Балалардың жауабы: өжеттілік, батылдық, шапшаңдық, табандылық, тапқырлық, ептілік.

Сергіту сәті.
«Арқан тартпақ» ойыны.
Тартысайық арқанмен
Кімнің тобы мықты екен.
Кімнің күші аздау боп,
Кім озып алға шықты екен?
Мұғалім: Ұлттық ойындар түрлеріне байланысты тақпақтар білесіңдер ме?
Балалардың жауаптары.
1. Альдина
Біздер шымыр, жүйрік те
Ойынменен шынықтық
Еп қана емес бірлік те
Керек екен соны ұқтық.
2. Рамазан
Палуан болу оңай ма
Қажет оған көп айла
Сол үшін біз аянбай
Көп күрестік көгалда.
3Амина
Әзір титтей бойымыз
Әзір балаң ойымыз
Тек қуамыз ойын біз
Ұзарады бойымыз.
4. Айдана
Ала алмасаң теңгені
Мазақ қылар көпшілік
Ілу үшін теңгені
Керек екен ептілік.
5. Рамазан
Атты баптап
Түсеміз біз көкпарға
Күш болмаса өзіңде
Қаларсың аунап көк шанға.
6. Айбұлан.
Бәйге міне басталды
Қосылдым мен шетінен
Озып шықсам егерде Әжем сүйер бетімнен.
Мұғалім: Тақтаға назар аударайық. Буындардан сөз құра.
ЖЫЛ - ҚЫ ҚАМ - ШЫ ТӨ - БЕТ АР - ҚАН АЛ - ТЫ - БА - ҚАН

ШЫ - МЫР АУ - ДА - РЫС - ПАҚ КӨК - ПАР ТО - ҒЫЗ - ҚҰ - МА - ЛАҚ
Мұғалім: Ал енді кезек жұмбаққа келді. Қане кім тапқыр, жұмбақтарды шешіп көрейік.
1. Жылға дер едім ақпайды
Жылан дер едім шақпайды. /арқан/
2. Алты аяқты, төрт көзді
Екі ауызды, бір сөзді.
Ынтымақты ел кезді. /ат мінген адам/
3. Көліксіз өмір сүрмейді,
Ғұмыры жаяу жүрмейді. /ертоқым/
Жарайсыңдар балалар, дұрыс таптыңдар.

Қорытынды:
1. Балалар, бүгін біз сабақта не үйрендік?
2. Ұлттық ойындары нешеге бөлінеді және түрлерін ата?
3. Спорттық ұлттық ойындарына қайсысы жатады?
4. Ойлау қабілетін арттыратын ойындарды ата.
Мадақтау.
Кері қайту
Загрузка...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, бала бақша, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертеңгілік, математика, орыс тілі, презентация, сабақ, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, технология, тәрбие, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, әдебиет, әдебиеттік оқу

Барлық тегтерді көрсету