Сайтқа кіру Тіркелу

загрузка...

П дыбысы мен әрпі

П дыбысы мен әрпі.
Ұйымдастырылған оқу іс әрекетінің технологиялық картасы.
Сабақтың мақсаты:
1) Білімділік: П дыбысы мен П әрпін таныстыру, сол арқылы берілген оқу мен жазуды үйрету. П дыбысынан келетін жаңа сөздермен таныстыру, балалардың білімін, тілін дамыту.
2) Дамытушылық: балалардың ойлау қабілеттерін дамыту, қызығушылықтарын арттыру, сөздік қорын молайту.
3) Тәрбиелік: Балаларды партаға дұрыс отыруға, сауатты қатесіз әрі таза жазуға, бірін - бірі құрметтеуге, сыпайылық танытуға тәрбиелеу.
Сабақ көрнекіліктері: П дыбысының баспа және жазба түрі, текшемен жұмыс, аудио таспа, кубизм ойыны.
Әдіс – тәсілдер: таныстыру, түсіндіру, ғажайып сәт, сұрақ – жауап, дыбыстық талдау, дәптермен жұмыс, сөздік жұмыс, сөйлем құрастыру, билингвалды компонент.
Сабақ барысы:

I кіріспе бөлім.
Жылулық шеңбері.
Бір, екі, үш.
Топтың іші тып - тыныш
Жалқаулықты тастаймыз
Сабақты біз бастаймыз

Өткенді қайталау.
Сабақ барысында балалар біздің тәртібіміз қандай болуы тиіс?
Сауат ашу сабағында біз нені үйренеміз?
Әріп дегеніміз не?
Дыбыс нешеге бөлінеді?
Дыбыстың қандай түрлерін білесіңдер?
Дауысты дыбыс қандай текшемен белгіленеді?
Дауыссыз дыбыс қандай текшемен белгіленеді?
Дауысты дыбыс қалай айтылады?
Дауыссыз дыбыс қалай айтылады?
Өткен сабақтарда қандай әріптермен таныс болдыңдар?
«А» дыбысы қандай дыбыс?
«Т» дыбысы қандай дыбыс?
Ғажайып сәт:
Есік қағылып, пошташы хат әкеліп береді.
Көмектесіңдер! Құтқарыңдар! Мен әріптер Ханшайымымын. Зұлым сиқыршы әріптер әлеміне келіп, барлық әріптерді шатастырып кетті. Егер де сендер зұлым сиқыршының берген тапсырмасын орындап, жоғалған әріпті тауып берсеңдер, біздің де көңіліміз көтеріліп қалар еді. Ол зұлым сиқыршының тапсырмасын орындап беруге біздің шамамыз жетер емес.
Жұмбақ жауабын шешу, дәптермен жұмыс, мәнерлеп оқу, дыбыстық талдау, текшемен жұмыс. Бірақ тапсырма арасында дем алып, серігуді ұмытпаңдар балалар. Егер бізден көмек керек болса сергіту сәтін біз орындайық!
Балалар: Жоқ біз өзіміз орындаймыз))))))) Көмектесеміз әрине.

II негізгі бөлім.
1) Аудио таспа тапсырмасы. Жұмбақ жасыру.
Қорықпайды күшті аңнан
Қорқады тек тышқаннан (піл)

Қалың киім ұнатады
Шешіндірсең жылатады (пияз)

Жазда дем алып тынығады
Қыста түтінге буынады (пеш)

Үсті толы ине, бірақта
Іс тігіп, қадамайды түйме. (кірпі)

П дыбысымен таныстыру.
Балалар барлық айтылған сөздер қандай дыбыстан басталып тұр?
Дұрыс балалар П дыбысынан. П дыбысы дауыссыз дыбыс. Өйткені П дыбысы еріннің бір - біріне нық тиіп, артынша кілт ашылуынан жасалатын шұғыл дауыссыз дыбыс. Ендеше ол көк текшемен белгіленеді. Дыбысты қайталап айтқызу. П п пы пы пы.
Балаларға П дыбысына қатысты мысал келтірту.
Паровоз, поезд, пеш, пышақ, пингвин, перде, перне, пияз, піл, парашют....

2) Дәптермен жұмыс.
Ал енді балалар кітап бетіндегі суреттерге назар аударайықшы!
Суретте нені көріп отырсыңдар? П дыбысы сөздің қай жерінде орналасқан?
1 бала: Балапан. П дыбысы сөздің ортасында орналасқан.
2 бала: Піл. П дыбысы сөздің басында орналасқан.
3бала: Доп. П дыбысы сөздің соңында орналасқан.
Балапан, піл, доп сөздерін буынға бөлу.
Тәрбиеші: Дұрыс балалар.

3) Мәнерлеп оқу: Жаңағы айтып кеткендей, басында, ортасында, соңында кездесетін П дыбысы бар сөздерді оқып шығамыз. Берілген сөздерді оқу.
Балаларды кезектесіп оқыту.

4) Сергіту сәті.
Орнымыздан тұрамыз
Қолды белге қоямыз
Бір отырып, бір тұрып
Орнымызды табамыз

5) Дәптермен жұмысты жалғастыру.
Қане бәріміз П дыбысын бұршақ көмегімен үстел үстінде жазып көрейік?!
Ал енді бір бала ортаға шығып жазса, қалғандарымыз өз орнымызда орындаймыз.

6) Дыбыстық талдау.
Кітап, үстел, дәптер сөздеріне қарындаш көмегімен дыбыстық талдау жасау.
Ал бір бала тақтаға шығып, текше көмегімен орындап береді.

7) Дидактикалық ойын: Тез ойла, тез ойна.
Мақсаты: Балаларды алғырлыққа, шапшаңдыққа, ойын жүйелі жинақтап сөйлеуге баулу, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Шарты: Әріптерден құралған ұяшықтардың бірін таңдап, берілген суретті аудару. (қаз, ор, ағыл)

АНА БАНАН АЮ НАН
ӘЖЕ МЫСЫҚ ӘЖЕ САҒАТ
АЛМА БАЛА БАЛА АПЕЛЬСИН
НАН ҚЫЗ ҮСТЕЛ ГҮЛ

8) Текшемен жұмыс.
1 қатар. Текше көмегімен доп сөзін құрастырады.
2 қатар. Текше көмегімен пеш сөзін құрастырады.
Екі қатардан бір, бір баладан шығып орындайды.

9) Кубизм ойыны.
Берілген буындардан сөз ойлап құрастыру.
Пер - де. Пош - та. Пин - гвин. Пи - яз. Па - рашют. По - езд. Па - ровоз. Пар - та.

III қорытынды бөлім.
Балалар керемет сендер барлық тапсырманы орындап шықтыңдар. Қараңдаршы бір сиқырлы әріп пайда болған сияқты
Балалар бүгін біз қандай дыбыспен таныс болдыңдар?
«П» дыбысы қандай дыбыс?
Сауат ашу сабағында нені үйренесіңдер?
Дыбыс дегеніміз не?
Қандай дыбыс түрлерін білесіңдер?
Балаларды мадақтау, мақтау.

Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек: Бірін - бірі сыйлай білу керек.
Нені үйренді: Сөздерге дыбыстық талдап жасауды.
Нені біледі:
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, бала бақша, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертеңгілік, математика, орыс тілі, презентация, сабақ, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, технология, тәрбие, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, әдебиет, әдебиеттік оқу

Барлық тегтерді көрсету