Сайтқа кіру Тіркелу

Сыр сандық білімдарларға

Жамбыл облысы, Тараз қаласы,
Мектептен тыс жұмыс және балалар шығармашылық орталығының
қосымша білім беру педагогы Танрибергенова Жанат Рахимбаевна

Сабақтың тақырыбы: Сыр сандық білімдарларға.
Сабақтың мақсаты: қызғылықты математикалық тапсырмаларды дұрыс және жылдам шығаруға баулу.
Білімділік: балалардың білімін ойын арқылы анықтау жолдары, қарапайым математиканы үйретуде тапқырлыққа баулу.
Тәрбиелік: шапшаңдыққа, бір - бірінің сөзін тыңдай білуге, өз пікірін айту және дәлелдей алуға тәрбиелеу.
Дамытушылық: өтілген тақырыптар бойынша балалардың есеп шығару дағдысын қалыптастыру, ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, әңгімелеу, суретпен жұмыс, логикалық тапсырмалар.
Сабақтың көрнекілігі: қима сандар, кеспе қағаздар, слайд.

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Мұғалімнің амандасуы:
- Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, балалар.
Психологиялық дайындық.
(Балалардың амандасуы)
Амансың ба ұстаздар!
Амансың ба достарым!
Білім іздеп келгенбіз!
Тату - тәтті елденбіз!
Сіздерді көрсек қуанған!

Балалар, қазір бізде санамақ сабағы. Санамақ сабағында біз нені үйрендік? Әрине, сандарды олардың атауын танып білдік.
● Бір таңбалы сандарды ата;
● Екі таңбалы сандарды атап бер.

Жаңа сабақ.
Балалар, бүгінгі сабағымыз сыр сандық білімдарларға деп аталады.
(Слайдтан сыр сандық көрсетіледі.)
Міне, осы сыр сандықтың ішінде, санамақ сабағында оқып үйренген білім жасырынған. Біз білімді балалар, осы сандықта жасырынған тапсырмаларды орындай отырып, өз білім нәтижелерімізді көрсете аламыз.
Сыр сандығым ашылсын,
Ішінен білім шашылсын!
Олай болса, қанекей, кезекті тапсырмаларды орындауды бастайық.

1 - тапсырма: «Ойлан, тап!»
1. Қандай геометриялық пішіндерді білесіңдер?
2. Қай пішіннің үш бұрышы болады?
3. Қай пішіндердің бұрышы болмайды?
4. 9 санында неше бірлік бар?
5. 10 санының көршісін ата;
6. 8 саны 6 санынан қанша бірлікке артық?
7. 5 саны 9 санынан қанша бірлікке кем?
Жарайсыңдар! Әр тапсырма орындалған сайын балаларды мадақтап отыру.

2 - тапсырма: «Кім тапқыр?»
Мақсаты: орман аңдарына жеміс - жидектерді үлестіруге көмектесу.
Аңдарға жеміс - жидектерді үлестіру үшін өздерің көріп отырған қосу, азайту амалдарын орындауымыз керек.

3 - тапсырма: Сандар құрамын анықта.
Мақсаты: жасырынған санды анықтап табу.

Сергіту сәті.
Құсқа ұқсап бәріміз,
Қане, қанат жаяйық.
Құс сияқты қалықтап,
Ұшып - ұшып алайық!

4 - тапсырма: «Кім жылдам?»
Мақсаты: жолаушыларды өз орындарына дұрыс орналастыру.
Әр жолаушыны өз орнына отырғызу үшін төменде берілген тапсырманы орындауымыз қажет. Міне, сонда әр жолаушының қай вагонда отыру керектігін анықтай аламыз.

6 - тапсырма: Логикалық есеп - тапсырмалар.

1. Үстел үстінде бес жұмыртқа бар. Бір жұмыртқаны ортасынан бөліп қайта қойдық. Үстел үстінде неше жұмыртқа болды?
2. Ағаштың басында 4 торғай отыр еді, 3 торғай ұшып келді. Мысық оларды көріп, ағаш басына өрмелей бастады. Ағашта неше торғай қалды?
3. Асанның алдында 3 зат тұр: шелек, доп, қуыршақ. Допты қозғамай қалай шетіне қоюға болады?

Сабақты қорыту.
Сыр сандықта ашылып,
Көптеген есеп шығардық.
Айтыңдаршы, балалар,
Нені қайталап не білдік? Балалар, бүгінгі сабағымыз сендерге ұнады ма?
Қандай тапсырмаларды орындадық?
Бағалау. сабаққа жақсы қатысқан балаларды мадақтау, бағалау.
Үйге тапсырма: қосу, азайту амалдарын ауызша есептеп үйрену.

Толық нұсқасын жүктеу
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
10 саны мен цифры

10 саны мен цифры

10 саны таңбасымен таныстыру. 10 санының құрамын анықтау. Балалардың жылдамдық қасиеттерін, ойшылдық, сауаттылық қасиеттерін дамыту. Шығармашылық...
Ойна да, ойлан!

Ойна да, ойлан!

Бүлдіршіндердің білімін ойын арқылы анықтау жолдары, қарапайым математиканы үйретуде тапқырлыққа баулу, танымдық белсенділікті қалыптастыру...
8 саны мен цифры

8 саны мен цифры

Мақсаты: 8 - ке дейін сандарды қайталап, білімдерін бекіту. 8 - ке дейінгі санның құрамы, таңбасын, геометриялық пішіндерді айырып, салыстыруларын...
Кім зейінді? ойын сабағы

Кім зейінді? ойын сабағы

Мақсаты: білімділік: Санды санау, пішіннен бейне құрастыру алған білімдерін бекіту, логикалық ойлау дағдысын қалыптастыру,. Дамытушылық: Балалардың...
7 санымен таныстыру

7 санымен таныстыру

Білім беру саласы: Таным Ұйымдастырылған оқу іс - әрекет түрі: Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру Тақырыбы: 7 санымен таныстыру,...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×