Сайтқа кіру Тіркелу

Кел, ойнайық, балақай!

Жамбыл облысы, Тараз қаласы,
Мектептен тыс жұмыс және балалар шығармашылық орталығының
қосымша білім беру педагогы Абитаева Гульзира Лесовна

Сабақтың тақырыбы: Кел, ойнайық, балақай!
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Балаларға жан - жақты білім беру және білім деңгейлерін анықтау.
Дамытушылық: Өз ойын еркін айта білуге қалыптастыру. Білімге деген құштарлықтарын дамыту.
Тәрбиелік: Балаларды ауызбіршілікке, ұйымшылдыққа, достыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: ойын, сұрақ - жауап,
Сабақтың түрі: Кіріктірілген сабақ.
Пәнаралық байланыс: Тіл дамыту, ағылшын тілі.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивтік тақта, қуыршақтар (ертегі кейіпкерлері), түрлі - түсті шарлар.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
а) сәлемдесу әдебі: Балалармен сәлемдесу.
ә) сабаққа қатысуын бақылау: Түгендеу.

Сабақты біз бастайық,
Артта қалып қоймайық!
Қандай сұрақ болса да,
Жауап таппай қоймайық!

ІІІ. Жаңа сабақ.
- Балалар, бүгін біздің сабағымыз ерекше болмақ. Ол үшін бәріміз бір - біріміздің қолымыздан ұстап, көзімізді жұмайық. (3 рет айналу) Балалар, біз ертегі әлеміне тап болдық.
Автор: Ертеде "Ақтөс" атты ит болыпты. Бір күні Ақтөс ұйықтап жатқанда оның үш досы - қораз, мысық, ешкі орманға қарай ойнауға кетеді. Ойынға қызыққан үш дос кеш батқанын байқамай, қайтар жолдарын таппай адасады. Олар келе жатып, қалың ағаштар арасындағы ескі үйге кезігеді. Орманның ішінде тұрған бұл кімнің үйі екен?- деп таңданады. Үйге жақын келіп, есігін қағады. Бірақ ешкім жауап бермейді. Ешқандай дауыс шықпаған соң үшеуі бет алып үйге кіреді. Кіргендері сол еді, есігі тарс жабылып, үйдің іші қараңғы болады. Қараңғыдан қорыққан үш достың дауыстары шықпай қалады. Сол кезде зұлым қасқырдың даусы шығады.
Қасқыр: - А, а, а, ұсталдыңдар ма, жақсы болды қарным аш еді. Енді мен сендерді жеймін дейді.
Сонда Қораз: - Қасқыр, бізді жемеші, мен саған өлең айтып беремін.
Мысық: - Ал, мен саған үйіңді жинап беремін.
Ешкі: - Ал, мен саған дәмді ас даярлап беремін,- дейді.
Автор: - Сонда Қасқыр, не істерін білмей басы қатып отырғанда, достарын іздеп Ақтөс келіп қалады.
Ақтөс: - Қасқыр, менің достарымды жібер, - дейді.
Қасқыр: - Жарайды, жіберемін. Бірақ менің бір шартым бар. Мен сендерге сұрақ қоямын, ал сендер дұрыс жауап берсеңдер, мен сенің достарыңды біртіндер жіберемін, ал жауап бермесеңдер бір - бірлеп жеймін.
Автор: - Ал, балалар, Ақтөске достарын құтқаруға, сендердің көмектерің қажет, көмектесеміз бе?
Балалар: - Ия, ия, ия.
Автор: Кәне, олай болса, Қасқырдың тапсырмасын орындайық.

1 - тапсырма: "Тапқыр болсаң, тауып көр" ойыны.

2 - тапсырма: "Ойлан, тап" ойыны.
1. - Ол төртбұрышты,
- теледидарға ұқсайды,
- теледидар сияқты экраны бар,
- оның тышқан деген досы бар,
- ол қайда барса да тышқанмен бірге жүреді. (Компьютер)
2. - Ол әрбір адамда бар,
- оны адамдар тек бір мезгілде ғана қолданады,
- оның саусақ тәріздес қолдары бар,
- ол адамға жылу береді. (Қолғап)
3. - Ол атамда бар,
- оны күтіп ұстау қажет,
- әсіресе ол кітап, газет оқығанда керек болады. (Көзілдірік)
4. - Ол кейде суда жүзеді,
- оның мойны ұзын,
- оны үйде де бағады,
- ол көктемде балапан басып шығарады. (Қаз)
5. - онда кішкентай балалар көп, үлкен адамдар да бар,
- ол жақта ойыншықтар өте көп,
- және ол жақта ұйықтаймыз, тамақ ішеміз. (Балабақша)
6. - Ол сен де, менде де бар,
- біреулерде ұзын, біреулерде қысқа,
- атам мен әжемде ол ақ. (Шаш)

Қасқыр: - Ал, жарайды, балалар, сендер білімдеріңнің арқасында қоразды құтқардыңдар. Олай болса, мен қоразды босатамын.
Педагог: - Жарайсыңдар, балалар, біз қоразды құтқардық.
Қасқыр: - Енді мысықты құтқарғыларың келсе, тағы менің тапсырмаларымды орындаңдар!
Педагог: - Балақайлар, мысықты құтқару үшін қасқырдың келесі тапсырмасын орындайық.

3 - тапсырма: "Көңілді шарлар" ойыны.
1. Біз қай Республикада тұрамыз? (Қазақстан Республикасында)
2. Бағдаршамның көздерін ата? (Қызыл, сары, жасыл.)
3. Бір аптада неше күн бар? (Жеті)
4. Бас қаламыз қалай аталады? (Астана)
5. Біз қай қалада тұрамыз? (Таразда)
6. Рәміздерді ата. (Ту, елтаңба, әнұран)
7. Бір өркешті жануар? (Нар)
8. Жыл мезгілдерін ата. (Қыс, көктем, жаз, күз)
9. 1 жылда неше ай бар? (12 ай)
10. Құлағы үлкен жануар? (Піл)
11. Ағаш тазалайтын орман дәрігері. (Тоқылдақ)
12. Шөлге шыдамды жануар? (Түйе)
13. Түйенің төлі қалай аталады? (Бота)
14. Қыста ұйқыға кететін аң? (Аю)

ІV. Сергіту сәті: "Ойыншықтар"
Біздерде бар қуыршақ,
Бұзау, қозы, құлыншақ.
Ойыншықтар тыңдайды,
Әмір беріп, бұйырсақ. 2 рет

Ойыншықтар ұйықтайды,
Айтқанымнан шықпайды.
Ал қозы мен құлыншақ,
Ұйықта десем ұқпайды. 2 рет

Қасқыр: - Ой, ой, ой, балақайлар, қандай қиын тапсырма берсем де орындайды екенсіңдер. Енді сендерге қандай тапсырма берсем екенмін, а - а - а....
Педагог: - Тамаша, балалар, сендердің білімдерінің арқасында Қоразды құтқардық. Келесі, Ешкіні құтқару үшін Қасқырдың келесі тапсырмасын орындайық.

4 - тапсырма: "Полиглот" ойыны.
- Балалар, біз "Бүлдіршіндер мектебінде" қандай шет тілдерді үйреніп жатырмыз?
- Қазір мен сендерге жұмбақтар жасырамын, жұмбақтың жауабын кім тапса, сол бала жұмбақтың жауабына қарай үш тілде жауап береді.

Жаздай інге тығылып,
Жатқан қызыл түлкіні.
Құйрығынан суырып,
Әкелді әжем бір күні. (Сәбіз)

Аласа ғана бойы бар,
Қабат - қабат тоны бар. (Қырыққабат)

Өзі бір қу,
Жүрген жері айқай шу. (Түлкі)

Білімнің дәнін тереді,
Балаға тәлім береді. (Ұстаз)
Төрт қырлы, өзі аппақ,
Тақтадағы ізі аппақ. (Бор)

Уылжығын албырт,
Дәмі ғажап..... (Алмұрт)

Жеміс - жидек жегенім,
Балды жақсы көремін. (Аю)

Қалқиып қос құлағы,
Елеңдеп қорқып тұрады. (Қоян)

Қанжардай тісі бар,
Үрейлі түсі бар. (Қасқыр)

Адамға серік,
Күзетке берік. (Ит)

V. Сергіту сәті.

5 - тапсырма: "Ұйқасын тап" ойыны.
Қасқыр: - Ақтөс, сенің достарыңа, мен өте риза болдым. Менің де осындай достарым болса ғой.
Ақтөс: - Балақайлар, Қасқырда бізбен бірге дос болсыншы?
Балалар: - Ия, дос боламыз.
Ақтөс: - Менің достарымды сендердің білімдеріңнің арқасында құтқардық. Рақмет, балалар.
Педагог: - Көрдіңдер ме, балалар "Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар" - деген осы. Сол себепті балалар, сабақты жақсы оқып, ақылды болайық.

Толық нұсқасын жүктеу
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×