Сайтқа кіру Тіркелу

Біз мектепке барамыз

Атырау облысы, Ақжар ауданы,
№59 "Ақбөбек" балабақшасының тәрбиешісі
Жолдыгулова Акзина Саясатқызы

Біз мектепке барамыз олимиадалық ойын

Олимпиада мақсаты:
Балалардың өткен оқу іс - әрекеттері бойынша алған білімдерін, тапқырлықтарын байқау. Шығармашылық қабілеттерін әр түрлі тапсырмалар бере отырып зерттеу. Өз - өзіне деген сенімділіктерін, шапшаңдылықтарын дамыту. Ой - пікірлерін ортаға салып, сөйлеу мәнерін дұрыс қалыптастыруды одан әрі дамыта түсу.

Ақылмен ойлап білген сөз,
Бойына жұқпас, сырғанар.
Ынталы жүрек сезген сөз,
Бар тамырды қуалар.

Дегендей Абай атамыз бүгінгі ересек топ балаларымен өткізгелі отырған олимпиясына қош келдіңіздер. Ендеше "Біз мектепке барамыз " номинациясы бойынша сынға түсіп, өз білімдерін көрсетуден жасқанбайтын сайыскерлерімізбен таныс болайық.
1.
2.
3.
Міне. біздің сайыскеріміз алдарыңызда. Олай болса осы сайыста білімдерін тексеріп, шапшаңдылықтарына тандана қарап тамсанатын және де әділ бағалайтын әділ қазылар алқасымен таныс болайық:
Сайыскерлерімізге реттік нөмірін беру үшін әділ - қазы мүшелерінің алдындағы көмерлерді таңдауды сұралады. (номер суырады)
1. Есеп шығару (сурет бойынша, санды қою)
2."Суретті мазмұнына қарай толықтырып сал" (суретті салады)
3. Дыбыстық талдау (суретте көрсетілген затқа қарай қызыл, көк қарындашпен белгілеп, талдау жасайды)
4. Геометриялық диктант (кеңістік бағдарлау арқылы пішіндерін салу)
5. Көлем: ұзын - қысқа, биік - аласа, қалың - жұқа, жуан - жіңішке. т. б (сурет бойынша )
6. Өткен дыбысқа байланысты сөзді буындап оқу және қандай мағына білдіретінін айту.
7."Жыл мезгілдері" сурет бойынша әңгімелеу.
8. "үш тілді білеміз бе?" жұмбақтың жауабын шешеді. жауабын 3 - тілде айтады.
Талаптының айтқанын мен қостайын,
Бәріңізге жақсы бір ой тастайын.
"Ән көңілдің ажары" деген бар ғой.
Бұрынғының жолымен ән бастайын,- дей келе Ересек топ балаларының өнерін тамашалайық ән: Гүлжазира Қазақстан.

1. Есеп шығару (сурет бойынша, санды қою)
Шарты: есеп шығару, сурет бойынша берілген заттарды санап қосу, алу амалдары бойынша шығарып тұсына, санды қою.
2."Суреттің мазмұнына қарай толықтырып сал:
Шарты: берілген тапсырма бойынша топтасқан суреттерге, қосымша толықтырып суреттерді салу, нені салғанын айтып беру.

3. Дыбыстық талдау.
Шарты: Суретте көрсетілген затқа қарай қызыл, көк қарындашпен тор көз ішін белгілеп, дыбыстық талдау жасайды.

Сергіту сәті:
4. Геометриялық диктант
Шарты: Кеңістікті бағдарлау мақсатында, кеңістікті бағдарлай отырып геометриялық пішіндерді салу.

5. Көлем
Шарты: Берілген тапсырма бойынша ұзын - қысқа, биік - аласа, қалың - жұқа, жуан - жіңішке т. б көлемдерді анықтап айтуы.

6. Буындап оқу.
Шарты: Өткен дыбысқа байланысты сөзді буындап оқып және қандай мағына білдіретінін айту. мыс: ша - на онымен қыс мезгілінде сырғанап ойнаймыз т. б.

7. Сурет бойынша әңгімелеу.
Шарты конверт суыру арқылы жыл мезгілдерінің суреті бойынша әңгімелеу.

8."Үш тілді білеміз бе?"
Соңғы турымыз ойымызды жинақтап ортаға салар біліміміз жұмбақты шешуін тауып оны үш тілде айтып береміз.

Жұмбақтар:
1. Түссе күннің шуағы
Көзді еріксіз жұмады.
Жылы жерді сүйеді,
Беті - қолын жуады. Жауабы:

2. Мақұлық бар екен даусы зор,
Адамға ұқсап бойында аяқ пен қол,
Мекені тас бұлақтың төңірегінде,
Мынаны тапқан жанның ақылы мол. Жауабы:

3.Дөңгелейді, дөңгелейді,
Ұшқан құстай,
Құс десем, төрт аяғы бар
Елек - селек, екі құлағы бар.


Тобымыздың жұлдыздары өнері асқан,
Билейді мың бұралып бала жастан.
Қайда біздің өнерпаз балдарымыз,
Ортаға шығыңдаршы тартынбастан.

Айналайын балғындар,
Алға бағыт алғындар
Ертең өсіп толыңдар,
Ел мақтаны болыңдар,
Орындалсын ойларың,

Маңызын да, мәнін де ұғып бұл күннің,
Міне, тағы биіктерге ұмтылдың!
Бара жатыр көшелермен
Бала шағы, болашағы ұлтыңның!

дегендей бүгінгі ересек топ балаларының «Біз мектепке барамыз» номинациясы бойынша өткен олимпиадасының қортынды бөлімін әділқазылар алқасына сөз береміз.

Өнерменен көрсетейік біздер қызмет,
Әділқазы сіздерге де көп - көп рахмет!
Көрсетпесін өмір - өзен еш тауқымет,
Ризамыз ата - анаға жүрген демеп!

Слайдын жүктеу
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×