Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

16 саны мен цифры

Сабақтың тақырыбы: 16 саны мен цифры
Сабақтың мақсаты: 1) 16 саны мен оның цифрымен таныстыру.
16 санының құрамымен таныстыру. 0 - ден 16 - ға дейінгі сандарды ауызша, жазбаша тура, кері санап үйрету.
2) Дидактикалық ойындар арқылы ой – өрістерін дамыту. «+», «-» таңбаларын пайдаланып ауызша, жазбаша есептер құрастыру.
3) Адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, сандар, асық, үлестірме қағаздар, оқулық.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Әдіс - тәсіл: түсіндіру, көрсету, сұрақ - жауап.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Жылулық шеңбері: Амансыз ба, алтын күн!
Амансыз ба, ашық аспан!
Амансыз ба, жер ана.
Сәлеметсіздер ме, қонақтар!
Сабағымызды бастайық,
Жалқаулықты тастайық.
Балалардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Қайталау кезеңі
1. 15 санының құрамын еске түсіру
2. 0 - ден 15-ке дейінгі сандарды тура, кері санау. (Тақтаға жазғызу)
3. Үлестірме қағазбен жұмыс
4. Санамақ айту

Сергіту сәті: Мектебің мынау класың,
Осында он жыл тұрасың
Тарыдай болып кіресің,
Таудай болып шығасың.

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру кезеңі:
- Балалар, бүгін біз сендермен 16 санымен танысамыз. Суретпен жұмыс.
15 алмаға, 1 алманы қоссаң барлығы қанша алма болады? 15+1=16
- 16 алма
- Алма, көкеніс пе, жеміс пе?
- Дәмі қандай?, қатты ма, жұмсақ па? Түсі қандай болады?
16 санының таңбасын тақтаға жазып көрсету.
- 16 санында қанша бірлік бар?

ІV. Оқулықпен жұмыс:
1) 10 ара қонып отыр еді, тағы 6 ара ұшып келді.
Барлығы қанша?
10+6 = 16
2) Барлығы қанша торғай?
16 торғай
3) Ретімен сана. 15 санының көршілерін ата.
14 15 16
4) Жазылған цифр қанша болса, сонша құлпынайды тауып қорша.
Сергіту жаттығуы: Оң қолымда бес саусақ,
Сол қолымда бес саусақ.
Онға онды қосқанда,
Болып шықты он саусақ.

V. Тақтамен жұмыс:
7+3
6+4
10 - 2
7 * 5
5 * 5
8+2
10 - 1
10 - 3
4 * 9

Санамақ айтқызу.

Дидактика ойыны:
Ұяшық не дейді? (Қоржындағы асықтағы сандар арқылы ұяшықтағы тапсырмаларды орындау).
1 - ұяшық. Аюда 5 алма, қоянда 2 алма
Қосқанда бәрі, болады неше алма?
2 - ұяшық. Ала қанат сауысқан,
Құртты көрсе жабысқан.
Екеу ағаш басында.
Үшті қоссаң қасына
Қанша болды, сауысқан?
3 - ұяшық. Бұл - бұл әсем жырлайды,
Ел - жұрт естіп тыңдайды.
3 - ке 3 - ті қосқанда
Нешеу болып сайрайды?
4 – ұяшық. Ағаш басында 2 қарлығаш,
2 сауысқан, 1 қарға қонып отыр.
Ағаш басында неше құс отыр?
5 - ұяшық. Қолыңдағы 10 кәмпиттің
2 - ін ағаңа, 3 - ін тәтеңе
Бергенде нешеу қалды өзіңде?
6 - ұяшық. Айжанның анасы 5доп сатып алды.
3 - ін үлкен ұлына, 1 - ін Жанарға берді.
Айжанда неше доп қалды?
Дәптермен жұмыс: 16 цифрының таңбасын жазу

VІ. Сабақты қорыту:
Сонымен балалар, біз қандай санмен таныстық?
Сұрақ - жауап арқылы қорыту.
Балалар, мектебімізде қай ақынның туған күні аталып өтіп жатыр?
Мұқағали Мақатаевтың бірнеше өлеңін айтқызу.

VІІ. Сабақты бағалау: Сабаққа жақсы қатысқан балаларға жұлдызша, төртбұрыш тарату.

Алматы облысы, Райымбек ауданы,
«Сарыжаз орта мектебі мектепке дейінгі
шағын орталығымен және Ақбейіт бастауыш
мектебімен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
мектепалды даярлық мұғалімі
Жұмадилова Гүлшат Тынарбековна
Кері қайту
Загрузка...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мұқағали Мақатаев, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, математика, математикадан сабақ жоспары, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету