Сайтқа кіру Тіркелу

Ойна да, ойлан!

Жамбыл облысы, Тараз қаласы,
Мектептен тыс жұмыс және балалар шығармашылық орталығының
қосымша білім беру педагогы Абитаева Гульзира Лесовна

Тақырып: Ойна да, ойлан!

Сабақтың мақсаты: Білімділік: өтілген тақырыптар бойынша балалардың білімдерін пысықтау, сөздік қорларының белсенділігін арттыру, тіл мәдениетін жетілдіру.
Дамытушылық: өткенді қайталату арқылы өз білімдерін көрсете білуге, ойларын анық айта білуге дағдыландыру. Балалардың ақыл – ой белсенділігін арттыру, ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: әдептілікке, ұқыптылыққа, сезімталдыққа, бауырмашылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: қайталау сабағы.
Сабақтың түрі: интеллектуалдық сайыс.
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап.
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, әр түрлі суреттер.
Болжамдап отырған нәтиже: ойларын анық айта білетін, сөздік қоры дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
Мұғалім: «Сәлем сөздің анасы,
Сәлем берер әр қазақтың баласы» - демекші, балалар қонақтармен сәлемдесіп алайық.
Балалар: Білгір қазақ баласы,
Сәлем сөздің анасы.
Қонаққа келіп отырған,
Апайларды қарашы.
Бәріне де ізетпен,
Біздер сәлем береміз.

Мұғалім: - Рахмет, балалар. «Қайталау – білімнің анасы» - демекші, өтілген тақырыптар бойынша алған білімдерімізді пысықтау мақсатында, бүгінгі сабағымызды «Ойна да, ойлан!» атты интеллектуалдық сайыс түрінде өткіземіз.
Қонақтарды топтармен таныстыру.
- Бірінші топ «Алғырлар», екінші топ «Жеңіс».
- Әр топтың басшысын таныстыру. ( Бекнұрман Ә. және Құралбек А.)
- Топтар бір – бірімен сәлемдесіп алады.

I топ «Алғырлар» - Алғырлардан Жеңіске жалынды сәлем.
II топ «Жеңіс» - Жеңістен Алғырларға ыстық сәлем.

Мұғалім: - Рахмет. Балалар, бүгінгі біздің сайысымыз бес кезеңнен тұрады.
1 кезең – Танысу.
2 кезең – Бәйге.
3 кезең – «Ненің дауысы?» ойыны.
4 кезең – «Полиглот», «Кім жылдам?» ойыны.
5 кезең – Жорға.
- Балалар, әрбір дұрыс жауап үшін, жұлдызшалармен бағалап отырамын.
Балалар сайысқа дайынбыз ба?

I кезең: «Танысу»
Мұғалім: «Біреуінің жүрегінің түгі бар,
Біреуінің арқалап жүрген, қоғамдық жүгі бар.
Бәрінен де ең бастысы,
Барлығының қатты істейтін, миы бар» - дей келе сайыскерлеріміз өздеріңізді таныстырып өтсеңіздер.
- Әр топ өздерін таныстырады.

1 - топ «Алғырлар». Ұранымыз: Озамыз алға, Қапы қалма!
2 - топ «Жеңіс». Ұранымыз: Ойымыз биікте, Жетеміз жеңіске!

II кезең «Бәйге» деп аталады. (Слайд) Экранға назар аударайық, мұнда он екі сандар берілген. Сандардың артында өтілген тақырыптар бойынша сұрақтар жасырынған. Өздерің қалаған санды таңдап алуларыңа болады.
1. Жемістерді ата.
2. Қыста ғана болады,
Ұстасаң, қолың тоңады. (Қар.)
3. Бір аптада неше күн бар?
4. Жыл мезгілдерін атап бер.
5. Қоянның баласын не деп атаймыз?
6. ҚР Елбасы кім?
7. Қонжық қай аңның баласы?
8. ҚР рәміздерін ата.
9. Қазір жылдың қай мезгілі?
10. Ұйқасын тап. Жүгіретін қуанып,
Бала біткен андыздап,
Қандай тәтті..... (балмұздақ)
11. Көкөністерді ата.
12. Отбасы мүшелерін атап бер.

2. Сергіту сәті: «Ормандағы аңдар»
Аю маң - маң басады,
Түлкі бұлаң қағады.
Қасқыр ылаң салады,
Қоян үркіп қашады.
Орман іші көңілді,
Ағаштан қар төгілді.

III кезең: «Ненің дауысы?» ойыны. (Слайд) Экраннан жан - жануарлардың, құстардың, жәндіктердің суреттері беріледі. Үнтаспадан осы жан - жануарлардың, құстардың, жәндіктердің дауыстарын тыңдап, суреттен «Ненің дауысы?» екенін танып, ажырата білу қажет.

Сиыр, қой, жылқы, ит, мысық, ара, ешкі, құстың, әтештің, піл, қасқыр, арыстанның дауыстары беріледі.

IV кезең: «Полиглот», «Кім жылдам?» ойыны. - Балалар біз «Бүлдіршіндер мектебінде» қандай шет тілдерін үйренудеміз?
- Балаларға экраннан (слайд арқылы) әр түрлі суреттер көрсетіледі. Сол суреттегі заттардың атауларын үш тілде, яғни қазақ, орыс, ағылшын тілінде айту қажет.
1. Кітап – книга – book (бук)
2. Дәптер – тетрадь – copy - book (копи бук)
3. Ит – собака – dog (дог)
4. Мысық – кошка – cat (кәт)
5. Алма – яблоко – apple (эпл)
6. Алмұрт – груша – pear (пеа)
7. Қызанақ – помидор – tomato (томатоу)
8. Қияр – огурец – cucumber (кйюкамбә)
9. Арыстан – лев – lion (лайән)
10. Түлкі – лиса – fox (фокс)
11. Қоян – заяц – a hare ( хэа)
12. Аю – медведь – a bear (беа)
- Балалар, осы «Бүлдіршіндер мектебінде» басқа тілде үйренген өлең - тақпақтарың бар ма? Кім айтады?

3. Сергіту сәті: «Бала, бала, балапан»
Бала, бала, балапан,
Кәне, қайсы алақан.
Саусақтарың әйбат,
Былай - былай ойнат.

V кезең: Жорға.
Екі топтың басшыларын ортаға шақырып, мына тапсырманы беріп, орындатқызу. Тапсырмада жан - жануарлар және олардың сүйікті қорегі берілген. Қаламның көмегімен «Қайсысы нені жақсы көреді?» сәйкестігін табу керек.

4. Сабақты қорытындылау:
- Сонымен, «Ойна да, ойлан!» атты сайыстағы мәреге жеткен топты анықтайық. Ол үшін жинаған жұлдызшаларыңды санайық.
- Жеңіске жеткен топты анықтап, мадақтау.
- Екі топқа да сыйлықтар тарату.
- Көңіл бөлген көрермендер, сау болыңыздар қадірлі,
Анықталды жеңімпаз боп, нағыз білгір кәдімгі.
- Бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×