Сайтқа кіру Тіркелу

1-5 сандары

Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Бала би ауылы,
«№50 Абай атындағы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
бастауыш сынып мұғалімі
Айтпенбетова МаржанРысбайқызы

Сабақтың тақырыбы: 1 - 5 ке дейінгі сандар 3 саны
Сабақтың мақсаты: балаларға сандық қатынастарды меңгерту, артық және кем санды анықтауды түрлі анализаторларды, дыбыс, қозғалысты санау арқылы меңгерту. 5 - ке дейінгі реттік және есептік санауды бекіту, заттарды топқа бөліп үйрену.
Сабақтың көрнекілігі: Таңбалар, цифрлар.
Оқыту әдісі: Түсіндіру, сұрақ - жауап.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың мазмұны.
І. Ұйымдастыру. 1 Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
Психологиялық дайындық.
Кел, балалар, күлейік!
Күлкіменен түлейік!
Қабақ түйген не керек,
Көңілді боп жүрейік.
Кел, балалар, күлейік!
Күлкіменен түлейік.
Күлкі көңіл ашады,
Күліп өмір сүрейік!
ІІ. Өткен сабақтан алған білімін тексеру. 2.>1 1>0 2>0 өрнектерін оқы не деп аталады? 2=2 1=1 0=0 не деп оқылады. 1 - 10 ға дейін тура және кері санау, «көршісін тап» ойынын ойнату.
ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІҮ. Жаңа сабақ: 0 - 5 сандарына байланысты тақпақтар айтқызу арқылы жаңа сабаққа ену
0. Шалқып жатқан көл болды
Көктемде су мол болды
Жазда кеуіп, шөл болды
Шөл болған соң нөл болды
Мені келсе білгің
1. Мен таяқша бірмін
Ата әжеге жол бастап
Алдарында жүрмін
2. Бірден кейін тұрамын
Сандар іші тұрағым
Бірді бірге қосқанда
Мен иіліп шығамын
3. Екіліктен кейін қараңдар
Үш саны шықты жарандар
Үшінші орын тұрағым
Үш ілмекті іліп тұрамын
4. Үш таяқтың сызығын
Оқушылар қояды
Төрт дегенім баяғы
Төрт түліктің аяғы
5. Бір қолымда бес бармақ
Бес тырнағым бес қармақ
Жұлдызда бар бес тармақ
Жанған биік аспанда
Қиын елді басқару
Болған елде бес қару
Ү. Дәптермен жұмыс.
№1 тапсырма. Суретте толық боялмаған көрініс берілген. - Заттың қайсысы және нешеуі боялмағанын санаймыз. Сандар қандай цифрмен белгіленген? Бұл цифрларды үлестірмелі материалдардан табыңдар.
ҮІ. Сергіту сәті.
Екі шапалақ төбеңде
Екі шапалақ алдыңда
Екі қолың артыңда
Екі аяқпен жүгірдің
№2 тапсырма Суретте заттың қайсысы бірден? Екіден? Үштен? Түрлі – түсті қарындаштармен бастырып шық. Бұл заттарды қандай топқа бөлуге болады?
№3 тапсырма. Бұл тапсырмада жемісі аз тәрелкені қызыл түске бояу қажет, ал жемісі көп тәрелкені көк түске бояу қажет.
№4 тапсырмада бірліктерді тауып бастыру қажет.
ҮІІ. Сабақты қорытындылау:
Балалар, келесі кезекті ойынға берейік, ойын ойнағанды ұнатамыз ба?
«Кім жылдам?» ойыны
Құмырсқаның туған күні болады
1 - ші жыбырлап қоңыз келеді,
2 - ші асығып көбелек келеді.
3 - ші ара ұшып келеді.
4 - ші шыбын ызылдап келеді
5 - ші инелік иіліп келеді
Сонымен, балалар, құмырсқаның туған күніне неше қонақ келеді.
Бүгін біз сендермен бірге қай сандарды білдік?
ҮІІІ. Бағалау: Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды бес жұлдызбен, төрт бұрышпен бағалау.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×