Сайтқа кіру Тіркелу

Оқу құралдары хикаясы

Білім беру саласы: әлеуметтік орта
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: с
Тақырыбы: «Оқу құралдары хикаясы»
Мақсаты: Балалардың бойында білімге деген қызығушылығын арттыру. Оқу құралдары туралы түсінік беру. Оқу құралдарын күтіп, таза, ұқыпты ұстауға тәрбиелеу.

Педагог оқу іс - әрекетін жұмбақ жасырудан бастайды:
Білімнен мол сый - асы,
Балғындардың үясы. (Мектеп)
Ұшымен қазық торкөзді жазық
Үстінен өттім асыл сөз жазып. (Дәптер)
Қыркүйек айында балалар мектепке барады. Сабақ оқиды. Ол үшін балаларға не қажет деп ойлайсыңдар? Ендеше бүгінгі тақырып «Оқу құралдары хикаясы».
Дәптермен жұмыс: А. Хамзаұлының «Оқу құралдары хикаясы» ертегісімен таныстыру.
- Жанатбек биыл қайда барады?
- Анасы ұлына қандай оқу құралдарын сатып әперді?
- Жанатбек дәптерді қалай былғады?
- Қалам, дәптерлер неге ренжісті?
- Атасы немересін қайда апарды?
- Мұғалім Жанатбекке не берді?
- Жанатбек кітаптарды қайда салды?
- Кітап достарына қандай ақыл айтты?
- Кітаптың айтқаны дұрыс па?
- Сендер қалай ойлайсыңдар, Жанатбектің жасаған қылығы дұрыс па?
Сергіту сәті:

Біз мектепке барамыз,
Қолға қалам аламыз.
Кітапты да оқимыз,
Суретті де саламыз.
Дидактикалық ойын: «Қай зат артық?»
Ойынның шарты: Үстел үстіне оқу құралдары мен ойыншықтар араластырылып қойылады. Сөмкеге оқу құралдарын жинап, артық заттардың атын атау керек.

Тыныштық сәті:
Баяу ойналатын музыка қосылады.
«Көз алдымызға мектепті елестетіп көрейік. Қоңырау үні, сөмке көтерген балалар, парталар, тақталар, кітаптар. Не деген керемет!»

Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Северный орта мектебінің
мектепалды дайындық класының тәрбиешісі
Байменова Индира Доспановна

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×