Сайтқа кіру Тіркелу

В дыбысы және әрпі

Ұйымдастырылған оқу қызметінің саласы: Қатынас
Ұйымдастырылған оқу қызметінің түрі: Сауат ашу
Ұйымдастырылған оқу қызметінің тақырыбы: Дәрумендер.
«В» дыбысы және әрпі.
Мақсаты:
1. Дәрумендердің адам ағзасына пайдасы туралы әңгімелеу. «В» дыбысы және әрпімен таныстыру.
2. Сөйлеу тілі мен дыбыстарды ажырату қабілеттерін дамыту.
3. Дәрумендерді қолдану арқылы салауатты өмір салтына тәрбиелеу.

Әдісі: сұрақ - жауап, салыстыру, топпен жұмыс, жеке жұмыс.
Көрнекілігі: АКТ, кеспе әріптер, суреттер, әліппе - дәптерлер, әліпби жинағы, В әрпі, ойыншықтар, буын сөздер.
Күтілетін нәтиже: суреттегі заттардың атын атай алады, сөздегі в дыбысының орнын ажыратады.
Блингвальді компоненті:
Дәрумен – витамин – vitamin
Жеміс – фрукты – fruit
Көгөніс – овощ – vegetable

ҰОҚ Тәрбиешінің іс - әрекеті Балалардың іс - әрекеті
І. Дұрыс әсерлі көңіл - күй орнату.

ІІ. Мақсатты болжам. Жылулық шеңбері:
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Тәрбиелі баламыз,
Шынығып бір аламыз.

- Слайдтан пойыздың суретін көрсету.
Бүгін біз пойызбен саяхатқа шығамыз.
Бір - біріңнің артыңнан ұстап, пойыздың дауысына келтіріп тізбектеліп жүріңдер.
- Жарайсыңдар, орындарыңа отыра қойыңдар.
Жұмбақ:
- Аспай піскен,
Қайнамай түскен. (Жеміс)
- Бақшада өседі,
Көп өнім береді. (Көгөніс)
- Блингвальді компонент:
Дәрумен – витамин – vitamin
Жеміс – фрукты – fruit
Көгөніс – овощ – vegetable

- Бәрі ортаға шығып жылулық шеңберін орындайды.
- Балалар тізбектеліп, алдыңғы бала «Вук - вук - пыс - с!» - деп дыбыстайды.
- Орындарына отырады.
- Шешуін табады.

- Қайталап айтады.
Дид/қ ойын:
«Бақшада ма, бауда ма?»
Шарты: тақтаға жемістер мен көгөністердің суреттері ілінеді. Балалар көгөністерді бақшаға, жемістерді бауға орналастырады.
- Суретпен жұмыс.
Суреттегі дәрумендердің адам ағзасына пайдасы туралы әңгімелесу.

В әрпімен танысайық.
Педагог өлең жолын мәнерлеп оқып береді.
Таяқшаға таянып,
З тірелді В болып.
Өлеңді суретті көрсете отырып айтады.

Педагог тақтаға В әрпінің баспа түрін іліп қояды. Балалар өлеңнің мазмұны бойынша В әрпімен танысады.
В – ұяң дауыссыз дыбыс, себебі ол ауыз қуысынан кедергіге ұшырап барып шығатынын айтып түсіндіремін.
В әрпінің баспа түрін ауада жазады.
Әліппе – дәптермен жұмыс.
- Суретке қарап сөйлем құрастырады, сөздерді буынға бөледі.
- Тақтамен жұмыс.
Автобус, вирус, вагон, витамин суреттері тақтаға ілінеді.

- Суреттегі сөздерге дыбыстық талдау жасатамын.
- Тіл ұстарту жаттығуы.
Ша - ша - ша – есік алды бақша.
Із - із - із – бақшадағы сәбіз.
Ет - ет - ет – алма толы себет.
- Әліппе - дәптердегі үлгіге қарап отырып, В әрпін жазғызу.

- Сергіту сәті.
Ормандағы аюдың,
Құлпынайы көп екен.
Теріп - теріп алайық,
Қалтамызға салайық.

Топпен жұмыс
Түстер арқылы (қызыл, сары, көк) үш топқа бөлемін.
Iтоп – Вагон
ІІ топ – Вирус
ІІІ топ – Витамин
Топтық тапсырмалар беремін.
І топқа – кеспе әріптерден сөз құрайды.
ІІ топқа – дыбыстық талдай жасатамын.
ІІІ топқа – сөздерді оқып, буынға бөледі.
Дидактикалық ойын: «Мен режиссер боламын»
Шарты: көгөністер мен жемістер туралы балалар өз ойларынан ертегі құрастырып, сахналайды.

- Үлгерімі нашар балаларға жеке жұмыстар беремін.
Мысалы:
Суретке қарап әңгіме құрату.

- Суреттегі заттың атын атайды. В дыбысын тауып айтады.

- Интонациямен жұмыс.
Жаңылтпашты қайтала.
Асан басқа жақтан
Ақ сабақ асқабақ әкелді.
Басқа жақтан
Басқа асқабақ әкелді.
ҰОҚ - ның қорытындысы. - Қорытындылау.
Доп лақтыру арқылы «Сұрақ - жауап» әдісімен қорытамын.
- Дәрумендерге нелер жатады?
- Дәрумендер адам ағзасына пайдалы ма?
- Бүгін қандай әріппен таныс болдық?
- В қандай дыбыс?
- В әріпі қай әріпке ұқсас?
- В әрпі кездесетін көліктерді атап беріңдерші.
Рефлексия.
- Бағдаршам әдісі арқылы.
- Бағалау, мадақтау.
Жұлдызшалар тарату арқылы мадақтаймын.

- Балалар сұрақтарға жауап береді.
- Стикерлер жапсыру арқылы сабақты бағалайды.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×