Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

"Л л дыбысы мен әрпі"

Білім беру саласы: «Коммункация».
Бөлімі: «Сауат ашу».
Тақырыбы: «Л дыбысы және әрпі».
Мақсаты:
Білімділік: Л дыбысы және әрпімен таныстыру. Жазуға қолдарын жаттықтыруға үйрету.
Дамытушылық: Л дыбысы келетін сөздерге мысалдар келтіртіп, сол сөздерді қатыстыртып, сөйлем құрату арқылы балалардың ауызекі сөйлеу тілдерін, ойын дамыту
Тәрбиелік: Оқу іс - әрекеті барысында мал төлдеріне қамқорлық жасауға тәрбиелеу. Жазуға қолдарын жаттықтыру.
Әдіс - тәсілдер: сұрақ - жауап, көрнекілік, сөздік.
Көрнекілік: суреттер, кеспе әріптер мен буындар.

Іс - әрекеттің кезеңдері Тәрбиешінің іс - әрекеті Балалардың
іс - әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық Балалар шаттық шеңберге тұрып, мына өлең жолдарын айтайық.
Аспанға мен қараймын.
Күн сәулесін санаймын! Бір сәулені мен алып!
Балаларға сыйлаймын!
- Балалар, бүгін бізге қонаққа Балдырған келіпті, ол бізге бір жаңа әріпті өзімен бірге ала келіпті. Бірақ ол бізге қандай әріп әкелгенін «айтпаймын» дейді, ол әріпті табу үшін біз мынадай бір тапсырманы орындауымыз керек.
Балалар шаттық шеңберіне тұрады, өлең жолдарын Балалар тәрбиеші мұқият тыңдап,

Балдырғанның тапсырмаларын орындайды.
айтады.
Тәрбиешінің іс - әрекеті
Балалар шаттық шеңберге тұрып, мына өлең жолдарын айтайық.
Аспанға мен қараймын.
Күн сәулесін санаймын! Бір сәулені мен алып!
Балаларға сыйлаймын!
- Балалар, бүгін бізге қонаққа Балдырған келіпті, ол бізге бір жаңа әріпті өзімен бірге ала келіпті. Бірақ ол бізге қандай әріп әкелгенін «айтпаймын» дейді, ол әріпті табу үшін біз мынадай бір тапсырманы орындауымыз керек.

Суретпен жұмыс
1 - тапсырма.
- Мынау не?
- Лақ қай малдың төлі және ол қалай дыбыстайды?
- Лақ сөзінде неше дыбыс бар?
- Лақ сөзін буынға бөліп көрейік?
- Неше буын бар?
- Сөздің басында қандай дыбысты естіп отырсыңдар? (Хор¬мен айтқызу).
- Л қандай дыбыс?
- Дауыссыз дыбысты қандай түспен белгілейді?
Балаларға айтқызу.
Ла - ла - ла - лақ.
Ли - ли - лимон.
2 - тапсырма.
Піл, лимон, балық суреттері көрсетіледі. Піл, лимон, балық сөздерін буынға бөлдіру, дыбыстық талдау жасату.
Сонан соң осы сөздерде кездесіп тұрған л дыбысының орнын ажыратқызу. Л дыбысының сөздің басында, ортасында, соңында келетінін мысалдармен түсіндіру. Өткен дыбыстармен л дыбысы қатыстырылып, буын, сөздер құрастырылып оқыту. Хормен ауызша қайталату.
3 - тапсырма. Дәптермен жұмыс:
Жазбаша жұмыс орындату. Дәптердегі үзік сызықтарды қосып л әрпінің кіші және бас әріптерін үлгі бойынша жазғызу.
Лак, түлкі, гүл сөздеріне дыбыстық талдау жасап, л дыбысының орнын ажырату. Бос торкөздегі л дыбысының орнына қарай сөз ойлату.
4 - тапсырма. Өлең жаттау «Лақ»
Жалт - жұлт етіп лақ.
Жағалайсың бұлақ.
Секірем деп бірақ.
Қала көрме құлап.
Сергіту сәтін өткізу. Бейнеролик.
Презентация. Л әрпі бар сөз болса, қол шапалақтау. Болмаса аяғын топырлату.
- Балалар кеспе әріптерден а - ла, ал, ол сөздерін кім құрастырып береді?
- Енді осы сөздермен кім сөйлем құрап береді?
- Сөйлемдердің сызбасын сызып көрсету.
- Сабақ қонағы - Балдырғанның білімді балаларға риза болғанын айтып, сабақты аяқтау.
Күтілетін нәтиже:
Ұғынады: Л дыбысын және әрпін меңгеру
Түсінеді: Дыбыстық талдау жасауды
Қолданады: Л дыбысын айта білуді.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мұқағали Мақатаев, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, математика, математикадан сабақ жоспары, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету