Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Қ қ дыбысы және әрпі

«Коммуникация» ББС сауат ашу негіздері пәні бойынша «Қ қ дыбысы және әрпі» тақырыбында ашық ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті.
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы.

Білім беру саласы: «Коммуникация»
Пән: Сауат ашу негіздері

Оқу мақсаты
Сын тұрғысынан ойлаудың әдіс - тәсілдерін негізге ала отырып, сауат ашу пәні туралы жалпы мағлұмат беру, әріптер әлемінің сырын ашу. Түрлі әдістерді пайдалана отырып оқушылардың ой - қабілеттерін, сөздік қорларын, байқағыштық қасиеттерін дамыту. Ойын түрлері арқылы оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу, өз ойын тиянақты жеткізуге дағдыландыру, ұжымшылдыққа тәрбиелеу. Бірлесе жұмыс жасай отырып, өз бетінше ақпаратты түсіну, Ауызша, жазбаша байланыстырып, сөйлеуге үйрету;
- Өзіндік көзқарасын жетілдіру;
Күтілетін нәтиже
Оқушылар топ арасындағы ынтымақтастыққа үйреніп, өз ойларын айта алады, әртүрлі деңгейде тапсырмалар орындай алады.

Сабақта көңілді орта қалыптасады;
- Сыни ойлау дағдысы анықталады;
- Тыңдай отырып, ойын жеткізеді;
- Өзіндік көзқарасы жетіледі;
- Тұжырым жасауға дағдыланады;
Сабақтың түрі
Жаңа сабақ
Ресурстар
Қыстың суреті, дала жануарларының суреттері, Қ әрпінің баспа түрі, интер белсенді тақта. слайд. Тақырыпқа байланысты түрлі суреттер. интерактивті тақта, слайдтар.
Қолданған

модульдер:
Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, АКТ қолдану дағдылары, оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес оқыту, диалог арқылы сөйлеу
Сабақтың әдіс - тәсілдері

ой - қозғау, кластер, тест тапсырмалары, ойын элементтері, синквейн, сұрақ - жауап. «Топтастыру» стратегиясы,

Іс - әрекет кезең дері
Тәрбиешінің іс - әрекеті

І кезең Ұйымдастыру кезеңі
Балалардың іс - әрекеті

Мотивациялық қызығушылық
Психологиялық дайындық.

Оқушылармен шеңберге тұрып шаттық шеңберін өткіземін.

Қайырлы таң,
Қайырлы күн,

Күліп шықсын күн бүгін.
Сәлеметсіз бе!
Қайырлы таң досым!
Бәріміз дос болайық,
Бәріміз тату болайық.
Қатар-қатар тізіліп қолымызды түсіріп

Тіп – тізеу болып отырайық.
Шаттық шеңбері
«Топтастыру» стратегиясы
АКТ қолдану дағдылары

Терминдік жұмыс
III Ой қозғау әдісі.

Балалар біз бүгін саяхатқа аттанамыз. Саяхатымыз орман болмақ.
- Орманды кәне көз алдымызға елестетейікші
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Қыс мезгілі.
- Қандай аңдарды білетін едік.
- Ал ендеше біз білетін түлкі қандай аң?

Ол барлық аңдарды алдап жүреді. Бір күні аңдар: « Қап бәлем түлкінің сазайын тартқызайын» – деп ақылдасып, түлкінің үйіне баратын жолды бөгеп, өздері тұрып алыпты:

Біз түлкіге көмектесеміз бе? Олай болса түлкіге кедергі келтіріп тұрған аңдардың тапсырмасын орындап түлкіге көмектесейік.

1 - ші аң түлкіге кездескен – қасқыр
Қасқырдың тапсырмасы. Өткен сабақтан алған білімін тексеру. Миға шабуыл
«Кім жұлдызға бірінші жетеді»ойыны.
Оқушыларды екі топқа бөлу. Алғырлар, Тапқырлар, Ойшылдар.

1 - топқа; Сұрақ - жауап:
- Балалар, біз сауат ашу сабағынан не үйрендік?
- Дыбысты біз не істейміз?
- Әріп дегеніміз не?
- Қазақ тілінде неше әріп бар?
- Дыбыстар нешеге бөлінеді?
- Дауысты дыбыстарды қандай текшемен белгілейміз?
- Дауыссыз дыбыстарды қандай текшемен белгілейміз?
- Балалар дыбыстардан не құраймыз?
- Буыннан не құраймыз?

2 - топқа; Ал, балалар біз өткен сабақта қай дыбыспен таныстық?
- О дыбысы қандай дыбыс?
- Кәне, айтып көрейік
- О дыбысына қатысты сөздер айтып көрейік.
О дыбысы сөздің басында, ортасында кездеседі, сөз соңында кездеспейді.
Оқушылар көздерін жұмып, елестету, қиялдау арқылы орманға саяхатқа шығады.

- ( балалар өз ойларын айтады)
Түлкіге көмектесуге келісіп тапсырмаларды орындайды.

Әріпті, дыбысты, сөзді, сөйлемді, буынға бөліп оқуды.

- естиміз, айтамыз
- көреміз. жазамыз
- 42 әріп бар, дыбыстар 2ге бөлінеді.
- қызыл. көк Буын, сөз.
- О дыбысы
- Дауысты
- О - о - о
Орамал, орақ, ору, ойна, ойла, от, тон, қол, қора, қола т. б.
3 – топ; Орман
- Орман сөзін буынға бөлу, дыбыстық талдау жасау.
- Орманда нелер тіршілік етеді?
Қасқырдың сыйластық жақсы сөзі: «Жолың болсын!»

Келесі кедергіде тұрған аң - қоян.
Ол « Ойлан да тап?» деген тапсырма: Мына сиқырлы сандардың ішінде жұмбақтар берілген.
Жұмбақ

Қалқиған екі құлағы,
Елеңдеп қорқып тұрады.
(Қоян)
Қыс бойына жатады,
Тәтті ұйқыға батады.
(Қонжық)
Қыста ғана болады
Ұстасаң қолың тоңады
(Қар)

Міне балалар бірнеше жұмбақ шештік, жұмбағымыздың жауабы суреттермен берілген екен.
Енді интерактивті тақтадағы суреттерді қарап аудиожазбаны тыңдап қайталап айтайықшы. Бұл сөздер қандай дыбыстан басталады ( қоян, қонжық, қар)
Олай болса бүгінгі сабағымыздың тақырыбы:

«Қ» дыбысын дыбыстату. –
- Қ дыбысы дауыссыз дыбыс.

«Қ» дыбысын таңбасын көрсетіп, дауыссыз дыбыс көк текшемен белгіленетіні айтылады. «Қ» дыбысы сөздің басында, ортасында, соныңда кездесе береді екен.
- Кәне, бәріміз Қ деп айтып көрейікші

Арыстанның тапсырмасы: «Ажырату»

Ойын. Кім шапшаң?
Келесі интерактивті тақтадағы тапсырманы орындайық. Қ қ әріпінен басталатын суретті тап. Қай топ көп тапса сол топ жұлдызша алады.

Арыстанның сыйластық сөзі: «Рахмет сау бол!»
Сергіту сәті.
Ормандағы аюдың,
Құлпынай көп екен.
Теріп, теріп алайық,
Қалтамызға салайық

Дәптермен жұмыс

Ұйқасын тап.
Жарайсыңдар балалар Түлкі үйіне келді, жетті сіздерге алғыс айтты.
Қоян. Қонжы.
Қар.

Жеке жұмыс
ІІ кезең Жаңа тақырыпты меңгерту
Тыныш оқушымен жұмыс түрі
Деңгейлік тапсырма:
І - топқа Суретпен жұмыс «Қ» әрпі бар суреттерді айту
ІІ - топ «Қ» әрпінен басталатын адамның аттарын айту.
III - топ Сурет арқылы сөйлем құра.

Топтық жұмыста тыныш оқушылар ашылып, белсене қатысып қызығушылығын арттырамын.
Өз деңгейлеріне байланысты жұмыс
І деңгей. Тапсырма: Қ әрпінен басталатын сөздер айту
2 деңгей Тапсырма: «Қ» әрпінен кездесетін сөздерді айту. Сөздерде буынға бөл.
3 деңгей Тапсырма: Суретпен сөйлем құра. Дыбысық талдау жаса.

Тестік жұмыс
1 Қ әрпі бар сөздерді белгіле
А) сағат
Ә) дәптер
Б) қасқыр

2. Мына сөздерді буынға бөл
А) қоңырау
Ә) қарлығаш.

Әр топ өздерінің деңгейлік тапсырмалаларын орындайды.
Рефлексивті – түзетушілік

«Бағалау»
Кері байланыс:
Қорытынды:
- Қ - қандай дыбыс?
- Неліктен?
- Қ әрпін қандай текшемен белгіледік?
- Оқушылар, бүгінгі өткен сабағымызды «Сиқырлы таяқша» ойыны арқылы қорытамыз. Сиқырлы таяқшаны ұстап тұрып, әрпіне байланысты сөздер айту.

- Қ дыбысы сөздің қай жерінде келеді?
Бағалау: Жеңімпаз атанған топтарды мадақтау.
Кері байланыс: қызыл, сары, көк спикерлерді пайдаланып, алма ағашына жапсыру.
Қ дыбысының дауыссыз екенін айтады және көк текшемен белгілейтінін, айтады.
Оқушылар ойынды қызыға ойнап шығады. Қ дыбысының сөздің басында, ортасында, соңында кездесетінін айтты.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мұқағали Мақатаев, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, математика, математикадан сабақ жоспары, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету