Сайтқа кіру Тіркелу

Ы. Алтынсарин «Бір уыс мақта»

Тақырыбы: Ы. Алтынсарин «Бір уыс мақта»
Мақсаты: оқыған шығарма мазмұнын әңгімелеуге, таныс ертегіні суреттерге қарай отырып айтып білуге талпындыру. Балалардың тілдерін жетілдіру, тіл байлығын дамыту, тыңдау қабілеттерін арттыру, еңбек етуге, үнемшіл болуға тәрбиелеу, шығармашылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: слайд, ертегілерден үзінді, Ы. Алтынсариннің суреті.
Сөздік жұмыс: шапан, мақта қиқымы, мамық.
Жүрісі:
1. Ұйымдастыру
Шаттық шеңбері
Балалар шеңбер бойына тұрып өз аттарын айтады.
Балаларды санау арқылы топқа бөлу. Өз топтарына ат қояды.
1 топ
2 топ
3 топ
4 топ
Сұрақ қою
1 топқа. Жыл мезгілдерін ата
2 топқа. Қазір жылдың қай мезгілі?
3 топқа. Қыс мезгілінің айларын ата
4 топқа. Бүгін аптаның нешінші күні, қалай аталады?
Сұраққа жауап берген бала топ басшысы болады
- Балалар мен сіздерге әр ертегі, әңгімеден үзінді оқимын. Сіздер ертегі, әңгіменің қалай аталатынын тауып айтасыңдар.
1. Тышқан: Апырай қайдан шықты екен осынша нан? Біліп алып, шыққан жеріне кірсем бе екен?- деп ойлады.
2. Алыс таулы өлкеде, ну орман ішінде қасқыр, түлкі, әтеш үшеуі шаһар салмақ болды.
3. Қыз мысықтың құйрығын кесіп алды. Мысық: «құйрығымды берші» дейді.
4. «Бұл таластан еш нәрсе өнбес, жылды қарап тұрайықта, кім бұрын көрсе, сол жыл басы болсын»- деді.
Жауап берген балаға жұлдызша беріп отыру.
- Бұл ертегі, әңгімелерден ұйымшыл, еңбекқор, үнемшіл болу керектігін түсіндік. Балалар, еңбек, үнемшілдік дегенді қалай түсінеміз? (Балалар жауабы)
Біз еңбек ету арқылы жетістікке қол жеткіземіз. Ал еңбек бізді төзімділікке, үнемшілдікке, еңбекқорлыққа тәрбиелейді.
Ы. Алтынсариннің суретін көрсету
Ы. Алтынсарин кім? (балалар жауабы)

Тұңғыш педагог оқулық жазды

1841 ж. Қостанай облысында дүниеге келген
Мектеп ашты
Ақын, жазушы
Әр топ әңгіме құрайды.
Бүгінгі оқу іс әрекеті Тіл дамытудан Ы. Алтынсариннің «Бір уыс мақта» әңгімесімен танысамыз.
Балаларға әңгімені оқып беру, түсіндіру, сұрақ қою (әр топтан 1 бала жауап береді)
- Үйде анасы мен қызы не істеп отыр еді?
- Қыз артық мақтаны не істейді?
- Мақтаны не іліп, алып кетті?
- Торғайға мақта не үшін керек болды?
Сергіту сәті
Қырға шықсаң өрлеп (қолдарын кезек жоғары көтереді)
Мұның аты - еңбек (екі қолын жаяды)
Кесте тіксең зерлеп (оң қолмен ине ұстап тіккен қимыл көрсету)
Мұның аты - еңбек (екі қолын жаяды)
Сабағыңа жөндеп (жанындағы көршісіне қолын жаяды)
Әзірленсең еңбек
Қиындықтың бәрін (құшағын жаяды)
Еңбек қана жеңбек (екі қолын жаяды)
Әліппе дәптермен жұмыс
1. Суретпен жұмыс
Шапан - астарына жүн не мақта салып сырып тігілген сырт киім.
Мақта қиқымы - мақтаның қалдығы, бір нәрсенің қалдығы
Мамық - құстың үлпілдеген жұмсақ жүні
Балаларға көрсету

Дидактикалық ойын: «Ұйқасын тап»
Итпен бірге таласып,
Табаққа қонып қоймайды
Білсең, қане, айта ғой
Танисың ба (торғайды)
Топтық тапсырма
1 топ «Торғай» сөзін буынға бөліп, сөйлем құрайды
2 топ «Шапан» сөзін буынға бөліп, сөйлем құрайды
3 топ «Мақта» сөзін буынға бөліп, сөйлем құрайды
4 топ «Мамық» сөзін буынға бөліп, сөйлем құрайды

Жаңылтпашты жаңылмай, жатқа айту
Мақталы дала
Аппақ қой, қара
Қарашы бала
Мақталы дала

Әр топтан бір балаға айтқызу
Қорытынды: Сонымен, балалар, біз бүгін Ы. Алтынсариннің «Бір уыс мақта» әңгімесімен таныстық. Бұл әңгімеден еңбек ету және ысырапшылдыққа жол бермеу керектігін түсіндік. Дүниедегі жаратылған жанды - жансыздардың ешқайсысының да керексіз болып, жерде қалатыны болмайды. Мысалы: мата қалдықтарынан көрпе құрауға болады. Адал еңбектің нәтижесі адамды қуанышқа бөлейді. Адам өз мақсатына ерінбей еңбек еткеннің арқасында ғана қол жеткізеді.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×