Сайтқа кіру Тіркелу

Бағдарлама «Менің отбасым – менің өлкем – менің үйім»

Бағдарлама « Менің отбасым – менің өлкем – менің үйім»

Мақсаты: мектепке дейінгі балаларды аймақтық әлеуметтік мәдени ортамен таныстыру арқылы рухани адамгершілікке тәрбиелеу.

НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕРІ
Білім беру:
- Генеалогиялық құрылым арқылы балалардың өз отбасының тарихына деген қызығушылығын дамыту, туыстық қатынас туралы ұғымын қалыптастыру, отбасы туралы түсінігін байыту;
- туған ел туралы білімдерін кеңейту, туған өлке тарихы туралы білімдерін тереңдету және байыту,
- Қазақтың ұлттық әдет - ғұрпы және дәстүрлері туралы білімдерін қалыптастыру;
- Мектепке дейінгі балалардың туған өлке жайлы қарапайым және географиялық шынайы – ғылыми ұғымдарын жүйелеу және кеңейту;
- Туған аймақтағы жануарлар мен өсімдіктер әлемінің айырмашылықтарымен таныстыру, өсімдіктер мен жануарлардың сыртқы құрылымы арасындағы байланыстылықты түсіндіру және олардың өмір сүру жағдайлары туралы түсініктерін қалыптастыру;
- Сәтбаев қаласында тұратын адамдардың еңбегі туралы балалардың түсініктерін кеңейту және нақтылау. Әртүрлі еңбек түрлерінің өзара байланысы, еңбектің қоғамдық мәні туралы балалардың өзіндік қорытындыларын нақтылау.
Дамыту:
- Табиғатты ғылыми тұрғыда түсінуде шынайы - ғылыми ойлау негіздерін қалыптастыру;
- Білімпаздықтарын, шығармашылық біліктіліктерін, қиял мен елестете білу қасиеттерін дамыту;
- Үлкендер мен балалар арасындағы қарым - қатынас әдептіліктерін қалыптастыру, монолог тілін дамыту;
- Тіл ақауын түзетуге бағытталған жалпы және арнайы әдіс - тәсілдерді қолдану арқылы жас ерекшеліктеріне сай сөздік қорымен дұрыс, анық, мәнерлеп айтуды дамыту,
Тәрбиелеу:
- Жақындарына деген қамқорлықты және құрметтеуді, отбасына деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу;
- Тарихи және мәдени мұраларды бағалауға, кіші Отанына деген сүйіспеншіліктерін тәрбиелеу;
- Қоршаған ортаны тануда жеке тұлғаның белсенді өмірге деген ұмтылысын тәрбиелеу.

Жұмыс формасы: танымдық, дамытушылық сабақтар, әңгіме, бейнелеу өнерінің әртүрлі формалары, саяхат, дамытушы ойындар, ата - аналармен бірлескен іс - әрекет.

Күтілетін нәтиже:

- өз отбасының тарихын білу, отбасылық салт - дәстүрлерді айта алуы;
- туған қаласының тарихы туралы қарапайым білімдері болуы;
- Сәтбаев қаласының өндірілетін өнімі туралы білімі болуы, өз қаласының өткен еңбек жолдарын білуі;
- Сәтбаев қаласының көркемдік шығармашылығы туралы білімі болуы;
- туған өлкесінің пайдалы қазбалары туралы білуі және оны атау;
- жайлаулы өлкенің жануарлар және өсімдіктер әлемін білуі, табиғат ережелерін білуі;
- табиғи және қолданбалы материалдармен жұмыс істеуде тәжірибелік дағдыларының болуы.

БАҒДАРЛАМА ҚҰРЫЛЫМЫ
«Менің отбасым – менің өлкем – менің үйім» бағдарламасының курсы
3 жылға жоспарланған

Оқытудың бірінші жылы (3 жастан 4 жасқа дейін - ІІ кіші топ)

Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы,
№33 «Күншуақ» бөбекжай балабақшасы КМҚК, тәрбиеші
Сейтжапбарова Гульнар Бухарбаевна

Бағдарлама «Менің отбасым – менің өлкем – менің үйім» жүктеу
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×