Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Мектеп жасына дейінгі әр түрлі жастағы балаларға ойын арқылы көрсетілетін қысқы ауа - райын бақылайтын картотека

МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ ӘР ТҮРЛІ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРҒА ОЙЫН АРҚЫЛЫ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫСҚЫ АУА - РАЙЫН БАҚЫЛАЙТЫН КАРТОТЕКА

Картотека №1
«Қар үстіндегі іздерді бақылау.»
Мақсаты: Балаларға қар үстіндегі адамдардың, жануарлардың, құстардың ізін айырып, білуге үйрету. Балалардың байқағыштығын, ойлау қабілетін қалыптастырып, толықтыра түсу.
Көркем сөз:
Ақ киімді денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау танымас тірі жанды.
Үсті - басы ақ қырау түсі суық,
Басқан жері сықырлап келіп қалды. (Абай)
Еңбек: Құстар үшін жем салғыш жасап, оны ағашқа іліп қою, жем салу.
Мақсаты: Қыстаған құстарға, хайуанаттарға қамқоршыц болуға тәрбиелеу.

Картотека №2
«Қар жауып тұрған құбылысты бақылау.»
Мақсаты: Қардың жауып тұрғанын бақылау, ауа - райына байланысты құбылыстарды түсіндіру, аязды күнде қар жеңіл болады, олар ауада би билегендей, ал жылы күнде қар ауырлау тартады,- қалықтап жерге түседі, суық күнде қар ұшқындары жеделдеп жауады.
Тапсырма: «Қыс» тақырыбына символдар арқылы суреттер салуды ұсыну.»
Көркем сөз:
Тазалашы мұз болған,
Есік алды тайғанақ жата берсін.
Біз оған теуіп жүрміз сырғанақ,
Шыға беріп жалтақтай,
Ұшып түсті қалпақтай.

Қимыл ойын: «Аңшы мен қояндар»
Мақсаты: Жылжымалы лақтырған нысанаға затты тигізу, жүгіруге өрмелеп шығуға жаттықтыру.
Еңбек: Тәрбиеші жұмысты әркімге бөліп беруге көмектеседі. Бірі қарды жинаса, екіншісі оны тасиды, шанаға артады, ұжым болып бәрі қарды тазалауға қатысады.
Мақсаты: Балаларға жұмысты бірігіп атқаруға бағыт - бағдар беру.

Картотека№3
«Қырауды бақылау».
Мақсаты: Балаларға қыраудың қалай пайда болатынын айтып кету. Қырау түскен ағаштарды бақылау. Темір затқа үрлеп көрейік, оған қырау түсті, біздің буымыз суықтан қырауға айналды. Сонымен қырау бұл кәдімгі бу, ол әйнек шынысына, ағаш бұтақтарында, басқа да заттарда қатып қырауға айналады. Қырау әдетте күннің ашығында пайда болады.
Көркем сөз:
Тазартып бар кір шаңнан,
Қыс өнерін бастады.
Терезеге қыраудан,
Сурет салып тастады.

Қимылды ойын: «Суық қойлар»
Мақсаты: Қимылды жаттығуларды жасатуларды үйрету, тапқырлық таныта білу.
Еңбек: Бір - біріне кедергі жасамай, жұмыс істеуді үйрету.
Жеке жұмыс: Тәжірибе жасау; мұз, бу, су (заттың бір түрден, екінші түрге айналуы)
Жорамал:
Ағашқа қырау түссе, аяз болады,
Тұман болса, күн жылы болады.
Егерде түнде қырау түссе, күндіз қар жаумайды.
Жұмбақ:
Қант сияқты аппақ,
Ұлпа болып жерде жатады. (қар)

Картотека№4
«Мұз сүңгісін бақылау».
Мақсаты: Мұздың қасиеті туралы мол түсінік беру. Балалардың байқағыштық қасиеттерін қалыптастырып, жасаған іс - әрекетке баға беріп, қорытынды жасай білуге үйрету.
Тапсырма: «Сүмелек мұз» тақырыбына сурет салу.
Сұрақтар:
Сүмелек мұз жөнінде не айтуға болады?
Ол қандай? Сәбіз сияқты.
Сүмелек мұз қай жерде, қалай пайда болады?
Күнгей жақта ма, әлде терістік жақта ма?
Олар қайдан пайда болады?
Осыдан қандай қорытынды жасауға болады?
Көркем сөз:
Көл бетінде жатыр айдын - мұзойнақ,
Қыстың өзі жасағандай бізді ойнап.
Шаңғы теуіп жапрысамыз желменен,
Күнде осында қызықтаймыз біз ойнап. (Мұзафар Әлімбаев)
Қимылды ойын:
«Үнсіз қалған қоян»
Мақсаты: Ойынның тәртібін сақтай отырып, секіріп алға жүгіру,

Картотека№5
«Қайың ағашты бақылау.» (Қиялдау)
Мақсаты: Қайың ағаштың қысқы көркін бақылау.
Балаларды табиғаттың қорғаушысы болуға тәрбиелеу.
Тапсырма: ағаш туралы суреттер бойынша шығармашылық әңгіме құрастыру. Әр балаға суреттер таратылады.
Көркем сөз:
Ағаштар тұр жүдеп,
Жапырақ сәні енеді.
Соғады жел үдеп,
Қыстың кеп сәлемі.
Еңбек: Қайың ағаштың түбіне қар жинау.
Мақсаты: Балаларға ағаштың түбін қармен жабудың сырын, пайдасын түсіндіру.
Қимылды ойын: «Біз көңілді баламыз»
Жеке жұмыс: «Жұмбақты шеш» сюжетті ойын ойнату.
Жұмбақ
Жазда жатсаң көлеңкесі алады,
Қыста жақсаң жаның рахат табады. (Ағаш)

Картотека№6
«Терезедегі өрнектегі бақылау.»
Мақсаты: Балаларға құбылысты түсіндіру. Олардың ойын толықтыру.
Терезедегі өрнектерді бақылау.
Тапсырма: Трафареттің көмегімен «Аяз атаның терезеге салған келемежді суреттері» атты ұжымдық жұмыс жасау.
Көркем сөз:
Бір топ бала сырғанап,
Барады әне жарысып.
Қалды артта қыр қалып.

Қимылды ойын: «Айлакер түлкі»
Мақсаты: Оңды - солды жалтарып жүгіруге жаттығу.
Еңбек: Қардан бекініс жасауды үйрету.
Мақсаты: Күрекпен қарды ойып, үй салуды, бекет тұрғызуды үйрету.
Жеке жұмыс: Қар атжалына секіріп шығу және одан жерге түсуге үйрету.
Жорамал: Қыз аязды болса - жаз ыстық болады.
Жұмбақ:
Отта жанбайды,
Суда батпайды. (Мұз)

Картотека№7
«Желді бақылау»
Мақсаты: Желдің бағытын қапалық арқылы анықтау.
Сұрақтар:
1. Желдің бағытын, күшін қалай біліп, анықтауға болады?
Үй мұржаларынан шыққан түтіннен, қағаздың кішкене кесінділерінен т. б. жорамалдарынан анықтап білуге болады.
2. Қыста жел қандай болады?
Көркем сөз:
Қыстағы қар, жаздағы жаңбыр - жерге жауған нұр.
Қимылды ойын: «Әткеншек»
Мақсаты: Алғашқыда асықпай, сонан соң тез айналып жүгіру.
Еңбек: Алаңды көркейту үшін түрлі - түсті мұз кесінділерін дайындап қою.
Мақсаты: Суды қатырып, мұз қалпына келтіру, заттың алғашқы күйінен екінші күйге көшіру деп аталады.
Жеке жұмыс: Екі аяқпен бірдей қарлы жолмен секіру.
Жорамал: Қарғалар мен шауқарғалар ағаштың төменгі бұтақтарына отырса күн желді болады.

Адилова Нуржанат Сагатбековна
КМҚК «Қарлығаш» балабақшасының тәрбиешісі
Қарағанды қаласы
Толық нұсқасын жүктеу
Кері қайту
Загрузка...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала-бақша, балабақша, балабақшаға арналған, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, табиғат, тарих, технология, тәрбие, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, әдебиет

Барлық тегтерді көрсету