Сайтқа кіру Тіркелу

Бүтін және бөлік

Математика
Сабақтың тақырыбы: «Бүтін және бөлік»
Сабақтың мақсаты:
1. Бүтін және бөлік туралы түсініктерін қалыптастыру.
2. Ойындар арқылы ой - өрісін білімділік қасиеттерін дамыту.
3. Шапшаңдыққа, ұқыптылыққа, байқампаздыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі:
1 ден 10 ға дейінгі сандар, әртүрлі пішіндер, таңбалар, есептер
Сабақтың әдісі:
Түсіндіру, үйрету, сұрақ – жауап.

Психологиялық дайындық: Шаттық шеңбер

Бір дегенде тұрайық,
2, 3, 4 алақанды соғайық.
Оң жаққа бұрылып,
Сол жаққа бұрылып.
Біз жүгіріп алайық,
5 дегенде асықпай,
Орнымызды табайық.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
Балалардың сабаққа дайындықтарын көріп шығу. 1 ден 10 ға тура кері санату. Өткен сабақты қайталау. Сандардың құрамын табу балаларға көрнекіліктер арқылы есептер щығарту.

II. Негізгі бөлім:
1. Балаларға бүтін және бөлік туралы түсінік беру. Алманы бүтін көрсетіп екіге бөліп көрсету және ширекті тапқызу.

2. Логикалық жұмбақтар шешу
Асыр сап жүр сырғанап,
Сырғанамай екі бала.
Жағалауда тұр қарап,
Енді осы бар баланың,
Санын айтсаң жарадың.

Үге кірді Алдияр,
Оған қоса Мадияр.
Кейін келді Айдана,
Қанша болды бар балы.

Табақта төрт алма,
Қолымда бір алма.
Балығын қосқанда.
Болды неше алма?

Жаңа сабақ:
Оқулықпен жұмыс
1. Суреттерді көрсетіп түске сырлату қағаздан бүтін жарты ширекті қиып көрсету.

Сергіту сәті:
Балаларды орнынан тұрғызып сергіту жаттығуын жасатамын
Оң қолыңда бес саусақ,
Сол қолыңда бес саусақ.
Қосып едім екеуін,
Болып шықты он саусақ

Тақтамен жұмыс:
№2 Әр гүлде көмбеде 7 гүлден болуы керек, жетпеген гүлді жабыстыр. Әр қатардан бір оқушы шығарамын.
3. Аулада 6 балапан жүр еді, оның екеуі кетіп қалды. Аулада неше балапан қалды. Жылдам есептеген оқушыға тақтаға жаздырамын.
4. Балаларға жеке есептер таратып беріп орындарында орындату.

III. Қорытынды:
- Балалар бүгін біз математика оқу іс - әрекетінде не үйрендік?
- Қандай заттарды бөлдік?
- Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды атап өту, мадақтау.

Жаңаөзен қаласындағы № 18 орта мектептің
МАД тобы мұғалімі
Эжимырадова Слухан Мухатжановна
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×