Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Көбейткішті түбір белгісінің алдына шығару

Сабақтың тақырыбы: Көбейткішті түбір белгісінің алдына шығару.
Сабақтың мақсаты:
Бәрі: Түбірдің мәнін таба біледі.
Көбісі: Квадрат түбірдің қасиеттерін ескеріп көбейткішті түбір таңбасының алдына шығара біледі.
Кейбірі: Көбейткішті квадрат түбірдің таңбасының алдына шығарып амалдарды орындай біледі.
Сабақтың нәтижесі:
Бәрі: Түбірдің мәнін таба алады.
Көбісі: Түбірдің қасиеттерін ескеріп көбейткішті түбір таңбасының алдына шығара біледі.
Кейбірі: Көбейткішті квадрат түбірдің таңбасының алдына шығарып амалдарды орындай алады.
Сабақта қолданатын әдіс - тәсілдер: "Миға шабуыл " әдісі, СТО стратегиясының элементтері, топтық және жұптық жұмыс, деңгейлік тапсырмалар, " Айналмалы бекет" әдісі, "Ыстық орындық ", БҮҮ кестесі. Модульдердің кіріктірілуі: СТО, АКТ, оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау, талантты және дарынды балаларды оқыту, оқытуды басқару және көшбасшылық.
Сабақтың түрі: бекіту сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер, слайдтар, топтық тапсырма кеспелері, бағалау парағы.
Сабақтың жоспары:
I. Психологиялық дайындық.
• II. Кіріспе.
1. “Миға шабуыл” әдісі.
(сәйкестендіру)
• III. Негізгі бөлім.
• 1." Айналмалы бекет" әдісі
Деңгейлік тапсырмалар
• IV. Қорытынды.
• 1."Ыстық орындық ",
• 2. Рефлексия.
• 3. Бағалау, үйге тапсырма.
1. Психологиялық дайындық кезеңі. Оқушылар ортаға шығып шаттық шеңберіне тұрады және әрқайсысы өз армандарын айтып арманға жету жолын айтып шығады.
Геометриялық фигуралар арқылы 3 топқа бөлінеді.
2." Миға шабуыл " әдісі арқылы топтарға сәйкестендіру тапсырмасы беріледі.

• 3. " Айналмалы бекет" әдісі арқылы оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беріледі. Мұнда оқушылар 3 түрлі фломастер алып ортаға берілген флипчартқа әр топ өз есептерін шығарады. Шығарып болған соң тапсырманы келесі топқа тексеруге береді, ол топ тапсырманы өздерінің фломастерімен тексеріп, дұрыс немесе қате екенін көрсетеді, осылайша үш топтата тапсырмаларды шығарады.
І деңгей.
Есептеңдер:
I топқа. √64; √81; √ 25 √ 625;√100.
II топқа √ 36; √ 49; √ 16; √400; √1.
III топқа √ 4;√ 9;√ 900; √1600; √256;
II деңгей

Көбейткішті түбір таңбасының алдына шығарыңдар.
I топ √27; √ 80; 4√ 24; √ 160;
II топ √ 48; √ 98; 3√12;√ 810;
III топ √ 72; √ 45; 2√18;√360
IIІ деңгей.
Өрнекті ықшамдаңдар:

I топ № 77 ( 1 - 2)
II топ № 77 ( 3 - 4)
III топ № 78 ( 1 - 2)

• Өз тапсырмаларының дұрыстығын дәлелдегісі келген оқушылар ортаға шығып интербелсенді тақтаға есеп шығарады. Шығару жолын түсіндіреді.


4. Қорытынды. Оқушылар оқулықтағы ережелерді қаншалықты білетіндіктерін байқау мақсатында оқушыларға мынадай тапсырма беріледі:
1) а санының квадрат түбірі деп.....
2) Теріс емес санның оң квадрат түбірін оның......
3) Шектеусіз периодсыз ондық бөлшектерді.... деп атайды.
4) Рационал және иррационал сандарды бір атаумен..... деп атайды.
5) Мына түрлендіру қалай аталады?
6. Мына түрлендіру қалай аталады?

7. Мына түрлендіру квадрат түбірдің қай қасиетіне негізделген?
мұнда оқушылар ережені толықтыру керек және берілген түрлендіру қалай аталатынын анықтау қажет. Топтар ақылдасып, әр топтан оқушылар шығып өз ойларын ортаға салады.
5. Бағалау. Өзін - өзі бағалау, топтық бағалау, бағалау парақшалары арқылы бағаланады.
6. Кері байланыс.
Бүгінгі сабақтан біз нені білдік?
Нені үйрендік?
Білемін:
Білдік:
Білгім келеді:
7. Үйге тапсырма: № 80, № 81.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Координаталық жазықтықта сурет салу

Координаталық жазықтықта сурет салу

Координаталық жазықтыққа қатысты негізгі түсініктерді біледі, нүктені координатасы бойынша сала біледі. Координаталары бойынша ноутбукте графикалық...
Теріс сандарды қосу

Теріс сандарды қосу

Есеп: Кешке термометрдің көрсетуі - 2 ⁰С болды. Түн ортасында термометрдің көрсетуі тағы да - 4⁰С - қа төмендеді. Түн ортасында термометр неше...
Квадрат теңсіздікті квадраттық  функцияның  графигі арқылы шешуге есептер ш ...

Квадрат теңсіздікті квадраттық функцияның графигі арқылы шешуге есептер ш ...

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушылар квадрат теңсіздікті квадраттық функцияның графигі арқылы шешуге есептер шығару арқылы білімдерін жинақтау,...
Квадрат теңдеу түбірлерінің формулалары

Квадрат теңдеу түбірлерінің формулалары

Келтірілген квадрат теңдеу және толық квадрат теңдеу түбірлерінің формулаларын пайдаланып есептер шығару....
Квадрат теңдеулер

Квадрат теңдеулер

оқушылардың квадрат теңдеулерді және оған келтірілетін теңдеулерді шешу дағдыларын жетілдіру;...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала бақша, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертеңгілік, математика, математикадан сабақ жоспары, орыс тілі, презентация, сабақ, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, әдебиет, әдебиеттік оқу

Барлық тегтерді көрсету