Сайтқа кіру Тіркелу

Уақыт бірлігі. Сағат. Минут

Атырау облысы, Исатай ауданы,
Жанбай селосы, Х. Наубетов атындағы
орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Сұлтанғалиева Күнсұлу Саменқызы

Тақырыбы: Уақыт өлшемі. Сағат. Минут.
Мақсаты: Уақыт өлшем бірліктері - сағат және минутпен, олардың өзара қатынасымен таныстыру.
Уақыт туралы түсінік қалыптастыра отырып, ғылыми деректерден мағлұмат беру. Шаршы және тіктөртбұрыштың периметрін табу, жақшалы өрнек есеп шығару, қосу - азайту дағдыларын арттыру. Өзара достыққа, сыйластыққа, саналы азаматтар болуға тәрбиелеу
Әдістер: Түсіндіру, есеп шығару, жұптық жұмыс, ойын есептеу, графикалық жұмыс
Көрнекілік: Сағат макеті, жұмбақ, уақыт туралы қосымша мәліметтер,
Барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Сабаққа психологиялық дайындау.
Есептеуге жүйрік болсаң жасыңнан,
Математикаға орын берсең басыңнан
Барлық ғылым саған үйір болады,
Досың солар табылатын қасыңнан.
Сабақтың ұраны:
Біздер тату баламыз,
Өсіп шымыр боламыз.
Есептерді тез шешіп
Біз білімді боламыз.
3.Үй тапсырмасын тексеру.
1. Сыйымдылықтың бірлігі неге тең?
2. Литрмен қандай заттарды өлшейміз?
3. Сұйық заттарды ата
4. Топқа бөлу (фигуралар)
5. Жаңа сабақ - Қане, балалар, мынадай жұмбақ шешейік.
- Тілдерімен жүреді,
Уақытты біледі. (Сағат)
Олай болса, уақыт өлшемдері - сағат, минутпен танысамыз.
(дәптерге бүгінгі күн ретін, тақырыпты жазу)
1сағ =* 60 мин ( макетін көрсету)
- Сағатпен нені өлшейміз?
- Уақытты білу не үшін керек (сағатпен таныстыру)
- Сағаттың негізгі 2 тілі бар. - Олардың қандай айырмашылығы бар? (үлкен тілі сағатты, кіші тілі минутты көрсетеді)
- Әр цифрға келгенде 5 минут өтеді.
Толық сағатты көрсеткенде үлкен тілі 12 - ні, ал кіші тілі болған сағатты көрсетеді.
Мысалы: Мынау неше? 6, 6 сағ. 15мин. 12 12сағ. 30мин.
(әр оқушы өзінің алдындағы сағаттың макетімен уақытты көрсетіп отырады)
- Түскі 1 - ді көрсетіңдер.
- Кешкі тамақтың уақытын көрсетіңдер. яғни нешеде тамақтанасыңдар.
- Жататын уақыттарыңды көрсетіңдер.

Сағат түрлері
А) Оқулықпен жұмыс № 1 Сурет бойынша жұмыс. Бекзаттың іс - әрекетінің ретін анықтау.
Рим цифрларын көрсету.

№2 - тапсырма - Уақытты айтыңдар.
№3 - Тапсырма (ауызша)
Оқушы
Басталуы
Аяқталуы
Берік
10.. 00
... 10. 45
Серік
10.. 50
11... 35
Шынар
11.. 00
11.. 45

«Сен білесің бе?» 1 - слайд]

1. Күн сағаты. Ежелгі Египетте бұдан 5000 жыл бұрын жасалған. Алғашқыда шеңбер сызылып ортасына таяқ қадаған. Осы таяқтың түскен көлеңкесінен уақытты білген. Орта ғасырда Құм сағаты шыққан.
3. Ал, 1948ж физиктер ең дәл жүретін Атом сағатын ойлап тапқан. Атомдық сағатта маятник ретінде атом ядросын айналып ұшып жүретін электрон қолданылады.
№ 4 - тапсырма (жазбаша) «Ойлан - жұптас - бөліс әдісі»
Сергіту сәті (видео)
№5 Өзіндік жұмыс
Бұл мәлімет ШЫНДЫҚ па немесе ЖАЛҒАН ба?
1сағ = 60 мин 1апта = 6 күн
1мин= 60с 1тәулік =12 сағ

«Жұппен жұмыс» - (жақшалы өрнек шығару )
12 -(4+2)= 6 (10 - 6)+4 = 8 7+(10 - 7)=10
Қызықты сұрақтар
1 сағат артық па, әлде 90 минут артық па?
2 көгершінде барлығы неше көз?
Пойызбен - 1 тәулік
Автобуспен - 5 сағат
Барлығы -? сағат

3. Сабақты қорытындылау. Бағалау
4. Үйге тапсырма № 5
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×