Сайтқа кіру Тіркелу

Фигураның ауданы туралы түсінік. Фигуралардың теңшамалылығы және теңқұрылымдығы.

Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы,
Чапаев ауылы, М. Әуезов атындағы
№2 ОЖББМ мұғалімі Умарова Айдана Асқарқызы

Сыныбы: 8 Математика
Сабақтың тақырыбы: Фигураның ауданы туралы түсінік. Фигуралардың теңшамалылығы және теңқұрылымдығы.
Мақсаты:
Тік төртбұрыштың ауданы мен периметрін таба білу. Ауданын табудың жалпы тәсілімен оқушыларды таныстыру.
Міндеті:
Әр жеке тұлғаның шығармашылық қабілеттерін ұштау. Жеке қабілеті мен белсенділігін дамыта отырып, шығармашылыққа баулу.
Алған білімдерін күнделікті өмірде пайдалана білуге дағдыландыру.
Күтілетін нәтижелер:
Әр жеке тұлғаның шығармашылық қабілеттерін ұшталды. Жеке қабілеті мен белсенділігін дамыта отырып, шығармашылыққа баулып, есептер шығара алады.
Алған білімдерін күнделікті өмірде пайдалана білуге дағдыландыру.
Керекті жабдықтар:
Оқулық, дәптер, есептер шығар, слайд..
Сабақ барысы:
Сабақ кезеңдері Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Кіріспе
Ұйымдастыру. Оқушылармен амандасу. Көңіл - күйін тексеру, сабаққа дайындығын тексеріп, назарын жаңа сабаққа аудару.
Үй тапсырмасын тексеру. Амандасып, оқу - құралдарын түгендеп болған соң сабаққа кіріседі.
Оқушылар көрші оқушының дәптерін алып тексереді.
Тұсаукесер
10 мин
Қызығушылықты ояту.
- Бүгін біздің сыныпта мақтау, алғыс айту, ризалық күні.
Қандай алғыс, мақтау, ризалық сөздер білесіңдер?
- Өзің осылардың қайсысын жиірек естисіңдер?
- Кімдерден?
- Ал екі есе жие есту үшін не істеу керек?

«Ойлан, бөліс, жұптас»әдісі арқылы топта талқылау
Айналайын, Өркенің өссін, Сабағыңды 5 - ке оқы, Арманыңа жет, Қатарыңның алды бол, жарайсың. т. б.
- Барлығын.
- Әрдайым ұқыпты, тілалғыш болу керек.
Негізгі бөлім
Ой қозғау
20 мин
Мағынаны тану.
Оқушыларға сұрақ қою арқылы жаңа сабаққа бағытталу.
Оқушылар, жалпы фигуралардың ауданы ұғымын біз күнделікті іс - тәжірибемізде жиі қолданамыз. Мысалы, сендер отырған сынып бөлмесінің ауданы, саяжайға бөлінген жердің ауданын және т. с. с. енді жазық фигураның ауданы ұғымын анықтамастан бұрын, бұл ұғымның кесінді ұзындығы ұғымымен салыстырғандағы кейбір ерекшеліктерін атап өтейік.
Екі кесіндінің ұзындықтары тең болса, онда бұл кесінділер тең, ал бұрыштары тең боса, онда бұл бұрыштар тең болатынын бізге белгілі. Ал фигуралардың аудандарын өлшеу процесінде бұл қасиеттер орындала бермейді. Яғни әр түрлі, өзара ұқсас емес фигуралардың аудандары бірдей бола беруі мүмкін. Мұндай фигураларды тең шамалы фигуралар деп атайды. Егер, екі фигураны қос - қостан өзара тең бөліктерге бөлу мүмкін болса, онда бұл фигуралардың тең құрамды деп атаймыз.
Жалпы, фигура ауданы ұғымын қатаң математикалық түрде төмендегі аксиомалардан алуға болады:
1. Тең фигуралардың аудандары тең.
2. Егер фигура қандай да бір сызықпен екі басқа фигураларға бөлінсе, онда берілген фигураның ауданы осы бөліктердің аудандарының қосындысына теі.
3. Қабырғасы бір өлшем бірлігіне тең квадраттың ауданы 1 - ге тең.
Әрине, бұл аксиомалар аудан ұғымың көрнекілігінен шығатын қарапайым қасиеттер және олар фигура ауданын өлшеу процесін анықтайды. Осы аксиомалардан мынандай салдарлар шығады.
Салдар 1. Егер бір фигура екінші фигураның бөлігі болса, онда бұл фигураның ауданы екінші фигураның ауданынан кем болады.
Салдар 2. Тең құрамды фигуралардың аудандары да тең болады.
Қабырғалары а және в болатын тіктөртбұрыштың ауданы мына формуламен анықталады.
S =ab

1. «Алғырлық кілті» турына, яғни оқулықпен жұмыс жасайық.
№ 319 есеп. (А деңгейінің есебі )
2. «Кесте толтыру».
3. «Біліктілік шыңы» ( 3 есеп)
4. «Шығармашылық саты»
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Оқушылардың ұстазбен бірге сабаққа араласып, ережелерді айтып, сабаққа белсене қатысу.

А деңгейінің оқушысы есепке тақтаға шығады.
В деңгейінің есебіне тақтаға 4 оқушы тапсырманы орындайды.
Тақтаға 1 оқушы шығып есеп шығарады.
Оқушылар орындарында тапсырманы орындайды.

Әр қатарға беріледі, бірақ оқушылар ір қайсысы өзімен жұмыстанады.
Әр топтан 3 оқушы шығады.
(партаның, сынып бөлмесінің, тақтаның ауданын табады.).
Қоры тынды

10 мин
Үйге тапсырма:
Өз үйлерінің немесе өз бөлмесінің ауданын табу.
Рефлексия.
Тіктөртбұрыш дегеніміз не?
Оның қандай қасиеттері бар?
Периметрінің, ауданының формуласы қандай?
Оқушылардан жауап алу.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×