Сайтқа кіру Тіркелу

Қызықты сағат

«Қызықты сағат» математикалық сайысы
/сыныптан тыс шара 8 - 9 - сынып/
Мақсаты:
1. Білімділік: Оқушылардың математикаға қызығушылығын, ынтасын, зейінін арттыру, алған білімдерін тереңдету.
2. Дамытушылық: Ой - өрісін кеңейту, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, ұжымшылдық қабілетін дамыту.
3. Тәрбиелік: Окушыларды ұжымшылдыққа, жолдастыққа, алғырлыққа, белсенділікке және жеке тұлға етіп қалыптастыру.
Көрнекілігі: Презентация, безендірілген кабинет, нақыл сөздер, карточкалық тапсырмалар, логикалық есептер, әр топқа даярланған үстел. Топтың аты жазылған алдарына қоятын қағаздар. Жеңімпаз топты анықтау, марапаттау
Түрі: топтық сайыс
Жоспары:
1. Топ мүшелерімен таныстыру. Топтың өзін таныстыруы, ұраны;
2. Логикалық сұрақтар;
3. Полиглот
4. Кім жылдам?
5. Сергіту сәті
6. «Артық сөзді тап»
7. «Математикалық терминдер»
8. «Кім тапқыр?» жанкүйерлер сайысы.
9. «Топ басшылар сайысы»

Қолданылған нақыл сөздер:
1. «Логика өнері – адамның ақыл - парасатын жетілдіруге көмектесетін құрал»
Әбу Насыр Әл - Фараби
2. «Математика – барлық ғылымдардың тұңғышы және оларға пайдалы да, қажет те»
Р. Бэкон
Барысы:
Құрметті оқушылар, Ұстаздар! Бүгінгі біз математиканың қыр - сырымен танысып, көңілді демалып, білім күшімізді сынау үшін «Көңілді тапқырлар» атты сайысқа жиналып отырмыз. Бұл сайыста екі топтың білімдерін сынағалы тұрмыз. Олай болса, сайысымызды бастайық.
Сайысты бастамас бұрын әр топтың білімін дұрыс бағалау үшін әділқазылар алқасын сайлап алайық. Бүгінгі сайыс шарттары әрбір әділқазының алдында дайындалып қойылған. Әр команданы ортаға шақырамыз, кешіміздің өтілу, тәртібімен таныстырайық.
Сайыс 9 кезеңнен тұрады. 1. Топ мүшелерімен таныстыру. Топтың өзін таныстыруы, ұраны;
2. Логикалық сұрақтар;
3. Полиглот
4. Кім жылдам?
5. Сергіту сәті. «Ойлан тап».
6. «Артық сөзді тап»
7. «Математикалық терминдер»
8. «Кім тапқыр?»
9. «Топ басшылар сайысы»

I. Топ мүшелерімен таныстыру. Топтың өзін таныстыруы, ұраны;
II. Логикалық сұрақтар. Тақтадан видео сұрақтар беріледі. Кім бірінші қол көтереді, сол жауап береді. Әр дұрыс жауабына – 1 ұпай.
1. Үстелдің 4 бұрышы бар. Егер 1 бұрышын кесіп тастаса, неше бұрыш қалады? (5)
2. Бөлмеде 2 ит, 3 құс, 1 шыбын бар. Осы жануарлардың бәрінің аяқтарын қосып есептегенде қанша болады?
3. Анасы 16 мандарин сатып алды. Жартысын Думан жеді, Айша екі мандарин жеді, Қалғанының жартысын Дина жеді. Қанша мандарин қалды?
4. Әсем поездың басынан есептегенде 7 - вагонға отырды. Мадина поездың
соңынан есептегенде 7 - вагонға отырды. Сонда қыздар бір вагонда болды. поезда неше вагон болған? (13)

3. Полиглот.
Көңілді кеш жасайық
Жұмбақ шеру шашайық
Мұнда қызық табылар
Жұмбақ, есеп бәрі бар
Ал, сайыскер балалар
Білімдеріңді сынайық. - деп

Жұмбақ қойылады, шешімін табу керек. Егер жауабы дұрыс болып, аудармасы жоқ болса, 1 ұпай алынады. Ең көбі – 3 ұпай.
1. Доп емес, дөңгелек емес,
Ұқсас бірақ достарым.
Фигура ол ең негізі
Дәл жауапты қостадым.
(шеңбер – окружность – circle)

2. Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,
Ұзындығы жазулы тұр бойында.
(сызғыш – линейка – ruler)
3. Алды - артымыз шексіз де
Жете алмайсың біздерге.
Сәулеменен кесілді Шыққан тегін білсе де.
(түзу – прямая – line)
4. Көк құтанша ақ айдында,
Бір аяқпен тұрады.
Тұмсығымен ол мұнда,
Шыр айналып шығады.
(циркуль – циркуль – сircle)
5. Бірдей санды бірнеше рет
Көбейтуден тұрады.
Егер оны ықшамдасаң
Қандай атау болады?
(Дәреже - степень - degree)

4. «Кім жылдам?» оқушы 1 минутта қанша сұраққа жауап берсе, сонша ұпайға ие болады.
1 тобына:
1. Екі қабырғасы тең болатын үшбұрыш (тең бүйірлі)
2. Жазықтықта қиылыспайтын екі түзу (параллель)
3. Қарама - қарсы қабырғалары параллель болатын төртбұрыш
(параллелограмм)
4. Бұрышты өлшейтін құрал
(транспортир)
5. Ең үлкен уақыт өлшем бірлігі / ғасыр /
6. Сағатта қанша секунд бар? (360с)
7. Нөлден кіші сандар? (теріс сандар)
8. 7 құрама сан ба, жай сан ба? (жай сан)
9. Миллионда неше ноль бар? (6)
10. Ең кіші жай сан? (2)

2 тобына:
1. Барлық қабырғалары тең үшбұрыш? (тең қабырғалы)
2. Жазыңқы бұрыштың градустық өлшемі? (180)
3. Ең кіші натурал сан (1)
4. 13 - тің квадраты? (169)
5. Тік бұрыш жасап қиылысатын екі түзу? (перпендикуляр)
6. Қабырғасы 1 - ге тең квадраттың ауданы неге тең (1)
7.
8.
9.
10.

Сергіту сәті:
6. «Артық сөзді тап». Әріптердің орнын ауыстырып, сөз құра және артық сөзді тап. Дұрыс жауапқа 1 - ұпай.
А) зүту В) ратквад С) тепмек
А/ усәле В/ бершең С/ ретеорма
А/ дісінке В/ пециятра С/масиоак
А/ деутең в/ бомр С/кадрват
7.«Математикалық терминдер». С, П, А, К, Т, Ш әріптерінен басталатын математикалық термин сөздер жазу, әр дұрыс жауап 1 ұпаймен есептеледі, 1 - минут.
8.«Кім тапқыр?». Суретте неше квадрат бейнеленген?

9. Топ басшылар сайысы.
Мәңгі бақи есте қалар
Ғажайып бір кеш болсын
Қиынырақ сұрақ болса да
Білімдірек топ озар,- деп топ басшыларына математикаға байланысты сөздер мен сандарға қатысты мақал - мәтелдер, қанатты сөздер беріледі.
1. Жеті жұрттың тілін біл, (жеті түрлі білім біл.)
2. Білекті бірді жығар, (білімді мыңды жығар)
3. Екі жақсы қас болмас, (екі жаман дос болмас)
4. Досыңды үш күн сынама, (үш жыл сына)
5. Бір елі ауызға, (екі елі қақпақ)
6. Жүз сомын болғанша, (жүз досың болсын)
7. Отыз тістен шыққан сөз, (отыз рулы елге тарайды)
8. Білгенің бір тоғыз, (білмегенің тоқсан тоғыз)
9. Бір кісі қазған құдықтан, (мың кісі су ішеді)
Әділқазы алқасынан ұпай саны сұралады.

10. Әділ - қазы алқасы топтардың жалпы ұпайларын есептейді, мадақтаулар
жүргізеді. Жеңіске жеткен топ «Қызықты сағат» сайысында жеңімпаз топты анықтап мадақтама беріледі, ұпайды аз жинаған топ белсенді қатысқаны үшін «Алғыс хатпен» мадақтап марапатталады.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×