Сайтқа кіру Тіркелу

Кім алғыр

Математика апталығы аясында 5 сыныптар арасында өткізілген сабақтан тыс іс - шара дайындаған «Жезқазған қаласының білім бөлімінің №10 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ математика пәнінің мұғалімі Есенбаева Элмира Амировна

Сыныптан тыс іс - шараның мақсаты:
1) Оқушылардың ой - өрісін кеңейтіп есте сақтау қабілетін шыңдау, оқушылардың білімге қызығушылығын арттыру.
2) Оқушыларды шапшаңдыққа, ізденімпаздыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Түрі: Топтық сайыс
Қажетті құрылғылар, көрнекіліктер: интерактивті тақта, сурет жасырылған қималар, фигуралар кескінделген парақтар
Жоспары:
1. Топтарды таныстыру
2. І - тур (блиц - сұрақтар 10/10)
3. ІІ - тур (жасырылған есеп)
4. Қызықты үзіліс
5. Қорытындылау, марапаттау
Барысы:
Жүргізуші: - Қайырлы күн қадірменді көрермендер!
Бүгінгі ойын топтық сайыс түрінде өтеді.
Математика сырлары,
Қызықтырды біздерді.
Ойынға бірге қатысуға,
Шақырамыз сіздерді!
Әділқазы алқасымен танысу
Әділ баға беріңіздер! - дей отырып сайыскерлеріміздің сәттілік тілейміз.
- Сайысымызды бастау үшін, алдымен 5 «А» және 5 «Б» сынып оқушыларын құралған екі топты ортаға шақырамыз.
1) Топтарды таныстыру кезеңі. Әр топқа 2 минут уақыт беріледі.
2) І - тур (блиц - сұрақтар 6/6)
1. Сағаттың ¼ - і неге тең? 15 минут
2. Ең үлкен екі таңбалы сан? (99)
3. 1 кг - да неше г бар? 1000г
4. Ридиусы 5 болатын шеңбердің диаметрі қанша? 10
5. Үш алманы екі әкесі мен екі баласы қалай бөліп алады? (егер ата, әке, бала болса)
6. 2 - нің 2 дәрежесі. 4
1. Тәуліктің 24 - тен 1 - і 1сағат
2. Ең кіші екі таңбалы сан? (10)
3. 1 сағатта қанша минут бар? (60)
4. Ридиусы 3 болатын шеңбердің диаметрі қанша? 6
5. Қолымызда 10 саусақ болса, он қолда неше саусақ бар? 100
6. 16 нешенің квадраты? 4
3) Жасырылған есеп
1 - есеп:
Тіктөртбұрыштың ауданы 24см2, ұзындығы 6см. Тіктөртбұрыштың периметрін тап? Жауабы: 20
2 - есеп:
Тіктөртбұрыштың периметрі 30см, ұзындығы 9см. Тіктөртбұрыштың ауданын тап. Жауабы: 56см
4) Қызықты үзіліс
Әділқазылар алқасы әділ бағаларын санағанша, көрермендерімізбен қызықты үзіліс өткізейік.
Шарты: жасырылған ұғымды немесе іс - әрекетті оқушылар ешбір дыбыс шығармай тек іс - қимылмен бейнелеулеріңіз қажет.
Жасырылған сөздер:
1. Координаталық жазықтық
2. Бұрыш
3. Кітап
5). Қорытынды.
- Қорытынды шығару үшін сөз кезегін әділ қазыларға береміз.
Жеңімпаздар марапатталады.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Математикалық сандық

Математикалық сандық

Сабақтың мақсаты: 1) Оқушылардың ой - өрісін кеңейтіп есте сақтау қабілетін шыңдау, оқушылардың білімге қызығушылығын арттыру. 2) Оқушыларды...
Ойнайық та ойлайық (2 сыныптар арасында математикалық сайыс)

Ойнайық та ойлайық (2 сыныптар арасында математикалық сайыс)

Мақсаты: Оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын, оқуға ынтасын арттыру ұйымдастырушылық қабілетін дамыту; Оқушыларды ұйымшылдыққа, нақты пәнге...
«Көңілді тапқырлар» математикалық сайысы

«Көңілді тапқырлар» математикалық сайысы

ШҚО, Ұлан ауданы, Манат ауылы, Ақжолов атындағы негізгі мектептің математика пәні мұғалімі Нурханова Зульфия Турусбековна...
Шаршының ауданы

Шаршының ауданы

Ақтөбе қаласы №1 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Альсуеуова Гулбану...

"Математикалық сандық" сайыс сабағы

Жорықбаева Индира Қызылорда облысы Қармақшы ауданы №105 қазақ орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі Сабақтың тақырыбы: « Математикалық сандық»...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×