Сайтқа кіру Тіркелу

Ондық бөлшектерге амалдар қолдану

«Жаңасай негізгі мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
математика пәнінің мұғалімі
Чыкаева Кульбаршын Советовна

Тақырыбы: Ондық бөлшектерге амалдар қолдану
Мақсаты:
• Оқушылардың ондық бөлшектер және оларға амалдар қолдану алгоритмдерін қайталап, есеп шығаруда, теңдеулер шешуде тиімді пайдалануға машықтандыру;
• Осы тақырып бойынша білімдерін өмірде, әртүрлі жағдайларда қолдана білуге дағдыландыру;
• Ауызша және жазбаша тез есептеу дағдыларын дамыту.
Міндеттері:
• Оқушының осы тақырып бойынша жүйелі білім алуына жағдай жасау;
• Оқушының логикалық ойлау қабілетін дамыта отырып, математикалық сауаттылығының артуына, ізденімпаздық қасиетінің дамуына ықпал ету;
• Өзін - өзі бағалай білуге тәрбиелей отырып, математика пәніне қызығушылығын арттыру.

Сабақтың жоспары:
1. Ұйымдастыру кезеңі. (топқа бөлу (үшбұрыштарға жазылған сандар атауы арқылы). Дұрыс, бұрыс және ондық бөлшектер )
2. Өткенді қайталау. (“Қарлы кесек” ойыны)
3. Тез шығарып есепті, зерек болып өсейік.
4. Үтір қайда тығылды? Қане ойланып көрейік!
5. Сергіту сәтті.
6. Әркез ондық бөлшекті салыстыра білейік!
7. Мұны біліп жүрейік, зейінімізге түйейік!
8. Ережені білеміз, тез есептеп жүреміз!
9. Қолданамыз қай жерде?
10. Бағалау.
11. Қорытындылау

• “Қарлы кесек” ойыны
Әр топқа қойылған сұрақтарға тез және дұрыс жауап беру талап етіледі.
• Тез шығарып есепті, зерек болып өсейік.
1, 2 – 0, 7=
25, 5: 5 =
1, 3  0, 3 =
3, 5 – 1, 08=
2, 1• 0, 01=

Үтір қайда тығылды?
Қане ойланып көрейік!
1) 123 + 37 = 16
2) 125•10 = 125
3) 205 – 45 = 16
4) 352: 100 =352
5) 125 • 8= 10
6) 15 – 32 =118

Сергіту сәті!
Бірімізге – біріміз
Басымызды иеміз,
Бірімізге – біріміз
Көмектесіп жүреміз!
Жақсы оқып сабақты
Тәрбиелі боламыз.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×