Сайтқа кіру Тіркелу

Сандардың арифметикалық ортасы, өзгеріс ауқымы, модасы тақырыбына есептер шығару

І. Ұйымдастыру кезеңі /2 мин./
а) оқушыларды түгелдеу, оқу құралдарын түгелдеу.
ә) олардың көңілін сабаққа аудару, стикерлерді алу арқылы топқа бөлінеді.
• Натурал сандар
• Жай бөлшектер
• Ондық бөлшектер
• Аралас сандар

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. /10 мин./
№ 1213 (А)
4 ) 6, 1; 7, 5; 7, 5; 5, 9; 6, 1;
Жауабы: 7, 5 және 6, 1
5) 0, 6; 0, 5; 0, 3; 0, 6; 0, 1;
Жауабы: 0, 6
6) 7; 9; 10; 8; 6;
Жауабы: бұл сандардың модасы жоқ
№ 1216 (А)
2) Өздерің 10 қарыстарыңның ұзындығын өлшеу арқылы бір қарыстарыңның орташа ұзындығын табыңдар
Жауабы: әр оқушы өз бетінше

ІІІ. Есептер шығару.
Бүгін біз сендермен саяхатқа шығамыз. Саяхатымыз бірнеше аялдамалардан тұрады. Егер сендер осы аялдамалардан сүрінбей өтсеңдер сендерді тосын сый күтіп тұр...

I. «Сұрақтар» аялдамасы. Бұл аялдамада оқушылар ұяшықтар ашу арқылы сұрақтарға бірден ауызша жауап береді.
1. Бірнеше санның арифметикалық ортасы қалай табылады?
2. Берілген сандардың өзгеріс ауқымы деген не?
3. Шама мәндерінің модасы қалай табылады?
4. Сандардың модасы болмайтын жағдайына мысал келтір?
5. Статистикалық сипаттамалардың жиі қолданылатын түрлері:

II. «Танымдық» аялдамасы.
1. Спорт жарысында команда мүшелері: Айдар - 14 ұпай, Серік - 16 ұпай, Жандос - 16 ұпай, Мәди - 9 ұпай алды. Ал Асхат ұпай ала алмады. 1) Спорт жарысында команда мүшелерінің әрқайысы ота есеппен қанша ұпай алды? 2) Ұпайлардың өзгеріс ауқымын табыңдар.
(14+16+16+9): 4=55: 4=13, 75
16 - 0=16
2. Сәуір айының бірінші аптасындағы ауаның тәуліктік орташа температурасы: 2 º, 4º, 5º, 9º, 6º, 4º, 7º болды. Осы аптадағы ауаның тәуліктік орташа температурасының өзгеріс ауқымын табайық.
Шешуі: 9º - 2º=7º.
Жауабы: апта ішіндегі тәуліктік температураның өзгеріс ауқымы 7º.
3. Оқушының тоқсан ішіндегі дене шынықтыру пәнінен алған бағалары 5, 5, 5, 4, 3, 4, 5, 4, 5, 5. Оқушылардың осы алған бағаларының модасы қай баға?
Жауабы: математикадан алған бағаларының модасы «5 - тік» баға

III. «Тұжырым» аялдамасы. Тұжырымдар беріледі ақиқатты 1 санымен, жалғанды 0 санымен өрнектеу керек.
1. Санның жуық мәні дегеніміз не?
Санның дәл мәні мен артық немесе кемімен алынған сан.(1)
2. Санды қалай дөңгелектейміз?
Санды дөңгелектегенде сан өзінің жуық мәніне ие болады. Санды оған жақынырақ натурал санмен немесе нөлмен алмастыруды, осы санды бүтінге дейін дөңгелектеу дейміз.(1)
3. Сандардың модасын тап.
2, 1; 3, 5; 4, 6; 2, 1; 0, 3;
Жауабы: 2, 2; (0)
4. Сандардың модасын қалай табамыз:
Берілген сандар қатарындағы жиілігі ең көп сан сол сандардың модасы болады. (1)
5. Сандардың өзгеріс ауқымын тап:
2, 6, 8, 10, 7.
Жауабы: 10 - 8=2 (0)
6. Сандардың арифметикалық ортасын тап: 7, 9, 10, 7, 20, 7
Жауабы: 7 (0)
7. Бірнеше санның арифметикалық ортасын қалай табамыз?
Жауабы: Берілген сандар қатарындағы ең үлкен сан мен ең кіші санның айырмасы. (0)
8. Өзгеріс ауқымы дегеніміз не?
Жауабы: Сол сандардың қосындысын қосылғыштар санына бөлгенде шығатын бөлінді Берілген сандар қатарындағы ең үлкен сан мен ең кіші санның айырмасы. (0)
Жауабы: 11010000

IV. «Тапқырлық» аялдамасы (кітаппен жұмыс).
№1227
1. Оқушылар орташа өнімді, жылдамдықты табуға есептер шығару керек.
Алма егілген үш бақтың әрқайсысының ауданы 12 га. Бірінші бақтан 1029, 6 ц, екінші бақтан - 918ц, ал үшінші бақтан 1166, 4 ц алма жиналды. Алма бақтарында алынған орташа өнім неше центнер?
Шешуі: (1029, 6ц + 918ц + 116, 4ц ): 3=2064 ц: 3 = 688ц
Жауабы: 688ц
«Көңілді күн» сергіту сәті /2 мин./

«Нәтиже» аялдамасы. Бұл аялдамада деңгейлік тапсырмалар орындалады.

А) Сандардың арифметикалық ортасын табыңдар
1) 30 мен 50
2) 10 пен 12
3) 0, 6 мен 0, 4
4) 1, 2 мен 1, 8

В) Сандардың арифметикалық ортасын табындар:
1) 10, 1; 9, 4 және 9, 9
2) 5, 9; 6, 1; 6 және 4, 8

С) Бағасы 750 тг 3 кг шай мен бағасы 980 тг 2 кг шай араластырылды. Қоспа шайдың 1 кг бағасы неше теңге?

Сөзжұмбақтар шешу
1. Шеңбердің центрі арқылы өтіп, оның бойындағы екі нүктені қосатын кесіндіні қалай атаймыз?(диаметр)
2. Бірлік кесіндісі берілген сәуле қалай аталады? (координаталық сәуле)
3. Градустық өлшемі 900 – қа тең бұрыш (тік бұрыш)
4. Барлық нүктелері бір жазықтықта және центрден бірдей қашықтықта жататын фигура қалай аталады? (шеңбер)
5. Екіден көп бөлгіштері бар натурал сандарды қалай аталады? (құрама сан)
6. Бірге және өзіне бөлінетін натурал сандарды қалай атаймыз? (жай сандар)
7. Жай сандардың кестесін жасауға арналған өзінің тәсілін ұсынған ғалым? (эратосфен)
8. Бұрыштың төбесінен шығатын және оны градустық өлшемдері тең екі бұрышқа бөлетін сәуле қалай аталады? (биссектриса)
9. Бір немесе бір неше әріп көбейткіштері бар көбейтінді түріндегі өрнектегі сан көбейткіш? (коэффициент)
10. Жай сандар ұғымын енгізген ғалым? (пифагор)
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×