Сайтқа кіру Тіркелу

Квадраттық функция

Сабақ тақырыбы: Квадраттық функцияның графигі
Сабақ мақсаты: 1. Квадраттық функция туралы білімдерін пысықтау, жинақтау, теориялық білімдерін шыңдау және есептер шығаруда қолдана білуге үйрету;
2. Оқушылардың ойлау қабілетін арттыру, шапшаң, тез есептеуге үйрету;
3. Жауапкершілік, табандылық, тәртіптілік және тағы басқа тұлғалық қасиеттерін пайдалана отырып, пәнге деген қызығушылығын ояту.
Сабақ түрі: бекіту
Сабақ әдісі: сұрақ - жауап
Сабақ құралдары: интерактивті тақта, плакат, карточкалар
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру. Оқушылардың сабаққа даярлығын тексеру, топ құрып, ережесін бекіту.
ІІ. Теориялық материалды қайталау. (1 - презентация)
1. Қандай функцияны квадраттық функция деп атайды?
2. Берілген функциялардың қайсысы квадраттық функция болады?
1) y=3x^2 - 6 4) y=4x
2) y=7x - 1 5) y=x^3+x+1
3) y=-〖3x〗^2 - x+6 6) y=2/3 x^2 - 1
3. y=ax^2, y=ax^2+n, y=a(x - m)^2
функциялардағы a коэффициенті нені білдіреді?
4. y=ax^2+n функциясының графигін қалай салуға болады?
5. y=a(x - m)^2 функциясының графигін қалай салуға болады?
6. y=a(x - m)^2+n функциясының графигін қалай салуға болады?
ІІІ. Эстафета ойыны. (2 - презентация) Әр топ оқушылары интерактивті тақтадағы формуласымен берілген квадраттық функцияны графигімен сәйкестендіреді.
IV. Жұптық жұмыс: 1 - жұп тапсырмасы: y=x^2+4x+9
2 - жұп тапсырмасы: y=- x^2 - 4x - 9
3 - жұп тапсырмасы: y=4x^2+4x - 3
4 - жұп тапсырмасы: y=- 4x^2 - 4x+3
5 - жұп тапсырмасы: y=5x^2 - 2x - 3
6 - жұп тапсырмасы: y=- 5x^2+2x+3
7 - жұп тапсырмасы: y=x^2+2x+5

V. Топтық жұмыс. Берілген тапсырманы топпен орындап, функцияның графигін салу жолын баяндап береді.
1 - топ тапсырмасы: а) y=|x^2 - 5x+6| ә) y=x^2 - 5|x|+6
б) y=|(x^2 -|5x|+6)|
2 - топ тапсырмасы: а) y=|1/2 x^2 - 2x+1| ә) y=1/2 x^2 - 2|x|+1
б) y=|(1/2 x^2 - 2|x|+1)|
3 - топ тапсырмасы: а) y=|2x^2 - 3x - 2| ә) y=2x^2 - 3|x|- 2
б) y=|(2x^2 - 3|x|- 2)|
VI. Үйге: №
VIІ. Қорытынды. Рефлексия
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×