Сайтқа кіру Тіркелу

Көпмүшелерді топтау тәсілімен көбейткіштерге жіктеуге есептер шығару

Пәні: алгебра
Сабақтың тақырыбы: Көпмүшелерді топтау тәсілімен көбейткіштерге жіктеуге есептер шығару

Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: көпмүшені көпмүшеге көбейту амалына кері амал ретінде көпмүшені топтау тәсілімен көбейткіштерге жіктеу тақырыбынан алған білімдерін тұжырымдап, білім дәрежелерін байқау;
ә) дамытушылық: есептер шығарту арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін, іскерліктерін, өз бетімен еңбектену, жеке оқушының білім, білік дағдыларын дамыту;
б) тәрбиелілік: оқушыларды ұқыптылыққа, сауаттылыққа, шапшаңдылыққа, алғырлыққа, топпен жұмыс жасай білуге тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: аукцион сабақ
Сабақтың әдісі: практикалық
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, аукционға қажетті заттар, тест парақшалары
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру
а) сәлемдесу;
ә) оқушылар тізімін тексеру және оқушылардың сабақта жұмыс істеу дайындығын тексеру, қабілеттеріне қарай оқушыларды топқа бөлу;
б) үй тапсырмасын тексеру;
Өткен тақырыптар бойынша негізгі мәселелерге шолу жасау:
Қойылатын сұрақтар: 1. Бірмүшені көпмүшеге қалай көбейтеді?
2. Көпмүшені көпмүшеге қалай көбейтеді?
3. Жақша сыртына шығарылатын ортақ көбейткішті қалай анықтайды?
4. Қандай жағдайларда көпмүшелерді көбейткіштерге жіктеу үшін топтау
тәсілін қолданады?
ІІ. Аукцион тәртібімен таныстыру.
Балалар, бүгінгі аукционда математика сабағына қажетті оқу - құралдары сатылады. Бүгінгі сабақта сендердің білімдерің бағамен белгіленеді. Жақсы жауап берген, есепті дұрыс шығарған оқушы аукционға қатысып, қажетті заттарды ала алады.
Саудаға түсетін заттар: дәптер, қойын кітапша, қалам, қарындаш, транспортир, сызғыш.
Аукционға қатысушыларға сұрақтар:
1. Қандай өрнектерді бірмүше деп атайды?
2. Бірмүшенің дәрежесі қалай анықталады?
3. Көпмүше деп нені айтамыз?
4. Бірмүшенің стандарт түрі қалай жазылады?
5. Көпмүшенің дәрежесі деп нені айтамыз?
6. Көпмүшелерді қосу және азайту ережелерін айтыңдар.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Екі өрнектің қосындысының кубы және айырмасының кубы тақырыбына есептер шығ ...

Екі өрнектің қосындысының кубы және айырмасының кубы тақырыбына есептер шығ ...

Екі өрнектің кубтарының қосындысы мен айырмасын көбейткіштерге жіктеу формуласын білу, мәнін түсіну, дәлелдей білуі...
Екі өрнектің квадратының айырымы

Екі өрнектің квадратының айырымы

Сабақтың мақсаты: а) Көпмүшені көпмүшеге көбейту арқылы қысқаша көбейту формулаларын мысалдар арқылы түсіндіріп, қорытып шығару, түсіндіру. б) Дамыта...
Көпмүшені көпмүшеге көбейту

Көпмүшені көпмүшеге көбейту

Сабақтың мақсаты: Оқыту: Оқушыларды көпмүшені көпмүшеге көбейту ережесімен таныстыру, мысалдар арқылы түсіндіру; Дамытушылық: Ізденімпаздық...
Бірмүшелер

Бірмүшелер

Қуандықова Әзима Сабақтың мақсаты: Білімділік: оқушыларға бірмүше және оның стандарт түрі, бірмүшелерді көбейту және бірмүшелерді дәрежеге шығаруды...
Екі өрнектің квадраттарының айырымы

Екі өрнектің квадраттарының айырымы

Екімүшесін екімүшесін көбейтуді, яғни көпмүшені көпмүшеге көбейту ережесін қолданамыз, яғни бірінші мүшенің әрбір мүшесін екінші мүшенің әрбір...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×