Сайтқа кіру Тіркелу

Математика – ғылымдар патшасы

Сабақтың тақырыбы: «Математика – ғылымдар патшасы»
Сабақтың мақсаты: Математиканың қыр – сырымен таныстырып, ой - өрістің кеңеюіне ықпал ету.
Көрнекілігі: интербелсенді тақтада слайдтар мен видеолар көрсетіледі.
Барысы:
1. Топ аты, ұраны
2. Формулалар сайысы
3. Мақал - мәтелдер сайысы
4. Сиқырлы шаршы
5. Тығырықтан шыға білу(көрермендер арқылы ұпай жинау)
6. Ойлан, тап!(сұрақтарға 1, 5 мин ішінде жауап беру)
7. Идеялар қоры

Көңілді тапқыштар, білгіштер
Бар өнерін алдарына салады.
Кім білімді, көп оқыған болса егер
Бүгінгі күн жеңімпазы болады.

Өмірде ойлап тұрсаң бәрі де есеп
Ауырсаң ішетұғын дәрі де есеп
Есепсіз сүрген өмір мазмұнсыз - ау
Дүниенің бар тұлғасы есеп десек.

Есептен сайысады үш команда
Алға озар ең мықтысы осы жолда
Көпшілік өнерлерін қызықтамақ
Сұрайық шығуларын жұрт алдына.

Қиындықтан ешқашан біз қашпаймыз.
Алғырлықпен тапқырлықты ұштаймыз
Қиялдарға самғап ұшқан құстаймыз,
Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз.

Ғылымдардың патшасы атанғансың
Евклид, Фалес, Пифагордан бата алғансың
Төзбейтін өтірікке, жалғандыққа!
Жасықтан емессің, сен қаталдансың
Ақыл - ойды тәртіпке келтіретін
Нағыз пән – математика атанғансың!

Көңілді тапқырлар, білгіштер
Бар өнерін алдарына салады.
Кім білімді көп оқыған болса егер,
Бүгінгі күн жеңімпазы болады.

Келесі кезекте тақтада ілініп тұрған «Математика» туралы ұлы ғалымдардың айтқан сөздерінен мысал келтірілді.
1. Математиканың түсінікті болған 10 беті, түсінбей жаттап алған жүз беттен артық, ал өздігінен оқып игерген бір сәт, әйтеуір түсінікті он беттен артық.
Юнг
2. Еңбек пен жаңалық ашудың байтақ және қиырларына апаратын кең жол мектеп білген математикалық білімдер арқылы өтеді
Маркушевич
3. Математика – ұлы ғылым, адамның ең бір асыл қасиеттерінің тамаша жемісі. Писарев Д. И
4. Математикада формуланы есте сақтау қажет емес, тек ойлау процестерін есте сақтау керек. Ермаков
Әділ қазылар сайланады. Әр дұрыс жауап 1 ұпай
1. Топ аты, ұраны
2. Формулалар сайысы
Жұмбақтар шешу (Көрермендермен)
1. Бір ағаштың он екі бұтағы бар,
Әр бұтағында отыздан жапырағы бар.
Жапырақтарының бір жағы ақ, бір жағы қара.
(Жыл, ай, күн мен түн)
2. Бір үйде тұрады екен елу батыр
Үй сыртына сүйкенсе - ақ өліп жатыр.
(Сіріңке)
3. Біреуін бердім,
Онын тердім.
(тұқым)
4. Бірін - бірі қоштаған,
Бір үйден көрдім,
Қырық екі дос – жаран.
(42 әріп)
Көрермендер сайысы
12 жылдың мүшел аттарын ата? (тышқан, сиыр, барыс, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, ит, доңыз)
9. Қазақта қолданатын ұзындық өлшеуіштерін ата.(шынтақ, елі, бір елі, сынық сүйем, құлаш, табан, қадам, көз көрім жер, таяқ тастам жер, түстік жер, күндік жер)
10. Аудан өлшеуіштері? (түймедей, теңгедей, ат төбеліндей, алақандай, туырлықтай, ауыл аумағындай)
11. Көлем өлшеуіштері? (жұдырықтай, ат басындай, тай тұяқ, үйдей, таудай)
12. Салмақ өлшеуіштері? (зілдей, қаңбақтай)
3. Мақал - мәтелдер сайысы
І топ
1. Жүздің түсін білгенше, (бірдің атын біл.)
2. Бір күн ашыққаннан (қырық күн ақыл сұрама.)
3. Отыз тістен шыққан сөз, (отыз елге тарайды)
4. Айла алтау, (ақыл жетеу.)
5. Елуінде – ер дана,
(Елуінде – ел жаңа.)
ІІ топ
1. Ағайын – алтау, (ана – біреу. )
2. Мың қосшыға (бір басшы)
3. Екі кісі ығысса,
(Бір кісілік орын бар)
4.. Мың досың аз,( бір дұшпаның көп.)
5. Отыз күн оразаның
Бір айты бар.
(Әр қылған жақсылықтың
Бір қайты бар.)
6. ІІІ топ
5.. Бір кісі қазған құдықтан, (мың кісі су ішеді)
6. Шын – бір сөз,
(Өтірік – мың сөз.)
7. Он адам жүрген жерде із қалады,
Жүз адам жүрген жерде – соқпақ,
(Мың адам жүрген жерде жол қалады.)
8. Білгенің бір тоғыз
Білмегенің тоқсан тоғыз.
9. Жақсы әке жаман балаға
(Қырық жылдық ризық…)

4. Сиқырлы шаршы. Шаршыға сандарды орналастыру қажет

5. Тығырықтан шыға білу(көрермендер арқылы ұпай жинау) Бірнеше ұғымдардың синонимдерін айту қажет. Көрермендер дұрыс тапса, сол топ бір ұпай алады.

6. Ойлан, тап!(сұрақтарға 1, 5 мин ішінде жауап беру)
60 - тың 20%- ы. (12)--------------------------------- --1. 90 - ның 30%- ы.(27)
2. 180 градусқа тең бұрыш қалай аталады? ---- 2. Тік бұрыш нешеге тең?
3. 3/4 - ке кері сан.-------------------------------------- 3. 4/5 - ке қарама - қарсы сан.
4. Радиус деген не?------------------------------------- 4. Хорда деген не?
5. 121 нешенің квадраты?----------------------------- 5. 16 - ның квадраты.
6. Трапецияның орта сызығы неге тең?----------- 6. Үшбұрыштың орта сызығы неге тең?
7. Негізгі тригонометриялық тепе - теңдік.------- 7. Синустың косинусқа қатынасы
8. Параллель түзулер қандай түзулер?---------- -- 8. Перпендикуляр түзулер.
9. Екінің алтыншы дәрежесі ------ 64 -------------------- 9. Үштің бес дәрежесі.
10. Биссектриса деген не?---------------------------- 10. Медиана деген не?
11 Шаршының периметрі 44см, қабырғасы нешеге тең? 1111. Тең қабырғалы үшбұрыштың қабырғасы 8см, периметрін тап. 24
12. Ең үлкен екі таңбалы сан?(99)------------------ 12. Ең кіші натурал сан?
13. Квадрат теңдеудің қай кезде 2түбірі бар?-- 13. Кв. Теңдеудің түбірі жоқ.
14. Екі қатынастың теңдігі(пропорция)----------- 14. Екі санның бөліндісі басқаша қалай аталады?
15. Жай сандар қандай сандар?-------------------- 15. Құрама сандар қандай сандар?
1. 100дің 6 пайызы ----- 60
2. Сүйір бұрыш дегеніміз не?
3. 0 қандай сан ------- оң да, теріс те емес
4. диаметр дегеніміз не?
5. 1 ненің квадраты?------- 1
6. Тамаша нүкте дегеніміз не?----- медиана, биссектриса, биіктіктің бір нүктеде қиылысуы
7. Котангенс дегеніміз ------
8. Дөңгелектің диаметрі 10см, радиусы нешеге тең?
9. кез - келген санның 0 дәрежесі ----- 1ге тең
10. Биіктік дегеніміз
11. қатаң емес теңсіздіктің қатаң теңсіздіктен айырмашылығы
12. Ең үлкен теріс сан ------ - 1
13. квадрат теңдеудің қай кезде түбірі болмайды?
14. Интервал дегеніміз не?--------------- аралық
15. жалғыз жұп жай сан ----------------- 2
7. Идеялар қоры. Таяқшалар арқылы өз ойынан кез келген заттың макетін құрау
Марапаттау
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×