Сайтқа кіру Тіркелу

«Көңілді тапқырлар» математикалық сайысы

«Көңілді тапқырлар» математикалық сайысы.
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын, оқуға ынтасын арттыру.
Дамытушылық: Ұйымдастырушылық қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, нақты пәнге қызығушылыққа, жауапкершілікке, өзін - өзі тәрбиелеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Безендірілген зал, нақыл сөздер, карточкалық тапсырмалар, логикалық есептер, әр топқа даярланған үстел.

Нақыл сөздер:
1. Арифметика математиканың, ал математика ғылымдардың патшасы.
(К. Гаусс)
2. Ақыл - ойды тәртіпке келтіретін математика.
(М. В. Ломоносов)
3. Математика – барлық ғылымдардың тұңғышы және оларға пайдалы да, қажет те.
(Р. Бэкон)
Түрі: Топтық сайыс сағаты.
Жоспары: 1. Топтың өзін таныстыруы. (эмблема, газеті)
2. «Қас қағым сәт» сайысы (топқа сұрақ)
3. Біліктілік сайысы (есептер шығару)
4. Математикалық сұрақтар
5. Ойымды жалғастыр (мақал - мәтелдер)
6. Жауабын тап (карточка арқылы топқа беріледі)
7. Тапқырлық сайысы (логикалық есептер)
Жүргізуші: Қайырлы күн қадірменді көрермендер! «Көңілді тапқырлар» сайысына қош келдіңіздер.

Бүгінгі ойын топтық сайыс түрінде өтеді. Ортаға «Үшбұрыш», «Төртбұрыш» топтарын шақырамыз.
Математика сырлары,
Қызықтырды біздерді.
Ойынға бірге қатысуға,
Шақырамыз сіздерді, - дей отырып сайыскерлеріміздің білімі мен баға беретін әділ қазылар алқасын ортаға шақырамыз. Бүгінгі кештің жоспары таныстырылады.

Топтың таныстыруы, аттарын қорғайды.
«Қас қағым» сәт сайысы. Әр топ тез тұрып жауап беру арқылы балл жинайды. Сұрақтар:
1) Нәрселерді санағанда қолданылатын сандар.(натурал)
2) 0 - ден үлкен сандар.(оң сандар)
3) Таңбалары бірдей сандардың көбейтіндісі.(оң сан)
4) Ең кіші жай сан.(2)
5) Қарама - қарсы сандардың қосындысы.(0 - ге тең)
6) Алымы бөлімінен үлкен бөлшек. (бұрыс бөлшек)
7) Кері сандардың көбейтіндісі. (1 - ге тең)
8) Жазыңқы бұрыштың градустық өлшемі. (180º)
9) Екі қатынастың теңдігі. (пропорция)
10) Барлық қабырғалары тең үшбұрыш. (тең қабырғалы)
11) Бұрышты өлшейтін құрал. (транспортир)

12) Қиылыспайтын екі түзу. (параллель)
13) Берілген шаманың жүзден бір бөлігі. (процент)
14) Шеңбердің екі нүктесін қосатын кесінді. (хорда)
15) Барлық қабырғалары тең тіктөртбұрыш. (шаршы)
ІІІ. «Біліктілік» сайысы. (тапсырма карточка бойынша беріледі).
«Үшбұрыш» тобына.
Тең бүйірлі үшбұрыштың периметрі 18 см, ал бүйір қабырғасы табанынан 2 см ұзын. Бүйір қабырғасын табыңдар.
«Төртбұрыш» тобына.
АВСД параллелограмның периметрі 81см, ал АС = 30см. АВС үшбұрышының периметрін табыңдар.
IV. Математикалық сұрақтар. (әр топқа бес сұрақтан)
«Үшбұрыш» тобына.
1. Шеңбермен бір ғана ортақ нүктесі бар түзу. (жанама)
2. Бұрышты тең екі бөлікке бөлінетін сәуле. (биссектриса)
3. Тік бұрыш жасап қиылысатын түзу? (перпендикуляр)
4. 1800 - қа тең бұрыш қалай аталады? (жазыңқы)
5. Мына формула бойынша нені табуға болады? (трапецияның ауданын)

«Төртбұрыш» тобына.
1. Үшбұрыштың тік бұрышына қарсы жататын қабырғасының аты. (гипотенуза).
2. 700 - қа тең бұрыш қалай аталады? (сүйір)
3. Төртбұрыштың қарама - қарсы төбелерін қосатын кесінді. (диогональ)
4. Шеңбердің центрінен оның бойында жатқан нүктеге дейінгі қашықтық. (радиус)
5. Пифагор теоремасы. ( )
V. «Ойымды жалғастыр» сайысы. (әр команда шапшаң жауап беру керек)
1. Жеті жұрттың тілін біл, (жеті түрлі білім іл)
2. Білекті бірді жығар, (білімді мыңды жығар)
3. Екі жақсы қас болмас, (екі жаман дос болмас)
4. Досыңды үш күн сынама, (үш жыл сына)
5. Бір елі ауызға – (екі елі қақпақ)
6. Жүз сомың болғанша, (жүз досың болсын)
7. Отыз тістен шыққан сөз, (отыз елге тарайды)
8. Білгенің бір тоғыз, (білмегенің тоқсан тоғыз)
9. Бір кісі қазған құдықтан, (мың кісі су ішеді)

(Әділқазы алқасынан ұпай саны сұралады)
VI «Жауабын тап» (қысқаша көбейту формуласына есептер шығару)
1 топ: 2топ:
1) (5в - 4х)(5в+4х) 1) (3у+5)(3у - 5)
2) (х+2)(х 2 - 2х +4) 2) (2х - у) 2
3) (х+4) 2 3) (х - 1)(х+1)
VII «Тапқырлық» сайысы.
Дарын қағаз парақты 5 рет бүктеді, сосын ол бүктеген қағазды тескен. Қағаз парақты қайта жазғанда неше тесік шығады?
Біздің үйдің қабырға сағаты қоңыраулы, ол әрбір жарты сағатта 1 рет, толық сағат сайын сол уақытты көрсету санына тең қоңырау соғады. Сонда ол тәулігіне неше рет қоңырау соғады?
Қосымша тапсырма.
1 - топ «п» әрпінен басталатын, 2 - топ «с» әрпінен басталатын математикалық атауларды жазады, кім көп жазса сол топ жеңеді.
П С
планиметрия стерометрия
параллель сәуле
перпендикуляр сыбайлас
призма сан
периметр салыстыру
процент сүйір
пропорция сызықтық
паралелипипед симметрия
Жеңген топ марапатталады.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Қызықты сағат

Қызықты сағат

Мақсаты: 1. Білімділік: Оқушылардың математикаға қызығушылығын, ынтасын, зейінін арттыру, алған білімдерін тереңдету. 2. Дамытушылық: Ой - өрісін...

"Математика - керемет әлем"

Мақсаты: Оқушыларды логикалық және шығармашылық есептерді ауызша әрі тез есептей білуге дағдыландыру. Түрі: Интелектуалдық сайыс...
Ойнайық та ойлайық (2 сыныптар арасында математикалық сайыс)

Ойнайық та ойлайық (2 сыныптар арасында математикалық сайыс)

Мақсаты: Оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын, оқуға ынтасын арттыру ұйымдастырушылық қабілетін дамыту; Оқушыларды ұйымшылдыққа, нақты пәнге...
Математика пәнінен сайыс сабақ

Математика пәнінен сайыс сабақ

Қарағанды облысы, Шет ауданы, Мойынты жалпы білім беру орта мектебі математика пәні мұғалімі Жанарай Жалғасқызы Адамбекова...
Математика елінде

Математика елінде

Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы №14 ОЖББМ бастауыш сынып мұғалімі: Умбетова Гульмира Борисовна...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×