Сайтқа кіру Тіркелу

Өткенді қайталау. Математика 2 сынып

Пән: Математика Сынып: 2
Тақырыбы: Өткенді қайталау
Мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың өткен сабақтардан алған білімдерін пысықтап, қайталауға арналған есептер шығару. Оқушылардың білім деңгейін тексеру, алған білімдерін тиянақтау.
Дамытушылық: Ойын арқылы оқушылардың логикалық ойлау, есептеу қабілеттерін, танымдық қызығушылығын арттырып, ой өрісін кеңейту.
Тәрбиелік: Оқушыларды тапқырлыққа, жылдам ойлауға, ойын қорыта білуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: дәстүрлі емес
Сабақтың түрі: қайталау
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, ойын, түсіндіру, қайталау.
Сабақтың көрнекілігі: таратпа материалдар, ертегілер кейіпкерлері, геометриялық пішіндер.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық.
Армысың асыл күн!
Армысың асыл жер
Армысың көк аспан
Армысың жан досым

Жылуыма жылу қос міне менің қолым!

Бір, екі, үш
Отырамыз тып - тыныш
Жалқаулықты тастаймыз
Сабақты біз бастаймыз.
Оқушыларды сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру
- Балалар бүгінгі біздің сабағымыз ерекше болмақ, оның ерекшелігі бүгін біз «ертегілер еліне» саяхат жасаймыз.
- Сендер ертегілерді жақсы білетіндеріңді және сол ертегілердің математикалық тапсырмаларын қаншалықты жақсы орындап, шығатындарыңды тексереміз.
- Қане кім айтады маған қандай ертегілерді білесіңдер?
- Жақсы олай болса қазір біз ана тілінен өткен ертегілерімізді есімізге түсіре отырып, солардың кейіпкерлеріне көмектесу арқылы математикадан көптеген есептер шығарамыз.

- Олай болса ертегілер әлеміне саяхатымызды бастаймыз.
- Балалар алдымен дәптерімізді ашып бүгінгі ай - күнді жазып алайық.

Дәптерімізді ашайық
Қолға қалам алайық
Түп - түзу боп отырып,
Көркем етіп жазайық.

(Экранға Бірінші ертегіміздің кейіпкерлері шығады.)
- Балалар бұл қандай ертегі? «Бауырсақ ертегісі»
- Балалар ертегі қалай басталатын еді....... Ендеше бауырсақты түлкіден құтылуына көмектесейік.
Түлкінің тапсырмасы: «Санды тап» ойыны.

- Мен бір сан ойладым, егер одан 20 - ны азайтсақ, нәтижесі 50 болады. Мен қандай сан ойладым?

- Мен бір сан ойладым, егер одан 10 - ды азайтсақ, нәтижесі 2 болады. Мен қандай сан ойладым?
- Мен бір сан ойладым, егер одан 40 - ты азайтсақ, нәтижесі 20 болады. Мен қандай сан ойладым?
- Мен бір сан ойладым, егер одан 8 - ді азайтсақ, нәтижесі 2 болады. Мен қандай сан ойладым?
90 мен 50 - дің айырмасына 8 - ді қос.
80мен 30 - дың айырмасына 7 - ні қос.
60 пен 50 – дің айырмасына 40 - ты қос.
70 пен 40 - тың айырмасынан 20 - ны азайт.
50 - ге 90мен 80 - нің айырмасын қос
60 - қа 50мен 30 - дың айырмасын қос.

- Жақсы балалар сендер бұл тапсырманы тамаша орындап шықтыңдар.
(Кенет «Жел мен Күн» ертегісінің кейіпкерлері шыға келеді)
- Балалар ертегіде Жел не істемекші болады?(Жолаушыға күш көрсетпекші болады)
Жолаушының тапсырмасы:
Теңдік тура болатындай бос орындарды толтыр:
38= онд. бірл. 54= онд. бірл.
=6онд. 7бірл. = 8онд. 2бірл.
50= онд. бірл. 30= онд. бірл.

- Жарайсыңдар сендер бұл тапсырманы да мүлтіксіз орындадыңдар.
(Экраннан «Үш аю» ертегісі шығады)
- Балалар бұл ертегідегі зұлым аюды атаңдаршы? (Ақ төс аю) Ол кімді жемекші болады? Ендеше қасқырға көмектесеміз бе?

Қасқырдың тапсырмасы: «Кім жылдам»ойыны
Теңдеуді шеш:
Х+40=60 75 - х=65 х - 6=32
- жақсы сендерге қасқыр шексіз ризашылығын білдіреді.
Сергіту сәті:
1. Көзге жаттығу.
(Экраннан келесі «Балықшы мен балық» ертегісі кейіпкерлері шығады.)
- Балалар ал бұл ертегі қалай басталатын еді? Олай болса балықты шалдан құтқарамызба?
Балықтың тапсырмасы:
Есепті шығар:
Айгерімде 28 білезік бар, одан 7 - еуі кем сақина бар. Айгерімде барлығы неше әшекей бар?
- Балалар балықшы сендерге балықты бергісі келмей тұр. Сендердегі тағыда бір тапсырманы орындаңдар дейді. Орындаймыз ба?

Логикалық есептер:

1. Алматта үш асық, 2. Дүкеннен үш сабын алдым,
Санатта екі асық. Оның және қабын алдым.
Қанатта бір асық, Екі ысқышты тағы алдым.
Ал менде төрт асық, Есептеші сонда бәрі,
Барлығы неше асық? Қанша болды қолда бәрі?

3. Қоян қорқып құмда тұр, 4. Ақбоз, Көкбоз - екі жұлдыз,
Бұзау үркіп шымда тұр. Жетіқарақшы - жеті жұлдыз,
Сүңгіп кетсе екеуі, Шоғыменен шоғыр жұлдыз,

Нешеу екен шын батыр? Тобыменен неше жұлдыз?

5. Бір үйдің жеті ұлы бар. Олардың әрқайсысының бір - бірден қарындасы бар. Осы үйдің барлығы неше баласы бар?
6. Қорада 7 қой және одан 6 - уы артық ешкі тұр. Қорада барлығы неше мал тұр?
Экраннан соңғы ертегі «Мақта қызбен мысық» ертегісі шығады.
- балалар бұл ертегіне сендер қай сыныпта өтіп едіңдер? Қалай басталатын еді?

Мысықтың тапсырмасы:
Өзіндік жұмыс:
Санды теңдіктерді, санды теңсіздіктерді, әріпті өрнектерді, жеке - жеке бағандарға теріп жаз.

31+6>20 - 10 (a+9)+15 x+(90 - 30)
80 - 10>60 - 40 30+5=35 46 - 6=40 60+10>80 - 30

- Балалар сендерді мақтақыз сендерегі тағы бір тапсырма дайындап қойыпты. Соны орындаймыз ба?

Көпбұрыштардың периметрін табу.
Бір қабырғасы 5см болатын шаршының периметрін тап?
Р=a+a+a
Р =5см+5см+5см+5см=20см
Бекіту кезеңі: Тест
1. Құрамында 9 ондықпен 5 бірлігі бар санды тап?
а) 15 в) 95 с) 59 д) 55
2. Ең кіші екі таңбалы санды тап?
а) 9 в) 12 с) 44 д) 10
3. 40+35 өрнегінің мәнін тап?
а) 65 в) 70 с) 85 д) 75
4. 1дм= см бар?
а) 1см в) 20см с) 10см д) 100см
5. 50 - 20+3+4 өрнегінің мәнін тап?
а) 65 в) 38 с) 83 д) 74

Экранда барлық ертегі кейіпкерлерінің суреттері шығады. Мұғалім олардың шексіз алғыстарын оқушыларға жеткізеді.
Бағалау: Кім қанша геометриялық пішіндерді жинады санау.

Қорытынды:
- балалар осымен біздің ертегілер еліне атты сабағымыз өз мәресіне жетті. Енді оқушылар сендердің алдарыңда екі көңіл - күй белгілері жатыр. Егерде сендерге бүгінгі ертегі кейіпкерлермен жұмыс істеу ұнаса, жымиып тұрған бейнені, ал егер ұнамаса мұңайып тұрған бейнені көтересіңдер.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Амалдарды орындаудың рет-тәртібі. Жақшалар

Амалдарды орындаудың рет-тәртібі. Жақшалар

Жақшалы өрнектердің шығарылу тәртібін пысықтау, жақшалы өрнектер алдымен орындалады ережесін бекіту, топтық, жұптық және жекелеген тапсырмалар...
Тік төртбұрыштың (шаршының) периметрін табудың әртүрлі тәсілдері

Тік төртбұрыштың (шаршының) периметрін табудың әртүрлі тәсілдері

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың тік төртбұрыш туралы алған білімдерін еске түсіру, тік төртбұрыш пен шаршының периметрін әр түрлі тәсілмен табуды...
Толық ондықтардан тұратын әріпті өрнектерді салыстыру

Толық ондықтардан тұратын әріпті өрнектерді салыстыру

Ақтөбе облысы, Темір ауданы Кеңқияқ орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі Турмагамбетова Акслу...
Ертегілер еліне саяхат

Ертегілер еліне саяхат

Мақсаты: - ертегі кейіпкерлері туралы білімдерін кеңейту; - ойлау, қайта жаңғыртып еске түсіру арқылы қиялдай білуге үйрету;...
Өткенді пысықтау

Өткенді пысықтау

Кайдакова Жанат Бекболатовна «Сымбат» жеке мектебі Ақтөбе қаласы Пәні: Математика Сабақтың тақырыбы: Өткенді пысықтау Сабақтың мақсаты: Білімділік:...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×