Сайтқа кіру Тіркелу

Трапеция

Тақырыбы: Трапеция
Түрі: Танымдық сабақ
Типі: Жаңа білімді меңгерту
Пәні: Геометрия
Сыныбы: 8

Сабақтың басты мақсаты:
Трапеция туралы түсінік беру,оқушылардың төртбұрыштар туралы ұғымын кеңейту.
Көрнекілік және оқытудың техникалық құралдары: Слайдтар, геометриялық фигуралар
Әдіс-тәсілдер:Сұрақ-жауап, түсіндіру,дәлелдеу, зерттеу,іздендіру,бақылау, практикалық.
Пәнаралық байланыс: Әдебиет,тарих, информатика
Жаңа технология: Дамыта оқыту,ақпараттық.
Сабақтың кезеңдері:

I .Кіріспе
1.1 Сабақтың міндеттері:
Білімділік: Оқушыларды трапеция ,оның түрлерімен және элементтерімен таныстыру, трапецияның элементтерін табуға есептер шығаруды меңгерту.
Тәрбиелік: Әр оқушының өздігінен еңбектенуге,тапқырлыққа, шапшаңдыққа, дәлдікке тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін,есте сақтауын дамыту,пәнге қызығушылығын оятып ,белсенділігін арттыру

1.2Бағытталған негізді іс-әрекеттер құру:
1) Ұйымдастыру: Оқушылармен сәлемдесіп, жоқ оқушыларды анықтау.
2) Үй тапсырмасын тексеру: № 2(2),№5 есептер ,4п
3)Жаңа сабақты меңгерту:
4)Жаңа сабақты бекіту
5)Оқушы білімін бағалау
6)Үйге тапсырма беру
7)Сабақты қорытындылау

1.3 Проблемалық жағдаяттар құру: Пысықтау сұрақтары
II .Танымдық жұмыстар
2.1. Оқушыларды қажетті мәліметтермен қамтамасыз ету
Теориялық бөлім
- Трапеция анықтамасы
- Трапецияның шығу тарихы
- Трапецияның түрлері,элементтері
Шығармашылық бөлім
- Шәкәрім жұмбағын шешу

Дәлелдеу бөлімі:
- Егер диагоналдар перпендикуляр болса,онда h ac
- Сызбаны сызып, формуланы жазу

2.2.Қосымша әдебиеттер қолдану
- Анықтамалықтар, «Шың» оқулығы, тарихи мағлұматтар, оқыту әдістемелігі

2.3 Алгоритмді тапсырмаларды орындау
Практикалық бөлім
- Ауызша есептер шығару
- Оқулықпен жұмыс: № 65,№ 66 есептер шығару

2.4.Жеке жұмыстар үшін тапсырмалар:
Параллелограмнан ,ромбтан,квадраттан,тіктөртбұрыштан трапеция қиып түсіру.
III.Бақылау - бағалау

3.1.Эвристикалық тапсырмалар. Логикалық есепті шешу.
3.2 Бекіту сұрақтары

- Қандай төртбұрыш трапеция деп аталады?
- Трапецияның табандары деп нені айтады?
- Бүйір қабырғалары деп нені айтады ?
- Тең бүйірлі трапеция деген не ?
- Тік бұрышты трапеция деген не ?
- Трапецияның биіктігі,диагоналы деген не?
3.3 Оқушы білімін бағалау
IY.Үйге тапсырма беру
5 п, № 68,№ 70
Y.Сабақты қорытындылау
Трапецияның параллелограмнан айырмашылығы неде?
Кері қайту
Ілмек сөздер: Трапеция, математика
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×