Сайтқа кіру Тіркелу

Тапқырлар сайысы

Сабақтың тақырыбы: Тапқырлар сайысы
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың математикаға қызығушылығын арттыру, математикалық ойлауын тереңдету.
Сабақтың барысы:
1. Командалар өздерін таныстырады.
2. «Бәйге»
3. «Мен - саған. Сен - маған»
4. «Көкпар»
5. «Шырпылар шытырманы»
6. Капитандар сайысы
1 - оқушы: Көңілді тапқыштар, білгіштер
Бар өнерін алдарына салады.
Кім білімді, көп оқыған болса егер
Бүгінгі күн жеңімпазы болады.
2 - оқушы: Өмірде ойлап тұрсаң бәрі де есеп
Ауырсаң ішетұғын дәрі де есеп
Есепсіз сүрген өмір мазмұнсыз - ау
Дүниенің бар тұлғасы есеп десек.
3 - оқушы: Есептен сайысады қос команда
Алға озар ең мықтысы осы жолда
Көпшілік өнерлерін қызықтамақ
Сұрайық шығуларын жұрт алдына.
1. Командалардың танысуы.
Бірінші команда: Әл - Хорезми.
Өнер қуған математик жастармыз
Есебіңді лезде шешіп тастармыз.
Командамыз өңшең тапқыр қырандар
Ерен туған «Вундер кинд» бастармыз.
Келешектің үмітіміз талапты
Атақ даңққа бөленеміз қарап тұр,
Сегіз қырлы, өнер асып туғандар
Оза шауып бәйге атындай жарап тұр.
Әл - Хорезми: Әділеттен аспаңыздар
Қиянатқа баспаңыздар.
2. «Бәйге»
Екі команда билет бойынша сұратар алады. Әрқайсысының жауабы тыңдалады. Дұрыс жауап бағаланады.
1. Ұшып барады бір топ қаз оңтүстікке
Мықты болсаң, қанша екен тез есепте
Алдында екеу, екеу келеді артында
Екі - екіден келеді қос бүйірде.
(4)
2. Табақтағы жемісті
Былай ғана бөлісті
Екі анасы, қос баласы
Әжесі мен немере
Бір - бірден тиді алмасы
Айтшы қанша жан басы?
(Әжесі, шешесі, немересі)
3. Суретші мектеп бөлмелерін нөмірлеуге тиіс еді. Бөлме саны 100 болса, қанша рет «9» санын жазу керек? (19 рет)
4. Біздің үйдегі қабырға сағаты қоңыраулы, ол әрбір жарты сағатта 1 рет, толық сағат санын сол уақытта көрсету санына тең қоңырау соғады. Сонда тәулігіне неше рет соғады? (204 рет)
5. Тәулікті тең 24 сағатқа бөлген кім еді?
(грек астрономы Птоломей)
6. Юлиан календары бойынша бір жылдың ұзақтығы қандай?
(365 күн 6 сағат)
7. 12 жылдың мүшел аттарын ата? (тышқан, сиыр, барыс, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, ит, доңыз)
8. Математикаға алгебра атауын кім енгізді және алгебра қандай сөзден шыққан? (Омар hайям; Әл Жебр)
9. Қазақта қолданатын ұзындық өлшеуіштерін ата.(шынтақ, елі, бір елі, сынық сүйем, құлаш, табан, қадам, көз көрім жер, таяқ тастам жер, түстік жер, күндік жер)
10. Аудан өлшеуіштері? (түймедей, теңгедей, ат төбеліндей, алақандай, туырлықтай, ауыл аумағындай)
11. Көлем өлшеуіштері? (жұдырықтай, ат басындай, тай тұяқ, үйдей, таудай)
12. Салмақ өлшеуіштері? (зілдей, қаңбақтай)
13. «3» цифрын 3 рет пайдаланып ең үлкен санды жаз. (333)
14. «1» цифрын 4 рет пайдаланып ше? (1111)
15. «1» цифрын 5 рет амалдар таңбасын пайдаланып 100 - ді қалай жазуға болады? (111 - 11=100)
16. «2» цифрын 3 рет қолданып 1 - ді ше? (2 - 2: 2=1)
17. Қайсысы үлкен 1020 немесе 2010? (1020=1010 - 1010; 2010=(2*10) 10=210*1010; 1020>2010
3. «Мен – саған, сен – маған»
Әр команда математикаға қатысты үш ребустан дайындап әкелуі тиіс. Осы ребустарды бір - біріне шешкізеді.
4. «Көкпар» Қазір ауызша сұрақтар айтылады, қай команда жылдам ойлап жауап берсе балл соған жазылады.
1. Қазақ халық мақалында қанша құмалақ бір қарын майды бүлдіреді? (бір)
2. Атасы 56 жаста, ал немересі 14 жаста. Неше жылдан кейін атасының жасы немересінен екі есе үлкен болады (28 жылдан кейін )
3. Қос жегілген аттар 40 км шауып өтті. Әр ат неше км шауып өтеді? (40)
4.. Қояндар бөренені арамен бөліп жатыр. Олар14 жерден кесті. Неше бөлік пайда болды? (15)
5.. Айболитке көрінуге аңдар келді. Бәрі, тек 2 иттен басқалары. Бәрі, тек 2 мысықтан басқалары. Бәрі, тек 2 қояннан басқалары. Айболитке көрінуге неше аң келген? (3)
6. Үстелдің бір бұрышы кесіп алынды. Үстелде енді неше бұрыш қалды? (5)
7. Алмұрт алмадан ауыр, ал алма өріктен ауыр. Алмұрт ауыр ма, әлде өрік ауыр ма? (алмұрт)
8. Еменде үш бұтақ, ал әр бұтақта үш алмадан бар. Барлығы неше алма? (еменде алма өспейді)
9. Нөлге және жұп цифрға аяқталатын сандар қалай аталады? (жұп сандар)
10. Қандай сандар жай сандар деп аталады? Мысал келтір (өзіне және 1 - ге ғана бөлінетін сандарға)
11. Бөлшек сызығының үстіне жазылған сан қалай аталады? Бөлшек сызығының астына жазылған сан қалай аталады? (Алым. Бөлім)
12. Бүтін бөліктен және бөлшек бөліктен тұратын сан қалай аталады?(аралас сан)
13. Қандай бөлшек дұрыс деп аталады? Мысал келтір. (Алымы бөлімінен кіші бөлшек дұрыс деп аталады. Мысалы. 1/2 )
14. Бөлшектің негізгі қасиеті қалай айтылады? (Бөлшектің алымын да, бөлімін де бірдей натурал санға көбейткеннен бөлшектің мәні өзгермейді.)

5. «Шырпылар шытырманы»
(- 20)+5+(- 15)+3= - 9
12+(- 2)+22+(- 10)= - 27
2, 5+(- 1)+(- 2, 5)+2= - 23
- 45+22= 1
- 12 -(- 3)= 22
Әділ қазылар алқасы қорытындылайды.
Осымен бүгінгі тапқырлар сайысы өз мәресіне жетті. Назар аударғандарыңызға рахмет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×