Сайтқа кіру Тіркелу

Жай бөлшектер мен аралас сандарға амалдар қолдануға есептер шығару. "Математикалық ралли"

Сабақтың тақырыбы: Жай бөлшектер мен аралас сандарға амалдар қолдануға есептер шығару.
Сабақтың мақсаты:
a) ақпараттық: Оқушылардың жай бөлшектер мен аралас сандарға амалдар қолдану тақырыбы бойынша білімдерін жүйелеу, бекіту. Өткен тақырып бойынша әр түрлі есептерді шығара білуге үйрету.
b) коммуникативтілік: есеп шығаруда оқушыларды шапшаңдылыққа, шыдамдылыққа, ұйымшылдыққа, мұқияттылыққа ойын арқылы тәрбиелеу.
c) проблемалық: іскерліктерін, өз бетімен еңбектену сезімдерін, математика пәніне қызығушылығын және оқушының білім дағдыларын дамыта отырып, ал, ан білімдерін өмірде қолдана білуге дағдыландыру.
Сабақтың түрі: қайталау сабағы
Сабақтың әдісі: «Математикалық ралли» ойыны, сайыс сабақ
Көрнекілігі: топшамалар, машина эскиздері, плакаттар, көбелек суреттері.
Барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі: Оқушылармен амандасу, түгендеу, сыныпты 3 топқа бөліп отырғызу.
ІІ. Негізгі бөлім: Бүгінгі сабағымыз «Математикалық ралли» ойыны желісінде өтеді. Сендер топ болып сайысқа түсесіз. Әр топ – машина экипажы жарыс барысында көрсетілген кезеңді бірге орындайсыз. Жарыстың әрбір кезеңі жетондармен бағаланып отырады.
І кезең: «Сақтықта қорлық жоқ» ереже сұрау.
ІІ кезең: «Лото ралли» машина таңдау.
ІІІ кезең: «Абайла, арақашықтықты сақта»
ІҮ кезең: «Апат аяқ астында»
Ү кезең: «Аялдау»
ҮІ кезең: «Мәре»
І – кезең: «Сақтықта қорлық жоқ» Топтарға сұрақ қою арқылы ережелер сұрау.
Дұрыс бөлшек дегеніміз не?
Бұрыс бөлшек дегеніміз не?
Аралас сан дегеніміз не?
Бөлімдері бірдей жай бөлшектерді қалай қосамыз?
Бөлімдері әр түрлі жай бөлшектерді қалай қосамыз?
Аралас сандарды қалай азайтамыз?
Жай бөлшектерді қалай азайтамыз?
Аралас сандарды қалай азайтамыз?
Жай бөлшектерді қалай көбейтеміз?
Өзара кері сандар дегеніміз қандай сандар?
Жай бөлшектерді қалай бөлеміз?
Аралас сандарды қалай бөлеміз?
ІІ кезең: «Лото ралли» машина таңдау. Экипаждарға топшама беріледі. Әр топшамада 4 есептен, жауаптары машина суретіне жазылады. Есептерін шығарып болып жауабын тауып, сурет жағын қаратып тақтаға жабыстырады.
1 - топшама есептері:
3/8+1/2 - 5/6
7/25∙5/21: 13/15
(5/12+7/12)∙13/33
2 - топшама есептері:
5/9+1/3 - 4/5
5/18∙9/55: 13/22
(17/21+4/21)∙9/17
3 - топшама есептері:
3/11+2/3 - 19/33
7/25∙5/21: 14/15
(10/17+4/17)∙17/28
ІІІ кезең: «Абайла, арақашықтықты сақта»
Тақтада кесте жазылады. Әр экипаждан 1 оқушыдан шығып, кезектесіп кестені толтырады.
А 5/9 3/4 4/7 9/13 7/15 9/17
В 4/9 1/4 3/7 3/13 2/15 7/17
а+в
а - в
а*в
а/в

ІҮ кезең: «Апат аяқ астында» Әр экипажға тапсырмалары бар топшамалар беріледі, шығарып болған соң экипаждың бір мүшесі шығып, есепті тақтада қорғайды.
1 – топшама
1 7/15∙ =1
(5 1/2*1 10/11 - 8 4/5÷1 1/15)/(2 1/4*1/5)
2 - топшама
1 3/20∙ =1
(18 1/5: 15 1/6 - 3 2/7)/(7 3/11*11/16+17/28)

3 – топшама
1 7/15∙ =1
(6 2/5*7/8 - 3 1/5÷1 1/15)/(3 1/8*4/5)
Ү кезең: «Аялдау». Экипаж мүшелеріне кок майсада демалуды және гүл теруді ұйымдастыру. Тақтада дала, гүл суреттері бейнеленген плакат ілінеді. Әр экипаждан бір оқушы шығып, гүл тереді. Гүлдің ішінде логикалық есептер берілген, соны экипаж мүшелері шешеді.
Логикалық есептер
Бөлменің 4 бұрышында 4 мысық отыр. Әр мысықтың алдында 3 мысықтан отыр. Сонда бөлмеде неше мысық бар? (4 мысық)
Екі қолда 10 саусақ, сонда 10 қолда неше саусақ? (50 саусақ)
Сағат 22: 00 де жауын жауып тұрса, 24 сағаттан кейін күннің жарқырап тұруы мүмкін бе? (жоқ)
Корзинадағы 7 алманы 7 қызға тең бөліп беру керек және 1 алма корзинада қалу керек, бұл қалай?
Тауық 1 аяғымен тұрса 2 кг, ал екі аяғымен тұрса неше кг болады?
70 мин көппе, әлде 1 сағ 10 минут көппе?
1 т мақта ауыр ма, әлде 1 т темір ауыр ма?
4 қайың қатар өсіп тұр, әрбір қайыңда 4 - 4 тен бұтақ бар, әрбір бұтақта 4 - 4 тен алма бар. Барлық алма саны қанша?
Сағаттың төрттен бір бөлігінде неше минут бар?

ҮІ кезең: «Мәре». Мәре сызығына табыспен жету үшін, әр экипажға теңдеуді шешу кере
к.
№1
(3x - 1/6 x): 1/4=2/3
№2
2 3/7:(5 1/4 x - x)=1/3

№3
(4x+1/2 x): 2/3=1 1/4

ІІІ. Қорытынды бөлім.
Әр экипаж қорындағы ұпай сандарын санап, қай экипаж алда келе жатқанын анықтайды. Ең көп ұпай жинаған экипаж жеңіске жетеді. Оқушылар түгелдей бағаланады.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×