Сайтқа кіру Тіркелу

Тікбұрышты үшбұрыш

Тікбұрышты үшбұрыш
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларда тікбұрышты үшбұрыш туралы білімдерін тереңдету, тікбұрышты үшбұрыштың теңдік белгілерін, үшбұрыштың бұрыштары мен қабырғаларының арасындағы қатынастарын, үшбұрышты салу шарттарын үйретіп, есеп шығару дағдыларын қалыптастыру.

Дамытушылық: Ойлау, есте сақтау, тиянақты сызу, сызбаларындың негізгі қасиеттері мен мәндерін білуін дамыту.

Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа, сауатты сызбалар сызуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа материалды игерту
Сабақта қолданылған әдіс - тәсілдер: түсіндіру, баяндау, сызбалар арқылы көз жеткізу, сұрақ - жауап.

Сабақтың көрнекілігі: үшбұрыш суреттері, сызбалар, тапсырмалар жинағы

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
- амандасу, түгендеу.
- жинақтау, назарларын аудару
- психологиялық сәт.
2. Өткен тақырыптарға шолу жасау:
- Үшбұрыштар теңдігі
- Үшбұрыштар теңдігінің белгілері
- Тең бүйірлі үшбұрыштардың қасиеттері

3. Жаңа сабақ
1 - теорема. Егер екі тікбұрышты үшбұрыштың 1) сәйкес катеттері тең болса;
2) сәйкес бір катеті және оған іргелес жатқан сүйір бұрышы тең болса;
3) гипотенузалары және оған іргелес жатқан бір сүйір бұрышы тең болса, онда бұл үшбұрыштар тең болады.

2 - теорема. Егер бір тікбұрышты үшбұрыштың катеті мен гипотенузасы екінші тікбұрышты үшбұрыштың сәйкес катеті мен гипотенузасына тең болса, онда мұндай тікбұрышты үшбұрыштар тең болады.

3 - теорема. Кез келген үшбұрыштың үлкен қабырғасына қарсы үлкен бұрыш жатады.

Салдар:
1 Тікбұрышты үшбұрыштың кез келген катеті оның гипотенузасынана кіші болады.
2 Бір нүктеден түзуге түсірілген перпендикуляр сол нүктеден жүргізілген көлбеуден кіші
болады.
5 - теорема. Үшбұрыштың кез келген қабырғасы оның басқа екі қабырғасының қосындысынан кем болады.

Жаттығулармен жұмыс:
№203.
Катеттерін бір түсті, гипотенузасын бір түсті қарындашпен тікбұрышты үшбұрыш салыңдар. Әр түсті карындашпен гепотинузағы жүргізілген биссектриса, медиана, биіктігін көрсетіңдер.

№204. АВС теңбүйірлі үшбұрышын сызыңдар. Д және Е нүктелерін АС қабырғасынан АД тең СЕ болатындай етіп алыңдар. ДВЕ үшбұрышы қандай үшбұрыш болады?

Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы,
Сарат орта мектебінің математика пәні мұғалімі
Картбаева Нурсая Айбатқызы

Толық нұсқасын жүктеу
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×