Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Жай сандар, құрама сандар 5 сынып

Пәні: Математика Сынып 5
Сабақтың тақырыбы: Жай сандар, құрама сандар.
Сабақтың мақсаты: 1) Жай сандар және құрама сандарды ажырата білуге үйрету.
Оқушылардың тақырып бойынша білімдерін кеңейту.
2) Жай сандар және құрама сандардың қасиеттерін қолданып, алған білімдерін есептер шығаруда қолдануға үйрету.
3) Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, ұқыптылыққа, зейінділікке, ойын дәл жеткізе білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: пысықтау-практикалық сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, есеп шығару
Сакбақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, деңгейлік тапсырма, оқулық, жауап парақша, бор, оқулық
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі;
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау;
ІІІ. Жаттығулар алаңы;
ІV. Қорытынды.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Жай сандар және құрама сандар. №248 және №250
№248 Теңдеуді шешіңдер.
2(11x-5)-17x=55 5(8x+3)-12=83 7(2x+9)+3x=114 3(4x+13)-25=74
22x-10-17x=55 40x+15=83+12 14x+63+3x=114 12x+39-25=74
5x=55+10 40x=95-15 17x=114-63 12x=74-14
5x=65 40x=80 17x=51 12x=60
x=13 x=2 x=3 x=5

№250
1) Мына сандарды екі жай санның қосындысы түрінде жазыңдар: 10;12;18;24;32;44;68
10= 3+7 18= 11+7 18=13+5 68=61+7
12=7+5 24= 17+7 24=11+13
32=13+19 32=3+29 44= 37+7 44=41+3
2) Мына сандарды жай сандардың көбейтіндісі түрінде жазыңдар: 22; 35; 77; 65; 69;95
22=2*11 35=5*7 77=7*11 65=13*5 69= 3*23 95=5*19

Олай болса бүгінгі сабақта осы тақырып бойынша есеп шығарып білімдерімізді толықтырамыз.
Сұрақтар:
Бүгінгі сабақты бастамас бұрын ережелерді еске түсірейік:
1. Натурал сан дегеніміз қандай сан?
2. Қандай сандар жұп деп аталады?
3. Қандай сандар тақ сандар деп аталады?
4. Қандай сандар 2-ге бөлінеді?
5. Қандай сандар 9-ға бөлінеді?
6. Қандай сандар 10-ға бөлінеді?
7. Қандай сандар 3-ке бөлінеді?
8. Қандай сандар 9-ға бөлінеді?
9. Жай сан сандар деп қандай санды айтамыз?
10. Құрама сан деп қандай санды айтамыз?
11. Егіз сан деп қандай сандарды айтамыз?
12. Кемел сан деп қандай санды айтамыз?
Жаттығулар:
№249 Натурал санның 2-ге, 3-ке, 5-ке және 9-ға бөлінгіштік белгілерін берілген сандарының құрама сандар екенін пайдаланып, дәлелдеңдер:
117, 122, 205, 219, 393, 422, 535, 927
Үлгі: 123=3*41; Бөлгіштері: 1,3,41,123. 123- құрама сан

117=3*39; Бөлгіштері: 1,3,39,117. 117- құрама сан
122=2*61; Бөлгіштері: 1,2,61,122. 122- құрама сан
205=5*41; Бөлгіштері: 1,5,41,205. 205- құрама сан
219=3*73; Бөлгіштері: 1,3,73,219. 219- құрама сан
393=3*131; Бөлгіштері: 1,3,131,393 393- құрама сан
422=2*211; Бөлгіштері: 1,2,211,422 422- құрама сан
535=5*107 Бөлгіштері: 1,5,107,535 535- құрама сан
927=9*103 Бөлгіштері: 1,9,103,927 927- құрама сан

№251. Тікбұрышты параллелепипедтің ұзындығы 13 см, ені 7см, биіктігі 5 см. Тікбұрышты параллелепипедтің көлемін табыңдар. Тікбұрышты параллелепипедтің көлемі жай санмен өрнектеле ме, әлде құрама санмен өрнектеле ме? Неше бөлгіші бар? Оларды жазыңдар?

V=abc – параллелепипед көлемі.
a=13см, b=7см, c=5см
V= 13*7*5= 455 см3
455- құрама сан.
455 санының бөлгіштері: 1,5,7,13,35, 65, 91,455
455 санының 8 бөлгіші бар.



Сергіту сәті: Мен тақ санды атағанда сендер тұрасыңдар, ал жұп санды атағанда отырасыңдар.

Оқушыларға түрлі- түсті қағаздарда деңгейлік тапсырма таратылады.

Деңгейлік тапсырмалар:
І деңгей
Мына теңсіздіктерді қанағаттандыратын жай сандарды жаз:
10<х<40 40<х<60
/11,13,17,19,23,29,31,37 / / 41,43,47,53,59 /




ІІ деңгей
Кесте бойынша 136,181,263,347,568,593,991,993,821 сандарының ішінен жай сандарды анықтап, оларды жазыңдар. / 181, 263, 347, 593, 991, 821/

ІІІ деңгей
1) Екі жай санның қосындысы да жай сан. Олар қандай сандар?
/ 11+2=13, 17+2=19, 29+2=31, 41+2=43, 59+2=61, 101+2=103, 137+2=139,
149+2=151, 179+2=181, т.с.с /

2) №259 жаттығу. 15,45,60,105,135,225 және 270 сандары берілген. Осы сандардың бірі болатын х саны:

1) 5 ке еселік сан;
2) 9-ға еселік сан;
3) Жай сан;
4) Құрама сан.

Қайсысы «ақиқат оқиға», «кездейсоқ оқиға», «мүмкін емес» оқиға?

№256 . Мына сандардың құрама сан екенін дәлелдеу керек:
111 111, 171 717, 414 414, 232 323
Бөлгіштерін анықтау арқылы дәлелдейміз.

111 111 – 1,3,11,111, 111 111
171 717 – 1,3,17,171 717
414 141 – 1,3, 41, 414 141
232 323– 1,3,23, 232 323

Бөлгіштері екіден артық боғандықтан берілген сандар құрама сандар.

Бекіту кезеңі: Оқушыларға жауап парақшасы беріледі.
Мини-тест. / 5 мин / Жай және құрама сан.

Бағалау кезеңі:
6 дұрыс жауап – «5», 4;5 дұрыс жауап – «4» , 4 тен төмен дұрыс жауап – «3»
І-деңгей «3»
ІІ-деңгей «4»
ІІІ-деңгей «5»

Үйге тапсырма беру: №252, , 257
Сабақты аяқтау.
Кері қайту
Загрузка...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мұқағали Мақатаев, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, математика, математикадан сабақ жоспары, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету