Сайтқа кіру Тіркелу

Оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері

«Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім», - деп Л. Н. Толстой айтқандай білімді, саналы, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу үшін қазіргі таңда мұғалімнің алатын орны ерекше. Сол себепті оқушыларға заман талабына сай білім беру үшін, мұғалімде өз алдына үнемі ізденісте болуы шарт. Осы орайда елімізде білім беру саласында болып жатқан реформалардың маңызын түсіне білу керекпіз. Осы реформалардың басты мақсаты: еліміздегі білім беруді әлемдік стандартқа сай деңгейге жеткізу. Сондықтан бұрынғы дәстүрлі білім беруде білім беруші мұғалім болып саналса, бүгінгі білім саласына енгізіліп жатқан сындарлы оқыту ол оқушының дамуы мен білім алуына өзара тығыз ықпалдастық пен бірлескен жұмыстар арқылы жүзеге асырылып, мұғалім сабақта бағыт беруші болып табылады.
Қазіргі таңда оқушылардың білімге деген қызығушылықтарын арттыруға арналған көптеген оқытудың әдіс тәсілдері бар. Солардың ішінде математика сабағында қолдануға тиімді әдістерінің кейбіреуіне тоқталып кетсем.
“Ыстық орындық” әдісі. Берілген тапсырмаға байланысты қойылған сұрақтарға жылдам жауап беру керек, себебі, орындық ыстық.
“3 таяқша” әдісі
Берілген тақырыпқа байланысты
1 сұрақ
1 жауап
1 идея әр топ даярлап, көпшілікке салады.
«Серпілген сауал» әдісі
Тақырыптың түсіну деңгейін арттыруға және талқылау дағдыларын дамытуға қол жеткізу үшін сыныптағы оқушылардың арасында сұрақтарды лақтырыңыз.
«Дананың кілттері»
Тони Райан жасаған «Дананың кілттері» бірқатар ойлауды талап ететін тапсырмаларды орындауға оқушыларды қызықтыру және тарту үшін арнайы әзірленген жиырма шақты іс - әрекет (кілттер) кешені болып табылады.
Бірқатар көмекші сұрақтар немесе тапсырмалар оқушылардың талдау жасау, сын тұрғысынан және креативті ойлау қабілетін ашуға арналған кілт түрінде ұсынылған.
«Керісінше» кілті – сөйлемде «істей алмаймын», «ешқашан» және «істемеймін» сөздерін пайдалануды көздейтін тапсырма, мысалы, «Сіз ешқашан графигі парабала болмайтын функциялардың тізімін жасаңыз».
«Егер де» кілті – «егер де» деген сұрақ қойып, олардың ойларын графикалық органайзерге жазып отырыңыз. мысалы: «Егер де негіздері бірдей дәрежелерді көбейту керек болса....»
«Әліпби» кілті – берілген тақырыпқа қатысы бар сөздердің тізімін А - дан Я - ға дейін әліпби ретімен тізбектеңіз.
«Жаңа дизайн» кілті (ағылшынның BAR аббревиатурасынан: (B - bigger) артық, (A - add) қосу, (R – remove, replace) алып тастау) – күнделікті заттарға жаңа дизайн беру үшін қолданылады.
«Конструктор» кілті – шектеулі құрылыс материалдарын креативтілікпен пайдалануды талап ететін мәселелерді шешу жөніндегі тапсырма.
«Кемшіліктер» кілті – нақты бір пән немесе тәжірибелік сабақ бойынша кемшіліктер тізімін жасаңыз.
«Тағы қалай?» кілті – күнделікті қолданылатын заттарды әртүрлі жағдайда пайдалану тізімін жазу үшін қиялыңызды пайдаланыңыз.
«Қиыстыру» кілті – үйлеспейтін екі объектінің қасиеттерін санамалаңыз, одан кейін жаңа және жақсарған өнім жасау үшін осы қасиеттерді біріктіріңіз.
«Жөнсіздік» кілті – орындауға болмайтын жөнсіз пікірлер айтыңыз, содан соң оны дәлелдеуге ұмтылыңыз
«Кір жаю» тәсілі Формулаларды жатқа білгенше, қағаз қиындыларынан киімдер үлгісіне жаттаған формулаларды қатесіз жазу арқылы, дұрыс жаттасаң киімдер жіпке ілінеді, ал егер қате болса қайтадан киім үлгісіне қайталап жазып үйренеді. Жұптар бір - бірінің «жуған кіріне» баға қояды. Таза жуылса, жіпке ілінеді, таза болмаса, қайта жуады. (формуланы қатесіз жаттаса, киім жіпке ілінеді, ал қате болса, қайта жаттайды, қашанға толық жаттап болғанша іске асырылады)
«Фишбоун» әдісі. Балықтың қаңқасы беріледі. Бас сүйегіне тақырыпты жазады. Қалған балық қаңқасын оқушылар өздері тақырыпты зерттеу барысында өздері толтырып, зерттеу нәтижесін балықтың құйрығына жазады.
«Құрастыр және жауап бер»
Емтиханға дайындалғанда оқушылар өз сұрақтарын құрастырады да, сосын соларға жауап беріп жаттығады. Бұл оларды бағалау құрылымы туралы және өзі жұмыс істеп отырған материал туралы тереңірек ойлауға жетелейді. Нысан және функция! Мысалы: есеп құрастырып өздері шешеді.
«Құпия зат»
Оқушыларға затты көрсетіңіз. Олардан оның не екенін жəне сабақпен
қалай байланысқанын анықтауды сұраңыз. Мысалы: геометрия сабағында қолданған ыңғайлы.
«…қатысты 10 сөзді атаңыз»
Оқушылардан нақты бір тақырыпқа, ұғымға қатысты 10 сөз атауды
сұраңыз.
«Қатені тап»
Есептер беріледі, дайын жауаптарымен, шешілу жолдарымен оқушылар топтасып қатесін тауып, дұрысын көрсету керек.
Ойын шарты:
Үш топқа өз қалаулары бойынша бөлінеді. Әр топ өз тапсырмасын алады. Тапсырманы орындауға белгілі уақыт беріледі. Тапсырмасы Қателері Тексерген топ
«Қар үйіндісі»
Біріншіден, оқушылар жеке жауап берулері керек. Кейін жұбы ақылдасып, олардың екі жауабын бір жауап етіп үйлестіреді. Кейін жұптар басқа жұптармен бірігіп, үдерісті қайталайды. Осылайша төрт жауап бір жауап болып біріктіріледі.
«Қане, қайтала!»
Ойын шарты: мәтінді оқып шыққаннан кейін қолдарына қалам мен қағаз алып, сұрақтар құрастырады. Сұрақтарын өз іштерінен сайланған жүргізушіге өткізеді. Барлықтары сұрақ құрастырып болған соң, жүргізушіден кез келген парақты алып, жауабын ойластырады. Жауаптарын талдағаннан кейін, мәтін тәртібі бойынша орналастырады. Содан кейін өздерінің жауаптары бойынша құрастырылған мәтінді мазмұндап береді. Ойын соңында өз мәтіндерін берілген үзіндімен салыстырады. Ойын қорытындысы бойынша ең белсенді оқушы анықталады.
Ойымда қорытындылай келсем бүгінгі заман талабы жаңа ағымдағы әдіс - тәсілдерді балалардың бойына сіңдіру арқылы, ертеңге деген болашаққа жол ашу болып табылатынын білеміз. Осы орайда әр бір мұғалім өз мүмкіндігінше жаңа әдіс - тәсілдерді меңгеруде, өз үлестерін қосқанда ғана балалардың білім сапасын арттыруда ертеңге деген болашағын айқын қалыптастыруда табысты болатыны белгілі.

ШҚО
Жарма ауданы
«Салқынтөбе негізгі мектебі» КММ - сінің
математика пәнінің мұғалімі Канапьянова А. Ж.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Диалогтік оқыту. Әңгіменің және сұрақтың түрлері

Диалогтік оқыту. Әңгіменің және сұрақтың түрлері

Мақсаты: Диалогтік оқыту, әңгіменің түрлері мен сұрақтың түрлері жайлы түсінік қалыптастыру. Сабақ үрдісіндегі диалогтік оқытудың маңызын түсіндіру....
Диалог арқылы оқытудың маңызы

Диалог арқылы оқытудың маңызы

Алматы облысы, Райымбек ауданы, Сарыжаз орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Төлепбергенова Арайлым Акаевна...
Нәтижеге бағытталған білім беру жағдайында мектеп мұғалімдерінің ақпараттық ...

Нәтижеге бағытталған білім беру жағдайында мектеп мұғалімдерінің ақпараттық ...

Қызылорда облысы, Арал ауданы, №61 орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі Төлеуова Сәнімкүл Шалабайқызы...
Жаңа бағдарлама-жаңа бағыт

Жаңа бағдарлама-жаңа бағыт

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы № 14 орта мектебі Бастауыш сынып мұғалімі...
12 жылдық білім беру жағдайындағы бастауыш сынып мұғалімінің моделі

12 жылдық білім беру жағдайындағы бастауыш сынып мұғалімінің моделі

Қызылорда облысы, Арал қаласы, № 220 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Қобыланова Айгүл Күлмашқызы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×