Сайтқа кіру Тіркелу

«Қызықты математика» авторлық бағдарлама

Таңдау курсының тақырыбы: «Қызықты математика».

ТҮСІНІК ХАТ.
Бұл бағдарлама математика саласы бойынша оқушы білімін тереңірек меңгертуге арналады. Математика - бастауыш сыныптағы негізгі де маңызды негіздердің бірі, қарым - қатынас жасау мен дүние танудың құралы, баланың ақыл ойы мен шығармашылығын дамытудың басты арнасы. Өйткені, осы пән арқылы оқушы қоршаған ортаны таниды, ұлттық мәдениетті сезіне бастайды, санау машығында оқушының өзіндік ерекшелігі айқындала түседі. Сонымен бірге оқу барысында оқушылар алғашқы санау мағлұматтарды меңгереді, ақыл - ойлары, сөйлеу дағдылары жетіледі.
Сол себепті курс осы айтылғандарды іске асыруға мүмкіндік беретіндей сипатта құрылды.
Осы тұрғыдан алғанда курс оқушының талабын ұштап, шығармашылық, тұлғалық шарықтауына мүмкіндік береді, ой - өріс деңгейін биіктетеді. Математика - мазмұнына сандар мен оларға қолданылатын амалдарды, шамаларды, есептерді, алгебра мен геометрия элементтерін біріктірген, олардың өзара байланысы мен өзара әсерлесуін жүзеге асыратын кіріктірілген оқу пәні.
Курстың мақсаты

Қоғамның даму деңгейі жоғарырақ болса, соғұрлым адамның өзіне, оның даму деңгейіне, жалпы мәдениетіне жоғары талап қойылады. Қоғамдық өмірде болып жатқан процестер, кең ойлау мен талдау қажеттілігін, терең ойлау қабілеттілікті тудырады. Осы арада – логикаға ерекше мағына беріледі.
Оқушылардың өзектілік позициясынан өздеріне: ғылым сфераларында өз тағдырын өзі шешу, өнер техникасында, математикалық логика курсын оқу барысында бағыт таңдауға саналы түрде дайындау.
Әртүрлі әдістермен логикалық есептерді шешуге үйрету, есептердегі олардың практикалық маңыздылығын көрсету, соның ішінде тұрмыстық есептерде конструктивті ойлайтын оқушыларды айқындау. Олимпиадалық есептерді шешу барысында алған білімдерін практикалық түрде пайдалана білу.
Білім қызметінің мамандандыру элементтерін енгізу: оқушыда әр алуан пәнаралық байланыс арқылы математика туралы біртұтас ой қалыптастыру, логикалық есептерді шешу әдістері туралы ертерек алған білімдерін бір жүйеге келтіруге мүмкіндік береді.
“ Қызықты математика ” элективті курсын меңгеру позициясынан: оқушының логикалық мәдениет қалыптастырады.
Сонымен қатар топтық, жұптық жұмыстар жасауға, сынып ішінде еркін жүруге өз ойларын еркін айтуын дамыту. Кейбір математикалық ойындар, есептер командалық жарыстармен, сайыстармен өтіледі. Бағдарлама 2 - сыныпқа арналған. Бағдарлама 1 жылға жасалған. 34 сағат, аптасына 1 рет, ұзақтығы 40 минут. Конструкторлар, электронды математикалық ойындар(компьютермен жұмыс), математикалық бас қатырғыштар, шығармашылық есеп. Бір «орталықта» бірнеше бала жұмыс жасайды, «орталықта» жұмыс жасап 7 - 8 минуттан соң топ келесі ортаға ауысады. Балалардың топтық, яғни командамен жұмыс жасауын дамытады.
Міндеттері:
- Мемлекеттік білім стандарты деңгейде білім, білік және дағдыларын игерту
-«Қызықты математика» пәнінің мазмұны арқылы танымдық және коммуникативтік іс - әрекетке, өздігінен білім алуға және еңбекке бейімдеу, сондай - ақ ата - дәстүр, әдет - ғұрып, салт - сана, халықтық ұлттык болмысты жалпы адамзаттың мәдени мұраларымен үндестіру аркылы баланы түлға ретінде қалыптастыру
- Оқушының ақыл - ойының математикалық стилін, интеллектуалдық және ерік пен сезімге қатысты сапаларын дамыту
- Мектептің негізгі сатысында окуға, меңгерген математикалық білімін өмірде қолдануға жан - жақты дайындауды жүзеге асыру
Математиканың өмірде болып жатқан нақты құбылыстарда жалпылауға және қоршаған болмысты танып - білуге көмектесетін ғылым болып табылатыны туралы түсініктердің қалыптасуына ықпал ету.
Оқушының өмір сүруіне және мектептің келесі деңгейде оқуын жалғастыруы үшін қажетті білім, білік және дағдыларды қалыптастыру.
оқушының ойын дамыту;
Кеңес бере отырып, бағыттап оқыту;
Ізденушілік, зерттеушілік жұмыстарын ұйымдастыру;
Оқушылардың ғылыми, техникалық, кәсіпшілік қызығушылықтырын қалыптастыруға жағдай жасау, бейім таңдауда өз тағдырын өзі шешуге мүмкіндік беру;
Оқушылардың стандартты логикалық операцияларды жылдам және дұрыс орындау іскерлігін дамыту.
Салмақты ойластырылған шешім қабылдауға, өзінің және өзгенің ойлау әрекеттері туралы дұрыс пікір білдіре білу, қарсы оппоненттердің ой жүгіртулеріндегі қателерді таба білу.

Күтілетін нәтиже.
Математикалық білімі дамыған, логикалық ойлау қабілеті жоғары, ізденімпаз, еркін ойын айта алатын, топпен жұмыс жасағанда көпшілікпен ой бөлісе алатын, математикалық терминдерді дұрыс қолданатын, тәрбиелі тұлға қалыптасады.

Бағдарламаның авторы: А. Орынбаева.
Елді мекен: «Боралдай» ауылы

Авторлық бағдарламаны жүктеп алу
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
5 – сыныпқа арналған «Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту және қызығушылығын ...

5 – сыныпқа арналған «Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту және қызығушылығын ...

Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту және қызығушылығын арттыру үйірменің бағдарламасы (5 сынып)...
Оқушылардың математикалық ойлау жүйесін дамыту жолдары

Оқушылардың математикалық ойлау жүйесін дамыту жолдары

Егеменді еліміздің жарқын болашағы болар жас ұрпақ - бүгінгі мектеп оқушысы. Жас ұрпақ тәрбиесі қай заманда болмасын уақыт сөресінен түскен жоқ....
Қызықты математика таңдау пәні 2-сынып

Қызықты математика таңдау пәні 2-сынып

«Қызықты математика» оқу бағдарламасы жалпы орта білім беретін мектептің 3 - сынып оқушыларына арналып құрылды. Ұсынылып отырған «қызықты математика»...
Авторлық бағдарлама (математика пәні)

Авторлық бағдарлама (математика пәні)

Түсініктеме Бағдарламалық материалдарға математикалық білім, білік дағдыларды меңгеру үшін негіз болып табылатын логикалық білімдер жүйесінің...
Теңдеу және теңсіздіктерді шешу.10 сынып. Қолданбалы курс

Теңдеу және теңсіздіктерді шешу.10 сынып. Қолданбалы курс

Теңдеу және теңсіздіктерді шешу Қызылорда облысы, Қазалы ауданы Әйтеке би кенті №249 мектеп-лицейдің математика пәнінің мұғалімі Сансызбай Айгүл...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×