Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Тік бұрышты параллелепипед

Сабақ тақырыбы: "Тік бұрышты параллелепипед"

Мақсаты: 1. Тік бұрышты параллелепипед туралы кеңінен түсінік беру. Тік бұрышты параллелепипед және оның көлемі куб см3 таныстыру. Текшемен параллелепипед ерекшелігі туралы толық мәлімет беру.
2. Оқушылардың ой - өрісін, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Өз беттерінен жұмыс жасауға дағдыландыру. Математикаға қызығушылығын арттыру.
3. Оқушыларды тапқырлыққа, жылдамдыққа ептілікке тәрбиелеу. Достық қарым - қатынас, ұжымдық іс - әрекетке тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Жаңа сабақ
Әдіс - тәсілдері: Көрсету, түсіндіру, сұрақ - жауап ой - қозғау кубизм. Салыстыру, жұптық топтық жұмыстар.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, семантикалық тақта, венн диаграмма суреттер, параллелепипед моделдер.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезең:
Біз кімдерміз?
Оқушылармыз.
Қандай оқушылармыз?
Әдепті, тәртіпті, білімді, үлгілі, әдемі
Біз бір - бірімізге кімдерміз?
Достармыз
Достар бір - бірімен қандай қарым - қатынаста болады?
Жылы, мейірімді, адал
Болмаса балалар бәріміз орнымыздан тұрып жақсы бір өлең шумағын айтып сабағымызды көтеріңкі көңіл күймен бастайық!
Армысың, алтын күн!
Армысын, асыл жыр!
Армысын, көк аспан!
Армысың, жан досым!
Жылуыма жылу қос
Міне, менің қолым бос.
ІІ. Үй тапсырманы қайталау.
а) – Балалар сабағымыз математика. Мен сендердің бүгінгі сабаққа қанша дәрежеде дайын екендеріңді білу мақсатында "ой - шақыру әдісі" бойынша дайындалған «сұрақ бізден, жауап сізден» тапсырмасы бойынша сұрақтар беремін.
1. Арифметикалық төрт амалды айт.
2. Көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті.
3. 4³ дәрежесі неге тең?
4. 2 сағат 10 минутта қанша сағат бар?
5. Кез келген санды 1 - ге көбейткенде қандай сан шығады?
6. Фигураның ауданын қалай табамыз?
7. 72: 8 - ге бөл
8. Азайтудың компонентін ата.
Жарайсыңдар, балалар, енді мен сендердің жалпы математика сабағында білімдеріңді бақылау үшін тестік тапсырмаларды беріп көрейін. Алдарыңдағы тестік тапсырмаларды шешейік. (тест карточкалары таратылып, нәтижесі тексеріледі)

Сергіту сәті:
Аспанға қарап ай көрдім.
Төменге қарап жер көрдім
Оңға, солға бұрылып
Егеменді ел көрдім.
( Балалар, бұл жерде «Егеменді» ел деп отырғанымыз қай ел?
Дұрыс Қазақстан
Биыл егемді еліміздің неше жылдығын атап өтеміз. 22 жылдығын.
- 22 саны неше таңбалы сан?
- Дұрыс 2 таңбалы сан
- Не үшін 2 таңбалы сан деп атаймыз?
- Себебі 2 цифрдан тұрады.
ІІІ. Жаңа сабақ:
Тік бұрышты параллелепипед – бізге өте жақсы таныс фигура, өйткені көптеген заттар осындай пішінге ие. Ал, балалар қараңдаршы мына заттардың атын атайықшы. ( кітап, кірпіш, сіріңке қорабы). Осы көріп тұрған заттарымыздың бәрі тікбұрышты параллелепипедке мысал бола алады.
Ал енді тікбұрышты параллелепипед дегеніміздің өзі не?
Ол тек тікбұрыштардан тұратын болғандықтан тік бұрышты параллелепипед деп аталады.

Параллелепипедтің кез келген төбесінен үш қабырға шығады. Бұл қабырғалар тікбұрышты параллелепипедтің өлшемдері болып табылады және олар параллелепипедтің ұзындығы, ені, биіктігі болып аталады.
Тап осы жерде мен сендерге бір сұрақ қояйын.
Тік бұрыш, шаршы сияқты фигуралардың неше өлшемі бар?
Дұрыс 2, ұзындығы ені.
Олар қандай әріптермен белгіленеді?
Латынша а, в
Тікбұрышты параллелепипедтің өлшемі ұзындығы, ені, биіктігі яғни а, в, с
( параллелепипед макетінен көрсету)
Енді тік бұрышты параллелепипед туралы түсінікке ие болсақ, оқулықтағы 1 - мысалды ауызша орындайық.
1 - мысал. (ауызша). Балалар өз ойларын айтады.
Суретте берілген фигуралардың барлығы текшелер.
Текше дегеніміз – барлық өлшемдері тең тік бұрышты параллелепипедті айтамыз. Текшенің де бір нүктеден үш бірдей қабырға шығады, және ол бірдей өлшенеді. Сонымен бірге оныңда 6 жағы, 8 төбесі, 12 қабырғасы бар.

Мысалы: ұзындығы - 7мм
ені - 7мм
биіктігі - 7мм
V -? V=a∙a∙a V=α^3
V=7∙7∙7=343MM^3
V=2∙2∙2=8cm^3
V=2дм∙2дм∙2дм=8дм^3
2 - мысал. ( ауызша орындалады)
(Балалар өз ойларын айтады)
Суретте берілген фигуралардың барлығы тікбұрышты параллелепипед. Тікбұрышты параллелепипедтің де үш өлшемі бар, бірақ олар әр түрлі өлшемде.
Мысалы: сынып бөлмесінің ұзындығы 9 м, ені5м, биіктігі 3м деп алсақ, сынып бөлмесінің көлемі қаншаға тең?
2 - мысалды өзара салыстыру мақсатында «Венн диаграммасы» әдісі арқылы пысықтап кетейік.

3 - мысал. Топтық жұмыс. Әр қатар бір текшеден дәптерге сызып, көлемін табады.
V=7∙7∙7=343мм³ V=α^3
V=2∙2∙2=8cм^3 V=a∙a∙a
V=2дм∙2дм∙2дм=8дм^3 (өздер қалаған бір текше салып, көлемін табу)
4 - мысал. V=2см∙1см∙3см=6м^3 (өздері қалаған бір
V=1см∙2см∙1см=2см^3 парал - ды өлшеп сурет
V=2см∙4см∙2см=16см^3 салып, көлемін табу)
V=4см∙2см∙2см=16см^3
5 - мысал. Әр бала өз бетінше жұмыс жасайды. Кестені толтырады

Интерактивті тақтадан жауабы тексеріледі
6 - есеп. Есептік құрылымы туралы сұрау.
Есептің шарты.
Есептің сұрағы.
Есептің шешуі.
Есептің жауабы.

Шарты:
Жүрген жолы - 230м+230
Барлық жол - 600м
Оқушының барлық жүрген жолы -? м
Ш:(230х2)+600 = 1060м
Жауабы: оқушының барлық жүрген жолы 1060м
( Сызба арқылы түсіндіру)
7 - есеп. S=21км
VBел = 15км/ сағ
t=1 cағ
V жаяу = 3км/ сағ
Барлығы жолға қанша уақыт -? кетті
Ш: V=15км/сағх1сағ=15км
21км - 15 сағ=6cағ
6 сағ: 3 км/сағ= 2 сағ
2сағ+1сағ=3 сағ
Жауабы: барлық жолға 3 сағ уақыт кетті.
8 - мысал. 2 бала тақтаға орындайды.(отырғандардан 5 баланың дәптері тексеріледі)
9 - мысал. 2 бала тақтаға орындайды.( отырғандардан бірінші болған 5 баланың дәптері тексеріледі.)

Сабақты қорытындылау:
Сонымен балалар, бүгін біз сендермен қандай фигуралармен танысып, қандай фигуралардың көлемдерін тауып үйрендік?
Текшенің, тік бұрышты параллелепипедтің көлемін табу үшін не істейміз?
Көлемнің өлшем бірліктерін еске түсірейікші:
Куб миллиметр( қабырғасы 1 мм текше)
Куб дециметр (қабырғасы 1 дм текше)
Куб метр ( қабырғасы 1 м текше)
Куб километр ( қабырғасы 1 км текше)
Сонымен сабағымыз аяқталды.
Кім не үйренді?( балалар өз ойларын айтады)
Балаларды бағалау.
Үйге тапсырма. 9 мысалдың 2-інші бағаны
Кері қайту
Загрузка...
Ұқсас жаңалықтар:
Тік бұрышты параллелепипед және оның көлемі

Тік бұрышты параллелепипед және оның көлемі

Жалпы мақсаттар 1. Тік бұрышты параллелепипед туралы кеңінен түсінік беру. Тік бұрышты параллелепипед және оның көлемімен таныстыру. Текше мен...
Өткенді пысықтау

Өткенді пысықтау

Атырау облысы, Исатай ауданы, Жанбай ауылы Хамидолла Наубетов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Сұлтанғалиева Күнсұлу Сәменқызы...
Көлемнің өлшем бірліктері. Текше және тіктөртбұрышты                        ...

Көлемнің өлшем бірліктері. Текше және тіктөртбұрышты ...

Қызылорда қаласы №217 Б. Шалғынбаев атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Жақсыбаева Гүлдана Бауыржанқызы...
Текшенің көлемі

Текшенің көлемі

Қызылорда қаласы №217 Б. Шалғынбаев атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Жақсыбаева Гүлдана Бауыржанқызы...
Конус. Қиық конус.

Конус. Қиық конус.

Конус. Қиық конус. 1. Қиық конустың табан радиусі 10см және 4см, ал биіктігі 8см. Қиық конустың жасаушысын табыңдар. 2. Конустың жасаушысы 5см,...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Мұқағали Мақатаев, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, математика, математикадан сабақ жоспары, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар

Барлық тегтерді көрсету