Сайтқа кіру Тіркелу

Тік төртбұрыштың (шаршының) периметрін табудың әртүрлі тәсілдері

Сабақтың тақырыбы: Тік төртбұрыштың (шаршының) периметрін табудың әртүрлі тәсілдері

Сабақтың тақырыбы: Тік төртбұрыштың (шаршының) периметрін табудың әртүрлі тәсілдері
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың тік төртбұрыш туралы алған білімдерін еске түсіру, тік төртбұрыш пен шаршының периметрін әр түрлі тәсілмен табуды түсіндіру
1) Білімділік: Оқушыларға тік төртбұрыш пен шаршының қасиеттеріне сүйене отырып олардың периметрін табуға, өрнектердің мәнін табуға, есептерді шығару дағдыларын қалыптастыру
2) Дамытушылық: Сабақта жаңа педагогикалық технологияларды қолдана отырып, оқушылардың шығармашылық қабілетін, ой - өрісін дамыту. Жазбаша, ауызша есептеу дағдыларын арттыру, өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
3) Тәрбиелік: Оқушыларды Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін құрметтеуге тәрбиелей отырып, еліміздің тірегі білімді ұрпақ, жан - жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру, тапқырлыққа баулу.
4) Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Ойын, көрнекілік, түсіндіру, сұрақ - жауап, шығармашылық, СТО бағдарламасының әдістері
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивтік тақта, слайдтар, ойындар, тесттік тапсырма, топтық тапсырма, кестелер, суреттер
Ұйымдастыру кезеңі:
1) Оқушылардың сабаққа әзірлігін тексеру
2) Өтілген материалды қайталау
Жаңа сабаққа дайындық
1. Тік төртбұрыш элементтерін атаңдар
2. Тік төртбұрыштың қасиеттерін еске түсірейік
3. Тік төртбұрыштың периметрін қалай табамыз?

Жаңа сабақты түсіндіру
Ұзындығы 3см және 2 см болатын Тік төртбұрыштың периметрін табыңдар
3см Р=3см + 2см + 3см + 2см = 10см
2см Р=(3см +2см)•2 = 10см
Ұзындығы 4см шаршының периметрін табыңдар?
4см
4см Р=4см+4см+4см+4см =16см
Р=4см•4=16см

Қызығушылықты ояту
«Санды тап» ойыны
1. Мен бір сан ойладым, егер оны 5 - ке көбейтсе, 20 шығады. мен қандай сан ойладым?
2. Мен бір сан ойладым, егер оны 3ке бөлсе, 5 саны
шығады. Мен қандай сан ойладым?
3. Мен бір сан ойладым, егер оны 2 есе арттырса, 20 шығады. Мен қандай сан ойладым?
Мағынаны тану
Оқулықпен жұмыс
1 Тапсырма
Тік төртбұрыштың периметрін тап.
3см Р=(3см+1см)•2
1см
Тік төртбұрыштың периметрін былайша табуға болады:
1 - тәсіл: Оның барлық қабырғаларының ұзындықтарын қосу арқылы;
2 - тәсіл: Оның тең емес қабырғаларының ұзындықтарын қосып, алынған қосындының мәнін
2 - ге көбейту арқылы

Шаршының периметрін былайша табуға болады:
1 - тәсіл: Оның барлық қабырғаларының ұзындықтарын қосу.
2 - тәсіл: Оның бір қабырғасының ұзындығын 4 - ке көбейту

Сергіту сәті
Күн нұрындай көңілім
Даламдай кең пейілім
Жүрегім толы мейірім
Бәріне ортақ шуағым
Мен білімді боламын!

5. Тапсырма
Есепті шығар
1) 18 асхана аспабы 6 тәрелке жанына тең бөлініп қойылды. 1 тәрелке жанына неше асхана аспабы қойылды?
2) 2) Әрбір кесе шайға 2 шағым қант салынса, 20 кесе шайға неше шағым қант салынады?
6. Тапсырма
 Есепте
1 топ 2 топ 3 топ
100 -(35: 7)+5 200 -(56: 8)•8 600: 6+9•10
8•100 - 70: 7 650 -(5•10) • 2 500: 50+20•4

7. Тапсырма
 Кестелерді толтыр (ауызша)
а 4 6 10 30
а•2

а 2 4 3 6
12: а

8. Тапсырма
1.. Шарты:
Болды - 42 текше
Іргетас салуға – 3 бала 4 текшеден
Қалғаны - үйдің шатырына, қабырғаларына
жұмсалды
Неше текше жұмсалды?
2. Шарты:
Іргетасына – 12 текше
Қабырғасына – 10 текшеден 4 қабырғасына
Төбесіне – 16текше
Барлығы -?
9. Тапсырма (ауызша)
1 км – 260м 3дм 8см+ 48см
3 ц – 160 кг 5м 6дм 4см - 175 см
1м – 36 см 1 ц 20кг +189 кг
Логикалық есеп
 Үзілісте 3 сынып оқушылары «Сақина салу» ойынын ойнады. Ойынға қатысушылардың 6 - ы
ер бала, ал қыз балалар олардан 2 - есе артық. Ойынға барлығы қанша оқушы қатысты.

10. Тапсырма
 Қалдықпен бөлуді орында және тексер.

1 топ 2 топ 3 топ
15: 2 25: 3 17: 2
29: 4 22: 3 33: 4

Жаңа сабақты бекіту
Ой толғаныс
 1. Ұзындығы 4 см және 1см болатын тік төртбұрыштың периметрі неге тең?
а) 5см ә) 10см б) 6см
2. Ұзындығы 5 см болатын шаршының периметрі неге тең?
а) 9см ә) 20 см б) 5см
3. Ұзындықтары 3см, 1см және 6см болатын үшбұрыштың периметрі неге тең?
а) 9см ә) 11см б) 10 см
Қорытындылау
Бағалау
Үйге тапсырма 11, 12 есеп 95 - 96 бет

И. Тайманов атындағы №27 орта мектептің
бастауыш сынып мұғалімі
Бигамбаева Раиса Кабдрашевна
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×