Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Тура және тура емес теңдіктер

Жоспарланған уақыт есебі

Жоспарланған жаттығу түрлері
Ресурстар
Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларға жайлы ахуал ұйымдастыру
Шаттық шеңбері

Армысың досым,
Кел, маған қосыл (қолымен шақырады).
Алақанға салып алақан,
Шеңберге бірге тұрайық (қолдарынан ұстайды).
Жер шарындай айналып,
Әлемге жарық ұқсайық (айналады).
Қолымызды көтеріп,
Күннің нұрын алайық (қолдарын көкке созады).
Ортамызда күн нұры,
Құшаққа оны алайық (құшақтасады).
ОМ анықтап алу
Бүгін сабақта сендер белгісіз санды көрсететін белгісін қалай қолданатыныңды үйренесіңдер
Ортасы
Айтылым

Кіріспе тапсырма. Топтық жұмыс.
Мысалы, егер оқушыларға 17 + 2; 18 – 4 парақшалары түссе, ол мына үлгіде салыстырылады: 17 + 2 > 18 – 4.
Егер 15 – 3; 10 + 2 өрнектері бар парақшалар түссе, олар былай салыстырып жазады: 15 – 3 = 10 + 2. Барлық оқушылар өрнектері бар парақша жұптарын алып, салыстырған соң бір - бірінің жұмыстарын­ тексереді.

Оқушыларға құрастырған өрнектерін қайтадан оқып, олардың теңдік не теңсіздік екенін анықтауды сұраймын.

Саябақта. Оқулықта бейнеленген сурет бойын­ ша велосипедтегі және шанадағы­ балалардың санын анықтап салыстыруды тапсырамын. Оқушылар тек балалардың санын ғана салыстырып қоймай, бөліктермен қоса санайды. Мысалы, үш бала болды, тағы төрт бала келді немесе жеті бала болды, төрт бала кетіп қалды. Оқушыларға сурет бойынша шағын мәтін құрастыруды тапсырамын. Бұл жұмыс түрі есеп шығаруға дайындық болады. Оқушыларға санды теңсіздіктерді салыстырып, оларды ажыратады.
Жауабы:
а) 1 + 4 < 3 + 4 — бұл теңсіздік; ә) 5 – 2 < 7 – 3 — бұл теңсіздік; б) 5 – 3 = 7 – 5 — бұл теңдік.
Шығарып көр. Топпен жұмыс
Санды өрнектерді салыстырып, оларды қандай 3 топқа бөлуге болатынын сұраймын.
Оқушыларға бұл тапсырманы қалай орындайтынын айтуға мүмкіндік беремін. Мысалы, олар оны бірінен кейін бірі жалғастырып орындауы немесе барлық тапсырманы­ жеке орындауы мүмкін. Өзара тексеру жасауға мүмкіндік беремін.
Жауабы: үш қате: 20 + 40 = 70 – 30; 15 – 3 ≠ 16 – 4;
11 + 0 = 14 – 0.
Орындап көр. Тапсырманы жұппен орындайды. Сурет бойынша саябақ жолдарының сызбасы қандай геометриялық фигуралар беретінін айту керек. Санды теңсіздік құрастырып, берілген жолдардың ұзындығын салыстыруды тапсырамын.

Жауабы:
20 дм + 20 дм + 20 дм + 20 дм< 30 дм + 30 дм+ + 30 дм; 80 дм < 90 дм.

Толық нұсқасын жүктеу
Кері қайту
Загрузка...
Ұқсас жаңалықтар:
Санды және әріпті өрнектер

Санды және әріпті өрнектер

Оқушыларға санды және әріпті өрнектер туралы ақпараттар беру. Оқушылардың іс әрекетін қатыстыру арқылы пәнге деген қызығушылықтарын,...
Интервалдар әдісі

Интервалдар әдісі

Мақсаты: Оқушыларға квадрат теңсіздіетерді интервалдар әдісімен шешуді үйрету және есептер шығарып үйрету Білімділік: Сан осі, сан осіндегі нүктенің...
Теңдік, теңсіздік, өрнек, теңдеу

Теңдік, теңсіздік, өрнек, теңдеу

Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, № 1 Жәутіков атындағы қазақ орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Омашева Алмагул Тлеубергеновна...
Санды теңсіздіктерді көбейту және бөлу

Санды теңсіздіктерді көбейту және бөлу

Қызылорда қаласы, Талдыарал елді мекені №215 орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі Гаухар Әбдікәрімова...
Артық, кем, тең

Артық, кем, тең

Пәні: математика Класы: 1 Пән мұғалімі: Сагинбаева Жанар Сабақтың тақырыбы: «Артық», «кем», «тең» түсініктері. Мақсаты: «артық», «кем», «тең»...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мұқағали Мақатаев, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, математика, математикадан сабақ жоспары, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету