Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Ондық бөлшектерді қосу және азайту

Қысқа мерзімді жоспар
Сабақ жоспары
Сабақты жоспарлаудан бұрын орта мерзімді жоспарды қараңыз.
Сабақ жоспарын ұсынылған үлгі негізінде әзірлеуге болады.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
5. 3. В Ондық бөлшектер және оларға амалдар қолдану
Мектеп: №55
Мұғалімнің аты - жөні: Бәкір М. А
Сынып: 5 «в» Қатысқандар саны: 24 Қатыспағандар саны:
Сабақ тақырыбы: Ондық бөлшектерді қосу және азайту (2 сабақ)
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
5. 1. 2. 27 Ондық бөлшектерді қосу және азайтуды орындау
Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар: амалдардың орындалу ретін анықтайды және ондық бөлшектерді қосу, азайту амалын орындайды.
Оқушылардың басым бөлігі: ондық бөлшектің ережелерін есептеулерде пайдаланады.
Кейбір оқушылар: Ондық бөлшектерге берілген мәтін есептерді шығарады.
Бағалау критерийлері Ондық бөлшекті қосады;
Ондық бөлшекті азайтады.
Тілдік мақсаттар Оқушылар:
- жай бөлшектерді ондық бөлшек түрінде және керісінше жазу алгоритмін түсіндіре алады;
- ондық бөлшектерге арифметикалық амалдар қолдану алгоритмін түсіндіре алады;
- ондық бөлшектерді салыстыруды түсіндіре алады;
- белгілі және белгісіз шамаларды сипаттай отырып, мәтінді есептердің шешімін түсіндіреді
Пәнге тән лексика мен терминология
- бүтін бөлік, бөлшек бөлік;
- ондық бөлшек;
- үтірмен ажыратылатын таңбалар саны;
- үтірден кейінгі таңбалар саны;
- ондық, жүздік, мыңдық және т. с. с. үлестер;
- ондық таңбалар,
Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер
- жай бөлшекті ондық бөлшек түрінде жазу үшін... керек; - ондық бөлшекті жай бөлшек түрінде жазу үшін... керек; - екі ондық бөлшекті қосу (азайту) үшін... керек;
Құндылықтарды дарыту

«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясының құндылықтары:
Қазақстанның тәуелсіздігі және Астана.
Пәнаралық байланыстар Тарих, геометрия
АКТ қолдану дағдылары Интербелсенді тақта, постер.
Бастапқы білім
Білім алушылар алғашқыда ондық бөлшек ұғымын біледі. Ондық бөлшектің бүтін және бөлшек бөлігін біледі. Ондық бөлшектерді қосады және азайтады.
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс - әрекет
Ресурстар
Сабақтың басы
10минут
Оқушылардың зейінін бір арнаға тоғыстыру мақсатында психологиялық ахуал туғызамын: Шаттық шеңбері арқылы сабақты бастаймыз.
Балалар, енді қолымызды ұстап алақан жылуы арқылы бір - біріңе жылы лебіздер айтып, сабағымызды бастайық
Қуанамын мен де, (өзімді көрсетемін)
Қуанасың сен де, (жанындағы досымды көрсетемін)
Қуанайық, достарым, (бір біріміздің қолымыздан ұстаймыз)
Арайлап атқан күнге (қолдарымызды жоғары көтереміз)
Қазақстан Республикасының алғашқы 4 астанасы Орынбор, Қызылорда, Алматы, Астана (Целиноград) топтарға бөлінеді. Әр топ өз топтарының атауына байланысты астаналардың шығу тарихымен бөліседі.
Үй тапсырмасын тексеру тақтада көрсетілген жауаптар арқылы әр оқушы өзін - өзі тексереді.
«Доп лақтыру» әдісі. Оқушылардың назарын сабаққа аудару мақсатында падаланыланамыз.
Тапсырмалар:
- ондық бөлшектің бөліктері;
- ондық бөлшек;
- ондық бөлшектің жазылуы;
- жай бөлшек дегеніміз не?
- ондық бөлшектің аралас сан түрде жазуға болады ма?
- ондық бөлшектерді қалай қосамыз?
- ондық бөлшектерді қала азайтамыз?
Қалыптастырушы бағалаудың «Смайликтер» әдісімен бағаланады.
Сабақтың ортасы
22 минут Топтық жұмыс.«Ойлан, Жұптас, Топтас» әдісі
бойынша топтағы әр оқушыға бірдей тапсырма беріледі. Білім алушылар өз бетінше шығарады, кейін олар жұпта талқылайды және топта қарастырады. Тақтада шығарылу жолын постермен көрсетеді.
5 17/20 - 3, 52+4/5 «Орынбор» тобына
9 7/10+5, 92 - 3 9/20 «Қызылорда» тобына
36, 63+9 3/4 - 6 9/10 «Алматы» тобына
6 4/25+2, 81 - 1 3/4 «Астана» тобына
Дескриптор:
- Жай бөлшекті ондық бөлшекке айналдырады;
- Ондық бөлшекті қосады;
Ондық бөлшекті азайтады.
Қ. б «Бармақ» әдісі бойынша бағалау.
Сергіту сәті.
«Бұлт үстіндегі саяхат»
Нұсқау: көздеріңді жауып, ыңғайлы отырыңдар. Екі - үш рет терең дем алыңдар. Мен сендерді бұлт үстімен саяхатқа шақырмақшымын. Томпақ жастықтардан құралған жұмсақ тауға ұқсаған аппақ мамық бұлт үстіне секіріңдер. Аяқтарың, арқаларың, барлық денең осы үлкен бұлт жастыққа ыңғайлы орналасқанын сезініңдер. Саяхат басталады. Бұлт жайлап, көк аспанға көтеріледі. Самал жел беттеріңнен сипайды. Мұнда. Биік аспанда мүлгіген тыныштық орнаған. Бұлт сендерді өздеріңді бақытты сезінетін жерге жеткізеді. Бұл жерде сендер өздеріңді байсалды сезінесіңдер. Осы жерде ғажайып және таңқаларлық оқиға орын алуы мүмкін....(30 секунд). Енді сендер тағы да бұлт үстіндесіңдер. Ол сендерді қайтадан сынып ішіне әкеле жатыр. Бұлттан түсіп, оған рақмет айтыңдар... Бұлт ақырындап ауада ери бастайды. Қолдарыңды созып, көздеріңді ашыңдар, сендер сергек, ширақ, зейіндісіңдер.
«Тарсия» әдісімен топтарға тапсырмалар беріледі. Әр тапсырманы орындап шыққанда өздерінің топтарына сәйкес астаналардың суреттері шығады.
«Орынбор»
21, 7+6, 5=28. 2
12, 5 - 3, 7=8. 8
2, 1+4, 5=6. 6
9, 3 - 2, 5=6. 8
35, 62 - 21, 12=14. 5
43, 8 - 12, 63=31. 17
«Қызылорда»
7, 6 - 2, 4=5. 2
3, 2+6, 5=8. 8
15, 6+2, 8=18, 4
8, 3 - 2, 3=6
42, 32+11, 25=53, 57
12, 9 - 11, 5=1, 4
«Алматы»
74, 3 - 22, 6=51. 7
14. 3+65. 2=79. 5
13. 36+6=19. 36
63. 2 - 52. 3=10. 9
22. 8+8. 9=31. 7
6. 21 - 3. 9=2. 31
«Астана»
9, 6 - 2, 7=6. 9
6, 45+2, 7=9. 15
23. 36 - 12. 3=11. 06
58. 9 - 6. 3=52. 6
64. 3+7. 98=72. 28
100. 2 - 3. 77=96. 43
Дескриптор:
- Ондық бөлшектің бөлшек бөлігін теңестіреді;
- Ондық бөлшекті қосады;
- Ондық бөлшекті азайтады.
Қ. б «Бармақ» әдісі бойынша бағалау.
«Кім жылдам?» Оқушылар берілген тапсырманы тізбектей қосу арқылы белгісіз мүшені табады.
6, 091+7, 083+х+3, 127+х+0, 373+х+2, 117+х+0, 209
Дескриптор:
- ондық бөлшектерді қосады;
- белгісіз мүшені табады.
Сабақтың соңы
8 минут
Үй тапсырмасы:
№780. Ең тиiмдi тәсілімен есептеңдер:
1) (4 + 1‚8) + 2‚2;
2) 0‚3 + (1‚7 + 2‚5);
3) 8‚3 + (2‚7 + 8);
4) 1‚6 + (5 + 3‚4);
5) (3‚8 + 6) + 4‚2;
6) 10‚2 + (1‚7 + 4‚8);
7)(2‚41 + 13) + 4‚59;
8) 12‚25 + (8 + 3‚75);
9) (46‚3 + 18) + 4‚7.
Сабақ соңында графикалық органайзер «Светофор» әдісі қолданылды.
- тапсырманы орындау кезінде сіз үшін не кедергі болды?
- Сіз тапсырманы орындау барысында өзіңіз қолданған әдістен нені өзгертер едіңіз?
- Сіздің тапсырманы орындауыңызға не көмектесті?
Кері қайту
Загрузка...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Мұқағали Мақатаев, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, математика, математикадан сабақ жоспары, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар

Барлық тегтерді көрсету