Сайтқа кіру Тіркелу

Дұрыс және бұрыс жәй бөлшектер

Қысқа мерзімді жоспар
Сабақ жоспары
Сабақты жоспарлаудан бұрын орта мерзімді жоспарды қараңыз. Сабақ жоспарын ұсынылған үлгі негізінде әзірлеуге болады.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5. 1C Жай бөлшектер Мектеп: №55
Мұғалімнің аты - жөні: Бәкір М. А
Сынып: 5 «а» Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
Сабақ тақырыбы: Дұрыс және бұрыс жәй бөлшектер (2 сабақ)
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
5. 1. 1. 10 Дұрыс және бұрыс бөлшекті ажырату
Сабақ мақсаты Дұрыс және бұрыс бөлшектер ұғымымен таныстыру және оларды ажырата білуге үйрету. Дұрыс бөлшектер және бұрыс бөлшектер ережелерін қолданып есептер шығару дағдыларын қалыптастыру.
Бағалау критерийлері - жай бөлшектің жазылуында алымы мен бөлімін біледі
- дұрыс және бұрыс бөлшектерді анықтайды;

Тілдік мақсаттар Оқушылар:
Пәнге тән лексика мен терминология
- жай бөлшекті алымын және бөлімін нұсқай отырып оқи алады;
Дұрысбөлшек – Правильная дробь – Properfraction
Бұрысбөлшек – Неправильная дробь – Improperfraction
Аликвоттықбөлшек – Аликвотная дробь – Aliquotfraction
Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер
- жай бөлшектің бөлімі..., ал алымы... білдіреді;
Пәнаралық
байланыс Геометрия
АКТ қолдану Интербелсенді тақта, постер.
Бастапқы білім
Жай бөлшектер ұғымының жазылуы және оқылуы
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
Сабақтағы жоспарланған іс - әрекет
Ресурстар
Сабақтың басы
10минут
Сынып төрт топқа бөлінеді.
Тақта бойынша үй тапсырмасы тексеріледі.
Актуализация
Тест
1. с/17 жай бөлшегі дұрыс болатындай саның орнына үш натурал сан мәнін тап.
А) 17, 19, 1
В) 12, 1, 21
С) 2, 14, 11
Д) 1, 19, 18
2. 5, 7, 9 сандарынан неше дұрыс бөлшек құрастыруға болады?
А) 5/7; 7/9; 5/9
В) 7/9; 7/5; 9/5
С) 9/7; 5/9; 9/5
Д) 9/7; 5/7; 5/9
3. с/23 жай бөлшегі бұрыс болатындай саның орнына үш натурал сан мәнін тап.
А) 57, 11, 13
В) 14, 7, 25
С) 27, 44, 51
Д) 13, 11, 23
ҚБ: «Смайлик» арқылы бағаланады.

Сабақтың ортасы
22 минут Жұптық жұмыс.

ҚБ: «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы бағаланады.
Топтық жұмыс.

ҚБ: «От шашу» әдісі арқылы бағаланады.
Сергіту сәті: Оқушылар орындарынан тұрады.
Тақтада дұрыс бөлшек - қолын алдыға созады;
бұрыс бөлшек - қолын жоғары көтереді;
натурал сан - шапалақ ұрады.
«Тарсия» әдісімен есептер шығару. Топтық жұмыс.
1 топ.
*/4=1; 1=8/*; 8: 7=8/7; (a+b): c=(a+b)/c;
61: 100=61/100; a/(7 - b)=a:(7 - b); 12=*/5;
x - тің қандай мәнінде х/7 бұрыс бөлшек болады.
x - тің қандай мәнінде 8/х дұрыс бөлшек болады
дұрыс бөлшек: 2/3; 7/18; 6/9
2 топ
1=*/12; 10/*=1; 7: 12=7/12; 7/4=7: 4; c/d=c: d;
15/(x+y)=15:(x+y); x/100=27; 8=72/*
a - ның қандай мәнінде (а+4)/7 бөлшек дұрыс бөлшек болады?
14/х х - тің қандай мәнінде бөлшек бұрыс бөлшек болады?
3 топ
a - ның қандай мәнінде 7/(5+а) бөлшек бұрыс бөлшек болады?
11/х х - тің қандай мәнінде бөлшек бұрыс бөлшек болады?; 7:(x - y)=7/(x - y)
(а - 2)/4 а - ның қандай мәнінде бөлшек
дұрыс бөлшек болады?
9/2=9: 2; 1=*/12; 10/*=1; 30: 41=30/41; 12=96/x; 2=x/3
4 топ
m/((x+2) )=m:(x+2); x/4=8; 27=270/a;
14: 20=14/20; 8/11=8: 11; 25/*=1; 1=*/60
x - тің қандай мәнінде 10/х бұрыс бөлшек болады?
С - ның қандай мәнінде (с - 2)/4 өрнегі дұрыс бөлшек болады?
n - нің қандай мәнінде 10/(n+8) бөлшегі бұрыс бөлшек болады?
Дескриптор:
- бөлшек дұрыс болатындай айнымалының мәнін жазады;
- бөлшек бұрыс болатындай айнымалының мәнін жазады;
- бөлуді жай бөлшек түрде жазады
ҚБ: «От шашу» әдісі арқылы бағаланады.

Сабақтың соңы
8 минут
Үй тапсырмасы: /401, 403
Рефлексия «Поезд»
Мақсаты: Сабақтың әр бөлімін бағалау.
Әр оқушының алдында екі түрлі жетон болады. Оның біреуі көңілді, екіншісі мұңлы. Тақтада сабақтың әр бөліміне сәйкес вагондарымен поезд орналасқан. Оқушылар сабақтың қайсы бөлімі өзіне ұнады, сол вагонға көңілді жетонды, қай бөлім қызықсыз әрі қиын болды, сол бөлімге (вагон) мұңлы жетонды салады.
Сау болыңыздар!
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×