Сайтқа кіру Тіркелу

Еңбек туралы мақалдар мен мәтелдер

Еңбек туралы мақалдар мен нақылдар
М. Әлімбаев құрастырған

Ер айнасы – еңбегі

Топырағын таппаған дән өнбейді.

Егін піспей, қап сайла.

Есесі қайтқан еңбек игі.

Игі еңбек еңсені сезбейді.
Адал еңбекпен тапқан нан майша жұғады,
Арамдық жолмен тапқан қазы-қарта жыланша шағады.

Комбайншы – мың кісі,
Орақшы – бір кісі.

Трактордың болғаны,
Қамбаға дәннің толғаны
Еңбек – жанның ләззаты

Колхозың алда болса,
Аузың балда болар.

Есесі қайтпас еңбек жоқ.
Бір басты асырайтын – екі қол.

Еселі бақыт – еңбекте.
Бабасы еккенді баласы орады.
Еңбеккер қол ерінбейді.
Шеберлік – шегі жоқ байлық.

Уақытын есептемеген ұтылады.

Қайраты бар кісінің,
Ләззаты бар ісінің.

Күйбеңдеген кеш қалады.
Күріштің күні сумен.

Диірменнің сәні – қапшықтың дәні.

Жамай білген жалаңаш жүрмейді.

Нардың жүгін көтерем дедің еке – налыма!
Игі істің ертеңгісі жақсы.

Сегіз сиыр асырағанша,
Семіз сиыр асыра.

Балдырдан көлін аршығанның балығы таусылмас.

Өзенге көпір орнатсаң, өтсін деп сал немерем.

Кетпен жоқтың көшеті де жоқ.

Еңбекке бейім болсаң,
Қатарыңнан кейін болмайсың.

Жұмыстың көзін тап,
Қисықтың жөнін тап.

Ұқсата білген ұтады.

Трактордың болса да,
Тұлпарыңды тастама!

Жер тойынбай, ел тойынбайды.
Бір талды кессең, он тал ек.

Еңбек – ердің сәні.

Ауыр істен қорықпа,
Ауыр сөзден қорық.

Диқан жерге тоймайды,
Мал жемге тоймайды.

Адам жерге нәр береді,
Жер адамға нәр береді.


Бір адам қазған құдықтан,
Мың кісі келіп су ішер.

Топан қаптамай тоған сал.

Бір түйір дәнде,
Бір тамшы тер бар.

Асықпасқа несі бар,
Бүгіннің де кеші бар.

Ой көбеймей,
Қой көбеймейді.

Мақта еккенге,
Суық өткен бе?

Өтпес ораққа өлең шөп те тастай.

Алдымен істі тындырсаң,
Кім ұрсар сонсын қыдырсаң

Үлкен қазанда қайнағанның шикісі болмайды.

Қимылдаған қыр асар.
Тасты тас қозғалтады.

Тіс білмейді, күш біледі.

Ақылсыз қайрат бас жарар.

Еріншек етегіне сүрінеді.

Бұлдыр білген бүлдіреді.

«Әттеген-ай» сайын ақыл қосылады.

Қара жерге қарыз арқаламайды.

Қыдырдың қасында болғаннан гөрі,
Бұлақтың басында бол.

Жалқау кісі – қорқау кісі.

Тоқытпасаң – оқытпа.

Шеберлікте шек жоқ.

Асыққанның ісі өнбес.

Жан жұтамай, мал жұтамайды.

Аңғал сөйлеп аспа,
Жолын білмей қашпа.

Өнер даритын кісісін өзі біледі.

Тәжірибе негізі – ғылым,
Даналық негізі – білім.

Бас мүлгісе, аяқ сүрінеді.

Бейқамдық береке бермейді.

Есепсіздің есесі кетеді.

Сылдырдың сылтауы бітпейді.

Домбыра шертуге де зауық керек.

Талантты өсіретін – талап.

Ортаңа қарап, өзіңді таны.

Қушиып бай болғанша, қолы ашық кедей бол.

Жеңілмейтін қол – ел.

Қия тартпас жол – еңбек.

Ұстазға күңгірт нәрсе, шәкіртке қараңғы түндей.

Ұстаздың қатесі – оқушының қатесі.

Ұста темірден де алтын қылыш соғады.

Ұсталығына қарай ұстаздық.

Кішкене түйенің жүгі көзге көрінбейді.

Пышағы өткір байымас.

Егеуге бергісіз білеу бар,
Екеуге бергісіз біреу бар.

Ер қайратын ел сынар.

Тұлпардың тұяғы бара-бара қызады.

Арық аттың бабын тапсаң – тұлпар,
Күйкентайдың күйін тапсаң – сұңқар.

Әркімнің өз жүгі өзіне шақ.

Көшсе – артта;
Қонса – шетте.

Шеберіне қарай шәкірт


Ақымақ балташы орманға кірсе,
Ағаш біткен қалтырайды.

Орнын таппаған орынсыз қалар.

Өткелге жетпей етігіңді шешпе

Темір қақпасы бар тебенге зәру болмайды

Жаңқа да сүт қайнатады.

Аю тұрса алдыңда,
Ізіне түсіп не керек!

Сүрінбеген ат жақсы.

Көңілсіз құлақтан асар керең жоқ.

Тілек болса, білек те табылады.

Халықты үйрет те,
Халықтан үйрен.

Шеге тағаны сақтайды,
Таға тұлпарды сақтайды.

Тұлпар ерін сақтайды.
Ері елін сақтайды.

Ағын су арнасын табады.

Айқасқа түскен батыр ағасына жалтақтамайды.

Қолы іс білген қиналмас.

Олақ өзгеге сенсе,
Өнерлі өзіне сенеді.

Реті келмес іс жоқ.

Қыстың да, істің де соңы бар.

Алтын балта да ағаш шабар.

Азаптың зоры – жұмысы жоқтық.

Ауылдың тоқтығы түтінінен белгілі

Ор қазғанша қасыңа,
Үй салғайсың досыңа

Өнерлінің орны әзір.

Тоғанда жүзе білмеген,
Теңізде суға кетер.

Қасықтың сыбағасы қарымына қарай.

Елі күшті – селі күшті.

Есегіңді қолмен сипама,
Жеммен сипа.

Етікшінің дүниесі –
Бізі менен инесі.

Ыдыс бар күріш жоқ.

Балық аулап бақа алған.

Ине тесіп шығады.

Балалар бабалардан асып туар.

Жүрге жетеді.

Түзу ағаш тік тұрып тозады.

Кеме жасаған кебіс тіккенге сұқтаныпты.

Дәу түйең болса, дарбазаң да дәу болсын,

Қыр гүлінің қырда гүлдегені игі.

Жаба алмайтын есігіңді ашпа.

Екеудің жиғаны үшеуге жетеді.

Жөн білгенді жұмсасаң,
Жөн үйретпе.

Мұқтаждық – мың өнердің анасы.

Аяқ тілеген жеріңе ғана апарады.

Кесені өзі ұстай алмағанның шөлі қанбас.

Шапқылағанның бәрі бірдей шабандоз емес.

Ғалам адам үшін,
Адам ғалам үшін.

Жалқаудың тілі жарты құлаш.

Өнерлі түске дейін ашықса,
Олақ кеше дейін ашығады.

Түзу жүрген титықтамайды.

Суға түспеген жүзе білмес.

Дұрыс қаланған құламайды.

Гүлден ара бал жияды,
Жылан зәр жияды.

Сарқырамаған, сылдырамаған судан без.

Аузыңды ашқанша, көзіңді аш.

Ұзын тіл өмірді қысқартады.

Қазанда бары қалтадан белгілі.

Жол жолды қысқартады.

Кезінде берге кеңес пайдалы.

Елсізде тапсаң да, ел ішінде бақ.

Жолшыбай буынған белбеу
Жолда шешіліп қалады.

Ақылды бір жылғысын ойлайды
Ақымақ бір күнгісін ойлайды.

Кемеңгердің уайымы – көптің уайымы.

Іздеген инені иірімен де табады.

Өрекпіген бұлақ өзенге жете алмас.

Ер азамат еңбек үшін туады.

Көктемде еккенің күзде шығар.

Күз болғанша балапанды құсқа санамайды.

Арық қазбасаң, атызға су келмейді.

Бір жыл тұт еккен кісі – жүз жыл гауһар тереді.

Құлашыңа қарап кетпен шап.

Атаң мұрап болса да,
Арықтың басында бол.

Мәуелі ағашқа тас атпа.

Қырқында қолына қобыз алған,
Қияметте құлақ күйін әзер келтірер.

Өнерді үйренуге де өнер керек.

Сараңның бағы көгермес.

Көктемгі әрекет –
Күздегі берекет.

Алдыңнан аққан судың қадыры жоқ.

Білікті бір айтар,
Бір айтса да, нық айтар.

Жалқау істен түршігер,
Күлер жерде күрсінер.

Атылмаған қоян – асылмаған қазан.
Асап тоймаған жалап тоймайды.

Арбас сынды деп көштен қалма,
Басым ауырды деп істен қалма.

Арқан ессең бау болар,
Арба-шанаң сау болар.

Аттың даңқы жігіт қолында,
Жігіт даңқы өз қолында.

Білімсіз білмес, жөнге көнбес.

Балықты жүзуге, бұқаны сүзуге үйретпес болар.

Қайратты қатын қар үстінде қазан қайнатады.

Қолына кір жұқпағанның көңілі көр.

Уақыт уысыңда тұрмайды.

Бұлбұл қарғаның ұясында өссе де қарқылдамайды.

Көк шолағы жоқ болса да қамшысы бар.

Тау биік, талап таудан да биік.

Басы артық қармақ алмай балыққа барма.

Құрғақ қиял қол байлар.

Ұйқышының үйіне ұйқышы тап келер.

Еріншек ел жатқанша жуынады.

Тас құмыра тамшыдан толады.


Нақыл сөздер

Әркім өз уақытын еңбегінің көлемінен өлшегені – ең дұрыс жол. (В.Г.Белинский)

Тіршілік үшін тамақ қандай қажет болса, тән саулығы үшін еңбек те сондай қажет. (Д.Беллерс)

Еңбек ету дегеніміз – өзіңнің өскеніңді, шексіз бақыттылығыңды сезіну. (Джузеппе Верди)

Еріншектер бір нәрсені енді ғана қолға алғалы жүреді. (Л. Вовенарг)

Адамдар еркіндік алғанда ғана еңбексүйгіш бола алады. (Д. Дидро)

Бармағынан бал тамған шебер болғың келсе, бармақтайыңнан машықтан.

Біреудің қатесі – біреуге сабақ. (Рей)

Ешнәрсені кейінге ысырма: кейін, бәрібір оңайырақ болмайды. (Жан Поль)

Аштық еңбеккердің әйнегінен үңілгенмен, үйіне бас сұға алмайды. (Б.Франклин)

Білім – қазына қоймасы, оның кілті – практика. (Томас Филлер)

Жауапкершілікті сезінуден жан атаулы биіктейді. (Стафан Цвейг)

Жігер жоқ жерде жол тұйық. (Бернард Шоу)

Барлық мақал-мәтелдер

Денсаулық, спорт жайлы мақал мәтелдер

Табиғат туралы мақал мәтелдер

Әдептілік, адамгершілік туралы мақал және мәтелдер

Оқу, білім туралы мақал мәтелдер

Қазақша мақал мәтел (Ата-ана, әке-шеше, ұл бала мен қыз бала)

Ана тіл туралы мақал-мәтелдер

Қазақ халқының мақал-мәтелдері

Тіл туралы мақал-мәтелдер

Кәсіп, еңбек туралы мақал, мәтелдер

Отан, туған жер, ел туралы мақал-мәтелдер

Отбасы туралы мақал - мәтелдер
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×