Сайтқа кіру Тіркелу

Қыс, жаз туралы мақал-мәтелдер

Көліне қарай - қазы,
Қысына қарай - жазы.

Жазда жайлауды же,
Қыста қойнауды же.

Шаруа
Жазда жазылады,
Қыста қысылады.

Қыс азығын жаз жина.

Қыс арбаңды сайла.
Жаз шанаңды сайла.

Жаздың қамын қыс ойла,
Бір ойлама, үш ойла.

Жазда шөпті жинасаң,
Қыста мал азығы
Жазда сөкті жинасаң,
Қыста бала азығы.

Биік таудың басы қыс,
Баурайы жаз.

Қысың қарлы болса —
Жер семіз.
Көктемің жаңбырлы болса —
Дән егіз.

Жазда жанын баққан,
Қыста қыдың қаққан.

Қыстағы қар, жаздағы жаңбыр -
Жерге жауған нұр.

Шаруа жазда жазылар,
Қыста қысылар.

Қыс қысыл, жаз жазыл.

Малды қыс құмға,
Жаз шымға айда.

Үркерлі айдың бәрі қыс.

Қыстың көзі қырау.

Жаз сайға қонба,
Қыс қырға қонба.

Қыс аязымен,
Жаз самалымен.

Жаздыгүні жыланнан қорыққан,
Қысты күні ала жіптен аттамас.

Қыста — көмірші,
Жазда — темірші.

Қыстың демі —
Кедейдің кебіні.

Қыстағы алаудан
Көктемдегі шуақ артық.

Қыстың көркі – алау.

Бір қарға қыс әкелмес.

Қыс қарлата,
Дауылдата келсе,
Көктем көлдете,
Жауындата келеді.

Қыста қысыл,
Жазда жазыл.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×