Сайтқа кіру Тіркелу

Уақыт туралы мақал-мәтелдер

Жыл деген ат басын бұрғанша,
Ай деген аунап тұрғанша.

Заман айнасы — замандас.

Замандасы жоққа
Амандасатын адам табылмайды.

Заман түзелсе,
Жаман да түзеледі.

Ханның басын хан алар,
Қардың басын қар алар.

Кілемге бергісіз алаша бар,
Ханға бергісіз қараша бар.

Қойды құртаң бүлдіреді,
Елді сұлтан бүлдіреді.

Хан — қарақшы,
Халық — сарапшы.

Хан көп болса — жау көп,
Би көп болса — дау көп.

Ойында өрелік жоқ,
Ханында төрелік жоқ.

Хан сарайы демесең,
Қатын өсек қаптаған.
Қошеметшіл қу өңшең
Ханды ғана мақтаған.

Ханның ісі қараға түседі,
Бидің ісі параға түседі.

Басыңа іс түссе:
Бекке барма, көпке бар,
Бек беліңді сындырады,
Көп ісіңді тындырады.

Хан халықтан үлкен емес.

Ханның қызы шөміш ұстаса,
Қолы жауыр болады.

Айырдан туған жампоз бар,
Нар емес десең нанғысыз,
Қарадан туған жігіт бар,
Ханға күнін салғысыз.

Төренің тілі тәтті,
Діні қатты.
Тура биде туған жоқ,
Туғанды биде иман жоқ.

Би екеу болса,
Дау төртеу.

Әулекі би
Ат үстінен билік айтар.

Туғанына бұрғаны —
Биді құдай ұрғаны.

Уақытыңның босқа өткені —
Өміріңнің бос кеткені.

Әр нәрсе уақытымен қызықты.

Көңілі ояудың - көзі ілінбейді,
Уақыттың өткені білінбейді.

Уақыт – алтын.

Уақыты озған өңге,
Бояу жағу ұят емес.

Әр гүлдің иісі өз уақытында аңқиды.

Уақыт - көшкен керуен.

Уақыт тас екеш тасты да тоздырады.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×