Сайтқа кіру Тіркелу

Көз туралы мақал-мәтелдер

Көзі жоқ, құлағы саудың
Ақылы толады.
Құлағы жоқ, көзі саудың
Ақылы солады.

Көзбен көргенді
Құлақпен есіткен жеңген.

Жылайын деген баланың
Үш күн бұрын көзі қышиды.

Көз — нұрдың ұясы,
Көңіл — сырдың ұясы,
Сезім — жырдың ұясы.

Аяқ — арғымақ.
Қол — азамат.
Көз — жанат.
Сөз — қанат.

Өзі жоқтың — көзі жоқ.

Көзі қарайған там сүзер.

Құлақ есіткенді көз көреді.

Көзден кетсе, көңілден кетеді.

Көзің барда көргенің –
Көңіліңе тергенің.

Көз көрмей,
Көңіл сенбес.

Соқырдың тілегені екі көзі.

Жүректің сырын
Көздің нұрынан байқа!

Көзі көрместің
Көңілі сезбес.

Кенеуі жоқ кеудеге - сылдыратып сөз береді,
Ақылсыз басқа - бадырайтып көз береді.

Көз жетпеген жерге сөз жетеді.

Сол көзіңе, оң көзің қарауыл босын.

Қастағы сояу көзді аңдиды.

Мешкейдің өзі тойса да, көзі тоймайды.

Көңіл - қазы, көз - таразы.
Көз - бұлақ,
Көңіл - сынап.

Кісінің көзіне көзің түссе, мейірімі түседі.

Ақылы жоқ басқа, адырайған көз бітеді.
Дуасы жоқ ауызға, судыраған сөз бітеді.

Көзіне қарама, сөзіне қара.

Көргеннен көз ақы алады.

Шын жыласа соқыр көзден жас шығады.

Көңіл қартаймас, көз қартаяр.

Көз көруге тоймайды,
Құлақ естуге тоймайды.

Жорғаның тері кеппес,
Еркенің көз жасы кеппес.

Көз көргенді қол сезбейді.

Аталы баланың аузы ойнайды,
Атасыз баланың көзі ойнайды.

Патшаң соқыр болса бір көзіңді қысып өт.

Қараның баласына қазан менен сөз керек,
Төренің баласына әнші менен көз керек.

Өлерменнің көзі жаман.

Қаратаудай мал жиса да кісі көзі тоймайды.

Ат алсаң бойы менен басын ал,
Қатын алсаң көзі менен қасын ал.

Қарға көзін қарға шоқымайды.

Көзінің жасы көл болды.

Жасқаншақтың көзі сау.

Қылышыңды жауға шаппасаң,
Жүзі тиер өзіңе, ұшы тиер көзіңе.
Өзіндегі сұмды көрмей,
Көзімдегі қалды көреді.

Бір басқа - бір көз.

Айрылса да көзінен,
Айнымайды сөзінен.
Көрде де көзін жұмбайды.

Көзінің мың сұмдығын
Өзінің кірпігінен де жасырады.

Көзден жоғалған,
Көңілден де табылмайды.

Естіген құлақтан,
Көрген көз артық.

Соқырдың құдайдан тілейтіні екі көзі.

Өзіңді ұнатқанды
Көзің де ұнатсын.

Екі жүз көзден,
Екі іс артық.
Соқырдың ойы «Көзі бар көп асайды».

Кірпіктің көзге ауырлығы жоқ.

Көзден алыстаған,
Көңілден де алыстайды.

Көкке қарап түкірме, көзіңе түсер көбігі.

Ауыз жесе көзі ұялады.

Көзді сүзуге болады.
Құдай ұрған мұрынға,
Қандай шара қонады.

Құлақ естісе – көңіл біледі,
Көз көрсе – құмарлық келеді.

Көргенге көз тоймас.

Ауырған жерден қол кетпес,
Сүйген жерден көз кетпес.

Қасыңды түзетемін деп,
Көзіңді шығарып алма.

Қасықпен ас берген,
Сабымен көз шығарар.

Көзіңді жерден көтерсең,
Кеудеңді де көтерерсің.

Қасын түзеймін деп, көзін шығарып алды.

Артымды бөрі жесе де, көзім көрмесін.

Қалғып кетсең — көзіңе пайда,
Талғап ішсең — өзіңе пайда.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×