Сайтқа кіру Тіркелу

Төрт түлік туралы мақал-мәтелдер

Жаман қой ісегінде қартаяды.

Еркек қой бұралқы болмас.

Қасқырдың ойлағаны — арамдық.
Қойдың ойлағаны — амандық.

Есек мінген ат сұрамайды,
Балық жеген ет сұрамайды.

Атың барда – жер таны желіп жүріп,
Асың барда – ел таны беріп жүріп.

Теңге тиыннан өсер,
Жылқы құлыннан өсер.

Қой егіз тапса, шөптің басы айыр шығады.

Арық атқа жал бітсе, жанына торсық байлатпас,
Жаман адамға мал бітсе, қасына қоңсы қондырмас, қондырса да оңдырмас.

Жақсы қартайса да, ақылынан танбас,
Жаман ат қартайса да, жүрісінен танбас.

Жақсының қадірі өлгенде білінер,
Жақсы аттың қадірі мінгенде білінер.

Нар баласын қарпып сүйер.

Мал өсірсең қой өсір, өнімі оның көл - көсір

Малды бақсаң қойды бақ,
Май кетпейді шарадан.
Ит асырасаң сырттаннан
Қой бермейді қорадан.

Қойдың сүті — қорғасын.

Екі қошқардың басы
Бір қазанға сыймас.

Ісек қойдың басы үлкен,
Саулық қойдың жасы үлкен.

Ақсақ қой жатып семірер.

Семіздікті қой көтерер.

Жаман жасаққа жарамайды,
Желінсау қосаққа жарамайды.

Қарақұрт жесе
Қой семіреді.

Сүтсіз қой — маңырауық.

Қойға қоңырау жараспас.

Тәңір асыраған тоқтысын
Қасқыр жемейді.

Тоқты тоймас,
Шөміш кеппес.

Тоғыз қабат торқадан,
Тоқтышағымның терісі артық.

Ақсақ қой ауыл қасында,
Ия құдық басында.

Қойлы бай — қорлы бай,
Жылқылы бай — сылдыр бай.

Қойың саны мыңға жетсе,
Керегенің басынан бас кетпейді.

Қой семізі — қойшыдан.

Кәрі қойдың басы піскенше,
Тоқты қойдың басының
Арса - арсасы шығады.

Қой өлсе, қозы қалады,
Келер жылы өзі болады.

Аз қойда айран барда, өре жоқ.

Қой шелді болмай,
Төлді болмайды.

Арық қойда төстік жоқ.

Жетім қозы тас бауыр,
Түңілер де, отығар.

Қой көкпарға жарамас.

Қой алты күн аштыққа шыдайды.

Әркім өз қозысын қошқар қояды.

Ісі оңына басарда
Тоқты туып, шыбыш лақтар.

Қойлы бай — қорлы бай,
Сиырлы бай — сарымай.

Жетім қозы сүтке тоймас.

Қойдан қалған қозы
Қасқырға тап болады.

Аузы кіші, қарны әйдік,
Қой семірсе, көтерер.

Қой егіз туады:
Бірі қонаққа сойылады,
Бірі қошқар қойылады.

Қойды қорадан сатпа,
Аңды буазында атпа!

Егіздетіп төл өседі,
Еңбек етіп, ер өседі.

Семіз қозы пышаққа
Сұранып тұрады.

Қойдың басын құмға көм,
Сиырдың басын нуға көм,
Түйенің басын сорға көм.

Жетім қозы — маңырауық.

Төлге төл қосылса — егіз,
Көлге көл қосылса — теңіз.

Қойы көбейсе,
Қойшы таяғының құтты болғаны.
Қозы көбейсе,
Қойының сүтті болғаны.

Тойған қозыдай,
Ұйыған сүттей.

Жетім қозы маңырар,
Маңырар да отығар.

Жолдас боп өскен жора,
Жолдасын жолда қалдырмайды.
Берік боп салынған қора,
Қойын қасқырға алдырмайды.

Жетім қозы тез отығар,
Жетім бала тез жетілер.

Тайлы ауылда тоймаған,
Қойлы ауылда тояды.

Қойың болса,
Қора табылар.
Көңілің болса,
Жора табылар.

Пішенді салқында шап,
Қойды салқында бақ.

Қойдың басы сыйған жерге,
Денесі де сыяды.

Қырсықты қой,
Қыста қырқылады.
Әркім қолдағы барын,
Қошқар қояды.

Палуан болар баланың
Етек, жеңі кең келер.
Қошқар болар қозының
Маңдай жағы дөң келер.

Төлден мал өседі.
Шыбықтан тал өседі.

Қойшы қошқарын мақтайды,
Тентек шоқпарын мақтайды.

Семіз қой қыстан майын жеп шығады,
Арық қой жанын жеп шығады.

Тентек тойды бұзар,
Шартық қойды бұзар.

Кенже туған қозыны
Қошқар қоймайды.

Бидайды қуырған,
Қойды шұбырған құртады.

Боз қырауда бойыңды көрсет,
Көктем шыға қойыңды көрсет.

Қыс қойыңды қопалы жерге қыстат,
Жаз қойыңа жазық жерді жайлат.

Қойшыны таяғы асырайды,
Қасқырды аяғы асырайды.

Әкесі қой баға білмегеннің
Баласы қозы баға білмейді.

Ошақтан от қашты,
Қосақтан қой қашты.

Қойды қосақтау қиын,
Ағыту оңай.
Қалақты жасақтау қиын,
Тарқату оңай.

Тоғыз қойдың терісі
Тон шықпаған Толағай.
Жеті қойдың терісі
Жең шықпаған Толағай.

Кәрі қойдың жасындай жасым қалды.

Тұмса тұсақ қызғаншақ,
Тұмса бие құлынсақ.

Егіз қозыдай.

Қошқар соймай, қой сойсам,
Жасық дерсің.
Қой соймай, қошқар сойсам,
Сасық дерсің.

Күндіз қойын күтерсің,
Кешке жүнін түтерсің.

Қойы көптің — тойы көп.

Саулығың шелді болса,
Тұсағың төлді болар.

Қой жүрген жер береке,
Қыз жүрген жер мереке.

Қойым тоқ қорамда,
Қайғым жоқ боранда.

Қынына қарап, пышағын таны,
Қозысына қарап, тұсағын таны.

Жарлының жалғыз қозысы.
Қасқырға жем болады.

Тойсаң,
Тоқтының еті топырақ татиды.

Той өтті —
Қой бітті.

Қой — байлық,
Жылқы — сәндік.

Қойдай қоңыр,
Қозыдай момын.

Қой жайын көздесең
Құмға көш.
Сиыр жайын көздесең,
Сырға көш.

Астауда қалған суды
Арық қой ішеді.

Сиыр бақтым — сидаң қақтым,
Ешкі бақтым — еңіреп бақтым.
Қой бақтым — қоңыраулаттым.

Қой асығы демегін,
Қолыңа жақса сақа қыл.

Қой қозысын іздейді,
Шаруа қонысын іздейді.

Қошқарды күйегімен,
Киікті сүйегімен жұтады...

Айдай салдың малы өспейді.
Көре салдың қойы өспейді.

Жақсы қойшының
Төлі түлеп туады,
Жаман қойшының
Төлі жүдеп туады.

Жаман қой өршіл,
Жаман ат тершіл.

Ақсақ қойдың аузына
Жел айдаған қаңбақ түсер.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×