Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Әдеп туралы мақал-мәтелдер

Әдепсіз бала
Ауыздықсыз атпен тең
Ақылды кәрия
Жазып қойған хатпен тең.

Әдепті бала өсірсең,
Ауылдың абыройы.
Ақылды жігіт өсірсең,
Атырабыңның абыройы.

Әдепті елдің қыздары —
Қырмызы - қызыл жібектей.

Әдептілікті данадан үйрен.

Әдептіліктің белгісі иіліп сәлем бергені,
Жақындықтың белгісі көп кешікпей келгені.

Әдеп басы – тіл.

Әдеп пен құлақтың анасы – тіл.

Жаман қатын терісін жимайды да,
Жегізіп алып итті қинайды.

Әдепсіз жігіт жүгенсіз атқа ұқсайды.

Әдеп пен адамгершілік ана тіліңнен нәр алады.

Әдепсіз үйге кірме, әкімсіз елде тұрма.

Әдепті бала ата - анасын мақтатар,
Әдепсіз бала ата - анасын қақсатар.

Аға әдепті болса, іні әдепті,
Апа әдепті болса, сіңлі әдепті.

«Сіз» деген әдеп,
«Біз» деген көмек.

Әдепсіз өскен адамнан
Тәртіппен өскен тал жақсы.

Ұятсыз әйел – тұзсыз ас,
Әдепсіз жігіт – жүгенсіз ат.

Әдептің не екенін,
Әдепсіз адамды көргенде ұғарсың.

Өзек қуа ағады,
Өзен судың саласы.
Алыстан сәлем береді,
Әдепті елдің баласы.

Әдепті бала – арлы бала,
Әдепсіз бала – сорлы бала.
Кері қайту
Загрузка...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Мұқағали Мақатаев, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету